Тақырып. Қазақстан экономикасындағы халықаралық маңызы бар жобалар

Дәріс 9.

1. Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына мүше болуы

2.ЭКСПО -2017

Дәріс 10.

1. Евро одақ (ЕС)

2. Туризм сферасын халықаралық актілермен тұрақтандыру

 

Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы қазақша реферат

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен бәсекеге жарамдылығы үшін маңызды. Қазақстан халықарылық стандарттарға сәйкес болуы және халықаралық сауда жүйесіне барынша қатысуы тиіс. ДСҰ-на мүшелік – бұл сонымен қатар серіктестік және ынтымақтасу туралы келісімге (осы қатынастарды реттейтін негізгі келісім) және ЕО-тың Жаңа тәсіл директиваларына сәйкес Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.

Қазақстан ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті 1996 жылы берді. Осы үрдісті басқару үшін Индустрия және сауда министрлігі жанынан Жұмыс тобы және Ведомствоаралық комиссия құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на кіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, Сыртқы саудалық режим туралы меморандум әзірленген болатын. Көп тарапты келіссөздер (Қазақстанға деген елеулі экономикалық мүдделер бойынша он сегіз мемлекетпен) 1997 жылы Женевада басталды. Қазақстанның қалыпты сауда серіктестері (Ресей Федерациясы сияқты) де ДСҰ-ның мүшесі болуын көздегендіктен, бұл процесс қолайлы жағдайда өтуде. Мүшелік негізгі ұлттық басымдық ретінде қарастырылуда және ол Үкімет әрекеттерінің ресми бағдарламасына енгізілген. [2]

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұлттық заңнама, қолданыстағы өнім стандарттары, техникалық регламенттер мен сәйкестілікті растау рәсімдерінің арасындағы үйлесімділікті күшейту жөніндегі шараларды қажет етеді. Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға және Фитосанитарлық шараларға енгізілген. Осыған қол жеткізу үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға бағытталған реттеудің бұрынғы жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім стандарттарын қабылдау арқылы сәйкестендіруі және сәйкестілікті растау рәсімдерін қайтадан қарастыруы тиіс.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі іс – шаралар, жобалар

1999 жылы бекітілген Қазақстанмен Серіктесу және ынтымақтасу туралы келісімге сәйкес Еуропалық одақ экономикалық реформаларды күшейту жөнінде біршама жобалар мен тығыз экономикалық байланыстарға бастамашылық жасады. Осы жоба ДСҰ-ның және ЕО-тың айрықша талаптарына сәйкес болу үшін Қазақстанға құқықтық әрі техникалық көмекті қамтамасыз ету үшін әзірленді. Бұл өнім стандарттары мен сәйкестілікті растау рәсімдері бойынша ынтымақтастықты және оны іске асыру жөніндегі шаралардың күшейтілуін көздейді.

Жобаның негізгі серіктесі – Индустрия және сауда министрлігі, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет. Жоба командасы сонымен қатар Қазақстандық Стандарттау және сертификаттау институтымен және оның Ақпараттық орталығымен тығыз жұмыс істейді. Жоба осы тараптардың стратегиялық қажеттіліктеріне жауап беру үшін және барлық жұмысты нақты ұйымдастырып, олардың талаптарына сәйкес жүргізілуі үшін іске асырылатындығын атап өту абзал.

Осы жұмыстың негізгі мақсаттары, бұл:

Техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі осы заңнамалық ортаны ДСҰ-ның СТТ келісіміне және ЕЭҚ-ның тиісті заңнамасына сәйкес келтіру.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің, Қазақстандық Стандарттау институтының, ДСҰ Департаменті қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесін жақсарту және Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Ақпараттық орталығы мүмкіндіктерін арттыру.

Қазақстандық және Еуропалық Стандарттау, аккредитациялау, метрология жөніндегі органдар арасындағы кооперацияны күшейту.

Осы мақсаттарға жету үшін, жоба батыл шаралар орындауда, ол:

Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қолдау арқылы заңнаманың үйлесімділігін күшейту, қолда бар қосымша 34 заңдар бойынша түсініктемелерді қамтамасыз ету, 150 өнім стандарттарын қамтамасыз ету және 600 техникалық стандарттарға шолу жасау.

Адам ресурстарын дамыту және техникалық регламенттерді, стандарттауды, аккредитациялауды құру рәсімдері бойынша оқыту және нарықты бақылау арқылы әлуетті арттыру, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Стандарттау және сертификаттау институтының Ақпараттық орталығы (МемСтандарт) үшін тренингтер мен құрал-жабдықты қамтамасыз ету.

Ақпараттық кампаниялар мен БАҚ үшін нақты тұжырымдалған жолдаулар арқылы ДСҰ-ның мәселелері жөніндегі ақпараттылықты арттыру.

Тестілер мен сертификаттарды өзара мойындаудан пайда алу үшін стандарттау және аккредитациялау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жекелеген топтарына Қазақстанның қатысуын және мүшелігін күшейту, Салалық жұмыс топтарға ықпал ету және ақпаратпен алмасу.

Жобаның іс-шаралары заң жобаларының әзірленуін, реттеу жүйесінің реформасы жөніндегі ұсыныстарды, техникалық-заңдық семинарлар ұйымдастыруды, ЕО-тың Директивалары мен техникалық стандарттар сияқты маңызды материалдар алуды, дербес және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша оқытуды, халықаралық қарым-қатынастардың күшейтілуін және оқыту сапарларын ұйымдастыруды қамтиды.

