лекция. Егемен Қазақстанның саяси дамуы
1. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қатнастар жүйесінде егеменді мемлекет ретінде
2. Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері
мақсаты:Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу.
міндеттері:Мәтінге қосымша белгілер жасап кейбір қорытындылар жасау
1. ХХғ аяғына қарай жаңа тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа саяси жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік тәуелсіздіктің басты атрибуттарына ие болды. Олар - толық шексіз суверенитет, республиканың территориялық бірлігі, республикалық азаматтығының бар болуы және құқықтық жүйе, өзінің мемлекеттік рәміздер және т.б.Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қарай конституциялық эволюциясын басынан бастап көрсету үшін мына өлшемдерге сүйенуге болады:
- Конституциялық – құқықтық реттеу объектісінің дамуы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін қоғамдық қатынастардың даму барысында индустриалдық кезеңге өтуі, сондықтан егемендік идеясының маңыздылығын түсініп, оны талдап ету қажет.
- Конституциялық құқықтық қатынастардың іс жүзінде пайда болуы.
- Қазақстанның бірынғай территориалдық бүтіндік ретінде конституциялық - құқықтық субъектілігін институцияландыру және ережелер арқылы бекіту.
1991 жылы Кеңес одағының тарқалуымен суверенитетті шектейтін факторлар толық жойылды. Соған байланысты Қазақстанның ТМД-ға кіргеннен кейін суверениет шектейтін факторлармен байланысты емес. Құқықтың мемелекеттегі билік бөліну принципі қазіргі Ата заңда бекітілген.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілір толық жойылып еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палаталы Парламент құрылды, Үкіметтін ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.
Еліміздің Ата заңында егеменді мемлекет құру туралы тұжырымдалған негізгі қағидалары мен бағыттары, ерекшеліктері бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясында мынандай түйінді мәселелер көтерілген. Атап айтқанда, біріншіден, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде еркіндік, теңдік, бейбіт сүйгіштік мұраттарына берілген азаматтық негізіндегі мемлекет орнатады делінген, екіншіден, біздің ел – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, біртұтас (унитарлық) мемлекеттер қатарына жатады. Үшіншіден, Ата Заңымыздың негізіне енді, бұрынғыдай мемлекет емес, халық, адам (жеке тұлға) алынып отыр, яғни мемлекеттік биліктің басты қайнар көзі-халық деп көрсетілген (3 бап). Төртіншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі (7 бап). Яғни, Ата заңымызда азамат, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастар шын бейнесін тапқан.Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі 3 млн. шаршы км-ге жуық, оның мемлекеггік аумағы (Ресей Федерациясын қоспағанда) бүрынғы 13 одақтық республиканың тұтас алғандағы жер көлемінен әлдеқайда көп. Біздің аумағымыз — бес Францияның немесе он Англияның аумағына сәйкес келеді. Табиғи ресурстардың қоры жағынан да Қазақстан Республикасы алғашқы орында тұр. Ал халықтың орналасу жиілігіне келетін болсақ, I шаршы км-ге орташа 6 адамнан келеді. Бұл басқа мемлекеттерден әлдеқайда төмен, мысалы, Англиямен салыстырғанда 5 есе.
Қазақстан Республикасының аумағында І20 ұлттың өкілі еңбек етіп, елдің болашақ іргетасын қалап жатыр. Жергілікті ұлт өкілі қазақтар — Қазақстан Республикасының 17 млн-нан тұратын халық санының жартысын — 43,2 процентін қүрайды. Ал қалған қазақстандықтарды орыстар (36,4 процент), украин (5,2 процент), неміс (4,1 процент), өзбек (2,2 процент), татар (2 про-цент) және ұйғыр, корей, әзірбайжан үлтының өкілдері (0,6 — 1 процент аралығында) құрайды. Бірақ олар Қазақстан аумағында біркелкі орналаспаған. Бұл, әсіресе, жергіліті ұлт — қазақтарға байланысты: қатты сезіледі. Сондықтан осындай алуан турлі ұлт мүдделерін мемлекет тарапынан үйлестірудің қиындығы, елде ұлттық жөне азаматтық теңдіктің сенімді кепілдіктерін қалыптастыру, сонымен қатар тарихи тұрғыда қалып-тасқан аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігі Қазақстан қоғамының мемлекет басшысының жалпы халықтық сайлануы мен өмір кеңістігінің қарапайым құрылысын талап етеді.
Ішкі ұйымдасудың бірлігі мен Қазақстан аумағының саяси бөлшектенбеуін көрсететін қарапайым біртұтастық қана алдағы уақытта (бүгінге дейін кызмет етіп келеді) ұлтаралық қатынастың әлеуметтік түрақтылығы мен үйлесімділігінің, барлық азаматтардың ұлттық беделін қорғаудың экстерриториялығы мен тең қүқығьн қамтамасыз етудің шарты болуы мүмкін. Президент басқарып отырған Қазақстан мемлекетінің унитарлы тұтастығы оның көп ұлтты сипаты мен ұлан-байтақ аумағына елдің алдағы дамуының қайнар көзіне айналдыруға қабілетті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 бабы 3 пунктіне сәйкес халық қолындағы билігін тікелей (тура немесе тікелей демократия арқылы: республикандық референдум және еркін сайлау жолымен) және өзінің сайлаулы өкілдері арқылы (өкілді демократияның институттары: мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы) жүзеге асырады. Сонымен қазіргі Қазақстан Республикасында халықтық егемендіктің әр түрлі ұйымдық нысандары жүзеге асырылады.
2.Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:
— мемлекеттік мүддені қорғау;
— елімізде экономикалык, реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
— әлемдегі барлык елдермен теңқұқықты және серіктестік катынастарды дамыту;
— ғаламдық және аймақтык, интеграциялык, процеетерге бел-сене катысу;
— халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету.
Казақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын үлтгық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мүның жаркын дәлелі — Казақстан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық қүқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол коюы және Ядролык қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бүған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" кол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу. АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген кауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы үйымдарына — Халыкаралык, валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалык, қайта қүру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалык. Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық үйымында белсенді түрде жүмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы — ұлы Абайдың 150 жылдык. мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.
Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялык қатынастар орнатылды.
Қазак,станның сыртқы саясатының негізінде өзіндік қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялык, тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыкка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халкының кұкықы мен бостандықтарын қорғауга қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарынын негізінде таяу және алыс шетелдердін бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ыкылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қнаа қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і казақ даласында өсіріледі. Мүның бәрі шетеддерді қызыктырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда.
Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бүл саладағы негізгі мақсат— Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін корғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялык, шабуыл қаруын кыскартуды жақтайды, жаппай кырып-жоятын карудың баска түрлеріне тыйым салуға бағытгалған бастамаларды дұрыс деп табады.
Сайып келгенде, Қазакстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде калыптасты және әлемдік коғамдастықтың толык құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі, достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар, республикамыздың халыкаралық деңгейде мүдделі болып отырған, көкейтесті мәселелері — қарусыздану және халыкаралык қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті колдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құкықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, кұқыктык, қоғам орнатуына сеніміміз мол.
Әдебиеттер.
1. Жамбылов "Саясаттану". Алматы, 2002 ж.
2. Дидахмет Әшімханұлы "Санадағы шырмауық". Тағы да идеология туралы (Түркістан 2003 ж. 15 мамыр).
3. Т. Омаров "Саяси сана және қоғам". Саясат. 2003 жыл. №2.
4. Д. Жамбылов "Саясаттану негіздері", Алматы, 2000 жыл. Оқу құралы.
Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 2895;