Дәріс. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы
Шет елдегі әлеуметтік жұмыс туралы жазғанда әдетте батыс еуропа елдері АҚШ пен Канада жайлы болады. Дегенмен, әр елде әлеуметтік жұмыс, түрлі формалары мен, әртүрлі ұсыныстарымен, тиімділіктерімен ерекшеленіп жүргізіледі.Мысалы, Америка құрама Штатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің айрықшалылығы оның бөлшектенуінде. Бұл әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың түрлі деңгейлерінің саны жүзеге асуынан байқалады: федералды, шататтық, жергілікті. Осы жүйенің артықшылығы, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін елдің әрбір аймағында толық және оперативті жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің 2 негізгі формасы болып табылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық әртүрлі қаржылану көздерінде. Сақтандыру қорлары жұмысшылар салықтарының есебінен (жалақыдан пайыздық үлеспен), кәсіпкерлерден (жалақы төленетін қордан пайыздық үлеспен), және еркін мамандардан, дәрігерлер, діни қызметкерлер және т.б. (табыстың 14% -нан жоғары) мемлекеттік, штаттық және жергілікті билік органдарының қаржы бөлу қорларының есебінен.1935 жылы АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру Заңы бойынша сақтандырудың екі түрі қабылданды – қартаюы бойынша зейнетақы және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы кейбір кедей категорияларға (ең бірінші кезекте мүгедектер және жетімдер) көмек көрсету шаралар кейін біртіндеп – асыраушысынан айырылуы бойынша бойынша зейнетақы, жұмыссыздық бойынша, жәрдемақылар (өндірістік жарақаттармен байланыссыз), 65 жастан жоғары адамдарға медициналық сақтандырулар қабылданды. Көрсетілген заңның күші жеке меншік секторларының қызметшілеріне де қатысты. Темір жолшылар, федералды азаматтық қызметкерлер үшін әлеуметтік сақтандырудың ерекше жүйесі қалыптасқан. Сонымен қоса, ауылшаруашылық жұмысшылары, шағын кәсіпкерлер және тағы басқа еңбек етуші категориялар мемлекеттік сақтандырумен қамтылмаған.Штат деңгейінде жалпы федералдық бағдарламадан басқа өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру жағдайларына байланысты сақтандыру түрлері бар. Компенсация (өндірістік жарақат бойынша, қайтыс болу және т.б.) жалақының 2/3 бөлігін құрайды, және ол (компенсация) жеке сақтандыру компенсацияларымен төленеді. Кедейлерге көмек көрсетуге келетін болсақ, ол елде ХХ ғ. 60-шы жылдарында таралды, және де ол кепілденген табыспен қамсыздандыруға азық-түліктік, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж балалы отбасыларға және толық емес отбасыларға (отбасы басшысы әйел немесе жұмыссыз адам) қолдау көрсетуге бағытталған.АҚШ- тағы мемлекетпен кепілденген табыс «кедейшілік шегіне» сәйкес. Ол жүйелі түрде инфляция деңгейі есебінен реттеліп отырады және де штаттардың бюджет қорларының есебінен ұлғая алады.Азық-түлік көмегінің басты жолы мұқтаж адамдарға азық-түлік талондарын берумен жүзеге асырылады. Оларды «Кедейшілік шегі» табысының 125% -нан аспайтын табыс көзі бар адамдармен отбасылар алады. Талондар оларға тегін немесе төмен бағамен беріледі. Азық-тұлік көмегінің басқада түрлері – мектеп шығындары, 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға көмек және т.б.АҚШ-та тұрмыстық субсидиялар (жәрдем ақша) төмен табысты отбасыларға беріледі, оның көлемі отбасына шаққанда жылына орта шамамен 2000 долларды құрайды.Елдегі мемлекеттік сақтандыру жүйесі жеке сақтандыру жүйелерімен толықтырылады, оның екі түрі бар – жұмыс орны бойынша ұжымдық және индивидуалдық.Елдің көптеген жұмыскерлері үшін маңызды мәні бар. Жеке зейнетақымен қамсыздандыру жүйесімен 40 миллионға жуық жұмысшылар мен қызметкерлер, кәсіподақтар, ұйымдаспаған жұмыскерлер мен қызметкерлер жарналарынан жиналады. Басқа мемлекеттердегі сияқты, АҚШ-та да қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар. Осылайша, ХХ-шы жүзжылдықтың, 80-ші жылдарының бас кезінде үкімет зерттеулері көрсеткендей, әрбір үшінші қарттар үйін қажетті қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сай болмай шықты. Мұның себептерінің бірі: көптеген қарттар үйі жеке иеліктерде орналасқан. Сондықтан мемлекет олардың қажеттіліктерін лицензиялау мен инспекциялауға (тексеруге) мәжбүр.