Лекция №6. Саяси тәртіп

1. Саяси тәртіптерді жіктеу негіздері.

2.Тоталитаризм. Авторитаризм. Демократия

Мақсаты:Саяси тәртіптерді жіктеу ерекшеліктерін анықтау, түрлерін салыстыру

Міндеттері: Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі.

Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құқрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік берледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саясат мәселелері ашық талқынады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқытар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.

Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады.

1. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады.

2. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргузілуі жеткіліксіз.

3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады.

Демократиялық тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.

Антидемократиялық тәртіп толталитардық және авторитарлық болып бөлінеді.

Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Ащаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық позициялық бақылау орнайды.

Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Биліктің сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылыұты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді.

Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламен жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте, бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, кұштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол партия процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды.

Тоталитарық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көші әр елде әр түрлі өтеді. екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонида буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Қазіргі Шығыс Еуропа елдері мен бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту басырында Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосылады.

Демократия деген сез гректің "демос"— халық және "кратос"~- билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сөйкес көзқарастар.

 

Әдебиеттер:

1.ЖамбыловД."Саясаттану негіздері"-А.:1998ж. 56-65 бет.

2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.72-88 бет.

3.Крімбеков О.К. " Саясаттану негіздері" -А.: 1994ж. 39-50 бет.








Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 4884;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.