Машинаның сенімділігін зерттеу әдістері

15.1.1 Негізгі терминдер мен анықтамалар

 

Машинаның сапасын анықтаудағы маңызды мәселелердің бірі оның сенімділігі. Сенімділік деп машинаның өзіне міндетті жұмысты орындайтын қабілетін сипаттайтын параметрлерінің өз маңызын тиісті мерзімде сақтауды айтады. Қай салада болмасын машинаның сенімділігін арттыру, бұйым сапасын жақсартуда өте манызды роль атқарады. Машиналардың тұрып қалуы, әсіресе апат себебімен, жөндеу жұмыстары кезінде тұрып қалуы, өндірісті көп шығынға ұшыратады. Бұл жағдай әсіресе шикізаттан өнім алу; процесі тізбектеліп жалғанған аппараттар арқылы өтетін химиялық-технологиялық схемада жиі кездеседі. Бұл схемада бір аппараттың жұмысы қалған аппараттардың жұмыс істеу мүмкіндігімен тығыз байланысты.

Машиналардың сенімділігі автоматтандыру деңгейін жоғарылатуды, жөндеу жұмыстарының және бос тұрып қалудың шығындарын азайтуды, адам өміріне қауіп тудырмауды қамтамасыз етеді.

Жұмыс қауіпсіздігі мен еңбек сапасына байланысты әлеуметтік маңызы бар мәселе болып саналады.

Сенімділік теориясында мынадай терминдер қолданылады:

– жұмысқа қабілеттілігі-техникалық құжаттарында көрсетілген параметрлер бойынша міндетті жұмыстарын орындау қабілеті;

– ақаулық (неисправность)-техникалық құжаттарында көрсетілген талаптарды орындай алмауы;

– тоқтап қалу (отказ)-жұмысқа қабілеттілігін толық немесе жартылай жоғату, тоқтап қалу кейбір бөлшектердің өз міндетін орындамауына және кейбір парматерлердің шектен -тыс өзгеріп кетуіне байланысты.

Тоқтап қалудын кездейсоқ және жүйелік деген екі себебі болады. Кездейсоқ себептерге күштің күтпеген жерден өсіп кетуі, материалдың мүкістігі, кызмет етушілердің қатесі т.б .жатады. Жүйелік себепке бірте-бірте бұзылуға әкеліп соғатын заңды құбылыстар (үйкеліс, тозу. металл қажуы, қоршаған орта т.б.) жатады.

Осы себептерге байланысты тоқтап қалудың кенеттен тоқтау (сыну), бірте-бірте тозып кенеттен тоқтау (қажып бүзылу) және әбден тозып тоқтау (үйкеліс,коррозия) деген түрлері болады. Күтпеген жерден болғандықтан, кенеттен тоқтау қауіптірек болады.

Машиналардың тоқтап қалуына оның жасау технологиясын бұзу және машинаның дұрыс пайдаланылмауы да себеп болады.

Машинаның сенімділігі оның мынадай қасиеттеріне байланысты:

Тоқтаусыздығы- белгілі бір мерзімде жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз сактау. Бұл қасиеттің адам өмірі мен автоматтық желілердің қауіпсіздігін сақтауда маңызы өте зор.

Бұзылмайтындығы - техникалық күту және жөндеудің белгілі жүйесінің арқасында өзінің жұмыска кабілеттілігін ұзақ уақытта сақтау қасиеті.

-жөндеуге ыңғайлылығы -машинаның тоқтау және бұзылу себептерін анықтауға, жұмыс қабілеттілігін сақтауға және қайтадан қалпына келтіруге қолайлы жоғалтпайтын қасиеті:

-сақталушылығы - тоқтаусыздық, бұзылмайтындық, жөндеуге ыңғайлылық қасиеттерін қоймада көп сақтағанда да, тасымалдағанда да сақтау қасиеті.

Машишаның тоқтаусыз жұмыс істеуі тоқтаусыз жұмыс істеудің ықтималдығы мен берілген жұмыс істеліп біткенше тоқтамайтындығынын ықтималдығы арқылы анықталады.

Тоқтаусыздықтың көрсеткіштері:

- тоқтауға дейін істелінген жұмыстың орташа көлемі-қайтып қалпына келтірілмейтін бұйымның машинаа тоқтап қалғанша істелген көлемнің математикалық үміті;

-істелген жұмыстың орташа көлемінің тоқтау санына қатынасы - қалпына қайтып келетін бұйымның дайындалған көлемінің математикалық үмітінің тоқтау санына қатынасы;

-тоқтау қарқындылығы - қайтып қалпына келтірілмейтін бұйымдардың сенімділік көрсеткіші деп аталатын, тоқтап қалған нысандардың орташа санының тоқтамаған, жұмыс қабілетін сақтап қалған нысандар санына қатынасы;

-тоқтаулардың үздіксіздік параметрі-қайта қалпына келтіріліп жатқан бұйымдардың сенімділік көрсеткіші. Бұл көрсеткіш қайта қалпына келтіріліп жатқан нысанның белгілі бір жұмыс көлемінде болған тоқтаулардың орташа санының осы жұмыс көлеміне қатынасына тең болады.

Бұзылмайтындықтың көрсеткіші техникалық ресурс нысанның жұмыс басталғаннан бастап, ең ақырына дейінгі істеген жұмыс көлемі (сағат,км, шығарылған бұйым саны).

Техникалық пайдалану коэффщиенті деп жұмысқа қабілетті уақыттың математикалық үмітінің жұмысқа қабілетті, тоқтап қалған, жөндеуге тұрған техникалық өндеу уақыттарының математикалық үмітіне қатынасына тең болады.

мұнда; Траб – жұмысқа қабілетті уақыт;

- жұмысқа қабілеті тоқтап қалған, жөндеуге тұрған, техникалық өңдеу

уақыттары

Қызмет мерзімі - машинаньщ ең ақырғы біржола тоқтап қалғанға дейін,

күнтізбектік жылмен өлшенетін жұмыс уақыты.

15.1.2. Машиналардың және олардың элементтерінің








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3368;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.