Американдық зерттеушілер көрсеткендей, тағы бір мәселе – қарт американдықтар (халықтың 12%) денсаулығына барлық ұлттық шығынның үштен бірі кететіндігі. Ал 30 миллионнан астам жасырақ азаматтардың денсаулық қамсыздандырулары жоқ. Сондықтан аға буын өкілдері не кететін шығынды (ол шын мәнінде қажет) тағы да көбейтуге талпыныс ұрпақтар арасындағы тартысты тереңдетуі мүмкін, ал бұған жол беруге болмайды.Елде балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыста қызықтар аз емес. Әлеуметтік көмектің арнайы мекемелері балаларға (аз қамтамасыз етілген жанұяларға тегін) мынадай қызметтер көрсетеді: ата-аналарды кәсіби оқытуға арнайы топтар ұйымдастыру, жұмысқа тұруға көмек көрсету; күндізгі және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-аналардың балаларына қарауды қамтамасыз ету; қалалық денсаулық орталықтарында, тұрмыс құрмаған аналарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және инспекциялау, асырап алушы жанұямен жұмыс, баланың жаңа жанұяға бейімделуін бақылау; балалардың білім алуларына әлеуметтік көмек көрсету ата-аналарына үй шаруашылығын жүргізуге көмек көрсету қызметтерін дамыту және т.б. Мұндай қызметтер белгілі ақыға басқа жанұяларға да көрсетіледі. Төтенше жағдайларда қызмет орындары жанұя табысының деңгейіне қарамай, балаларға қамқорлық жасауды міндетіне алады. Балалар әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселелері де кіреді.Әлеуметтік қызмет ақылы кемдерге психиатриялық ауруханалар мен интернат үйлерімен қатар, мамандандырылған стационарлық пен диспансерлік (емханаларда) және де амбулаториялық көмек көрсетеді.. Әсіресе, кәмелетке толмағандар мен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.АҚШ-та, басқа жа батыс мемлекеттеріндегідей, үйлері жоқ және үйлерінен қашып кеткен балалармен мынадай жұмыс жүргізіледі: баспаналар (жетімхана) мен жатақханалар қызмет жасайды; жеке және топта кеңес беру жұмыстары жүргізіледі, баланы жанұяға қайтару мақсатында ата-аналармен сұхбат жасау; балалармен қайта табысқан жанұяларға көмек көрсетіледі, және т.б. Сондай-ақ, жас қашқындарға тегін қызмет көрсететін, сенім телефондары» жұмыс жасайды.Кәмелетке толмаған заң бұзушылар мен «тәуекелшілер тобы» жасөспірімдерімен әлеуметтік жұмыс бірқатар бағдарламалар негізінде құрылады: полицияның базалық бағдарламасы (олар, негізінен, кәмелетке толмағандарды тарту мақсатында полициялық атлетикалық клубтары қызметін қарастырады); кәмелетке толмағандар істері соттарының базалық бағдарламасы (олар, ең бастысы, меңзелгендерді ақтауды көздейді); мектептердің базалық бағдарламасы. Соңғысы екі топқа бөлінеді: қалыпты және қиын, сотталған жасөспірімдерге бағдарламалары.1967 жылы құрылған жастардың әлеуметтік қызмет бюросы делдал қызметін атқарады және қызмет көрсету ұйымдары жұмыстарын кәмелетке толмағандар сұраныстарына сәйкес келетіндігін білу мақсатында бақылау жасайды. Мұндай кейбір бюролар (мысалы, Калифорнияда және басқа штаттарда) өздері қызмет көрсетеді.АҚШ-та түзету мекемелерінің екі категориясы бар: жабық бостандықтан айыру орны және жабық тәрбие мекемелері. Жасөспірім шартты түрде сотталған кезеңінде оған тәлімгер тағайындалады.Қамауға алу орындарында да әлеуметтік жұмыс жүргізіледі. Егер толық емес жанұямен әлеуметтік жұмысты алсақ, онда мемлекеттегі «әріптессіз ата-аналар» ұйымына біріккен қолдау топтары мен өзара көмек топтарының кеңінен дамуын адамды біріктіреді, олардың көбі- (65%) қоғамның орта қабатындағы ажырасқан әйелдер. Әлеуметтік-аймақтық қоғамдастық деңгейіндегі қолдау топтары 12-15 адамнан тұрады. Көрсетілген топтар жұмыстарының басты бағыты – педагогикалық тәжірибе алмасу, демалыс күндері мен демалыстарды өткізуге көмек көрсету, түрлі мәселелерді шешуде заңгерлік көмекті ұйымдастыру және т.б.Америка қоғамының маңызды мәселелерінің бірі мемлекеттік нәсілдік пен аз ұлттықты (этникалық азшылық) әлеуметтік қорғау болып қала бермек. Бұған әлеуметтік өмірдің төмендегі сатысында тұрғандар жатады, олар, негізінен алғанда, қара нәсілді американдықтар, латиноамерикандық және азиаттық американдықтар.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2880;