Лекция. Саяси процесс және сайлау

1. Саяси процесс ұғымы, мәні.

2. Саяси процестің жіктелуі.

3.Саяси процеске қатысу түрлері.

4. Сайлау технологиясы

Сабақ мақсаты:Саяси биліктің негізгі әлуеметтік субьектілерін, саяси лидерлік, саяси элита, саяси жетекшілік, түрлерін және олардың жіктелуін, Ф.Ницше, М.Вебер саяси жетекшілік туралы типологиясын, Қазақстандағы саяси элита, ұлттық элита мәселелерін талқылау.

міндеттері:Топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасын­да түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты бо­лады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т. б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т. т. да солардың іс-қимылдарымен айқындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондыктан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т. т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат танылады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т. т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұкият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс — күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан,жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

Саяси-басқарушылық шешімдерді кабылдау және жүзеге асыру.Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың,бірлестіктердің кажеттіктері, мақсаттары сан килы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық карсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек.

Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау.Оған са­яси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың,элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі.

Сонымен, саяси процессдеп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның сая­си өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.

2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.

Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.

Жасырын туріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орта­лықтың ығына жүруге мәжбүр болады.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді.

Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзак уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т. с. с. әлеуметтік кикілжіндер себеп бола­ды

3.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауга қатынасу, Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады, Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немёсе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп түрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапа-йым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін қүшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады. Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған кеп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары кайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермелеушілік, ұстамсыздық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдастырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру (демонстрация) — белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліқтің әрекетін қол­дау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл — саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізғі себебі көбіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т. б. Ереуіл күрес жүргізушілердің ақырғы амалы болып табылады.

Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т. с. с. болуы мүмкін.

Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси ин­ституттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т. с. с. себеп болуы мүмқін.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне және т. б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі—оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып та­былады.

3.Бүгінде сайлау технологиялары — мұкият талдап жасалынған және дүние жүзіне нақты қолданылатын саяси технологиялардың біртүрі. Іс жүзінде тоқтаусыз жүріп жататын белгілі бір денгейдегі билік органдарына сайлаулар откізу процесі оларға дайындық жасау немесе өткен сайлаулардың нәтижелерін зсрделеп, ой елегінен өткізу сайлау науқандарын ғылыми жағынан қамтамасыз ету және оны өткізу жөніндегі тиісті кызмет түріне деген тұрақты сұраныстар нарығын қалыптастырады.

Сайлаулар арқылы атқарылатын әр түрлі қызметтер мен қызмет орындарының саны тым көп. Сайлау лауазымдық қызметтердің көпшілігін алмастыратын тетік ретінде мемлекеттің бүкіл денгейің - орталықтан жергілікті деңгейге дейін, елдің президентінен немесе үкімет басынан жергілікті басқару басшыларына дейін камтиды .

Бүл жерде мына жағдайды атап айткан жөн: сайлаулар қазіргі демократиялық қоғамдардағы саяси процестің ажырамайтын кұрамдас бөлігі болып табылады. Олар үлкен саясатқа алғаш қадам жасайтын адамға парламенттің депутаты, губернатор немесе елдің президенті болу мүмкіндігіне жол ашады. Сонымен катар сайлау кезінде карапайым азаматтарды белсенді саяси өмірге тартады. Олар өздерінің мәнін, өмірдегі орнын, жоғары мемлекеттік органдардың жеке кұрамына ыкпал ету мүмкіндіктерін сезіне бастайды.

Осы нормалардың жиынтығы сайлау алдындағы күреске бүкіл қатысушылар іс-кимылының белгілі бір мәнін ашады, оларды бірыңғай сайлау тәртібі шеңберінде әрекет етуге ұмтылдырады. Әрбір елде осы елдердің тарихи, мәдени, саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан сайлау нормаларының өзіндік ерекшеліктері болатынына қарамастан, сайлау жүйелері және олардың түрлері туралы айтуға мүмкіндік беретін кейбір ортақ принииптер бар. Әр сайлау жүйесінің нендей бір сайлау технологпяларын қолдануға катысты өз ерекшеліктері болады.

Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ережелердін, әдістер мен проиестердің жиынтығы.

Осыған байланысты сайлау жүйесін кең мәнде де, тар мәнде де түсіну керек екенін айту керек. Сайлау жүйесі кең мәнінде қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Осы қатынастар аркылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Ал тар мәнінде сайлау жүйесі - депутаттык мандаттарды кандидаттар арасында сайлаушылардың дауыс беру нәтижелеріне карай бөлу әдісі. Сайлау жүйелері сан алуан, соған карамастан оларды негізгі үш түрге бөлуге болады. Бүл - пропорциялык жүйе, мажориторлык жүйе, аралас жүйе.

әдебиеттер

1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003.

2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003.

3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003.

4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971.

5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997








Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 3859;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.