Еуропалық кеңес 1 миллион евро сомасында жобаны қаржыландырады. Оның іске асырылу кезеңі – 2005 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы шілдеге дейін. Еуропалық кеңестің Жобаға арналған техникалық көмегімен Қазақстан тез арада Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік жөніндегі белгілі бір негізгі талаптарға сәйкестікке жауап беретін болады және халықаралық сауда жүйесімен бірігеді.[5]

Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі ( SWOT-анализ).Мүмкіншілігі Қауіп

1. Ірі державалармен өз тауарларын сату арқылы қарым-қатынас орнату/жоғары деңгейде/.

2.Аграрлық бағыттан қайта өңдеу бағытына ауысуға мүмкіндік.

3. Шетел мемлекеттерімен тәжірибе алмасады, кадр-лық мүмкіндіктер береді.

4. Жаңа техника және технологиялар алу.

5. Нақты бағалық саясат.

6. Инвестицияның тартылуы.

1. Сапасыз тауарлардың нарықты жаулауы.

2. Шекараның ашық болу нәтижесінде көлеңкелі экономиканың дамуы.

3. Миграциялық жағдайдың орын алуы.

Басымдылығы

1. Шикізат толық қамтылған.

2. Қолайлы орналасу территориясы.

3. Өте жоғары қарқынмен дамуы.

4. Тұрақты саяси жағдай.

Әлсіздігі

1. Қайта өңдеу саласының деңгейінің төмендігі.

2. Теңізге шығу жолының жоқтығы.

3. Кадрлық әлсіздік.

4. Технологияның көнерген ахуалда болуы немесе жоқтығы.

5. Экономикалық жүйенің жоқтығы.

 

 

Интеграциялық үрдістердің дамуы халықаралық тауар және оларды өндіру факторларының қозғалысының өсуінен туындаған заңды құбылыс болып табылады. Интеграциялық үрдістің дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді өндіріс байланыстарын құруды және өндіріс факторларының қозғалысы мен халықаралық саудаға кедергі жасайтын жағдайларды жоюды талап етті. Мұны тек қана көпжақты саяси келісімдер негізіндегі мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жүзеге асыру мүмкін болды.

Жиырмасыншы ғасырдың соңында экономикалық және технологиялық дамудың негізгі үш әлемдік полюсі пайда болды, олар – Солтүстік Америкалық (НАФТА), Батыс Еуропалық (ЕО) және Азия-Тынық мұхиты аймағы. Әлемде макроэкономикалық кәрсеткіштер бойынша екінші орынды иемденетін Жапония, абсолюттік экономикалық қуатқа ие АҚШ-тан кейін тұр. Батыс Еуропада біріккен Германия көшбасшы қатарында орналасқан.

Әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі ерекше – Еуро Одақты айтсақ болады. Еуро Одақ - әлемдік саясаттың негізгі тарапы болып табылады. Бұл зерттей жұмысында Еуро Одақтың даму кезңдері мен біртұтас еуропалық валютаның қалыптасуы, дамуы және мәселелері қарастырылады.

 

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Еуропаның валюталық одағының жаңа ақша бірлігі, сөзсіз әлемдегі маңызды оқиға болды. Экономистер арасында әлі күнге дейін бқл қадамның қаншалықты дұрыс екендігі жайында даулар толастамай отыр.

Мемлекеттің экономикалық саясатындағы қандай да болмасын өзгеріс оң және теріс салдарларға ие болатыны белгілі. Көптеген мемлекеттер саясатындағы мұндай өзгеріс табиғи өзгерістермен қатар тосын өзгерістерге де әкелмей қоймады.

Қазіргі таңда енгізілген еуропалық валютаның бүкіл Еуропаның дамуындағы маңызды кезең екені анық. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді. Өз кезегінде, еуроны – біртұтас халықаралық валюта десек те болады.

Еуропалық Одақ – Еуропалық континентте орналасқан интеграциялық бірлестік болып табылады. Еуро Одақ жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люсенбург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Филиандия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы құрылған. Еуропалық Одақ Еуропалық қауымдастық атап айтқанда Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің 1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізінде қаланды, Еуропалық экономикалық қауымдастық, 1957жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым " ортақ рынок" деп те аталады, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаты Бірегей европалық актіде ( 1987), Мастрик келісім-шартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:

1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.

2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру

3. Бірегей сыртқы саясатқауым саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру.

Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығыаймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.

1999 жылы 1 - ші қаңтардан бастап алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Белгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксенбург, Нидерланд, Португалия, Филиандия/ есеп айырысу операцияларытепе -теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро / 1996 жылға дейін экю/ валютасын енгізді.

Еуропалық Одақ жалпы органдармен, институтардың қатарына еуропалық комиссия, еуро парламент, еуро одақ кеңесі, еуропалық қауымдастық, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік аймақтар жөніндегі комиссия жатады. Еуропалық Одақ 1995 жылдың қаңтарында еуропалық одақ комиссиясының штаб пәтері орналасқан Бруссельде. Еуропалық Одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде көмек көрсетеді.

Еуропалық Одақ / ЕО/ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақ / ЕО/ тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шығырланған, ғылыми- техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орынды алады.

Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу , еропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болыуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Бруссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды.

Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаиты оның әлемдегі экономикадағы ролімен және Еуропаның 15 дамыған елдері кіретін бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады. Еуропалық Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда орталығы.1999 жылы біздің еліміздің Еуропалық Одақ мемлекеттерімен сауда айналымы 2,2 млрд долларды құрады. 2000 жылы Еуропалық Одақ / ЕО/ елдерімен сауда көлемі 3 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт - 2 млрд жуық доллар, импорт - 1 млрд доллар.

 

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1787;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.