Техникалық жоба

 

Техникалық жобадатехникалық шешім және бұйымдардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері туралы толық түсіндіретін мәліметтер болады.

Техникалық жобада жаңа бұйымның жоғары техникалық деңгейде дайындау жолдары, жинау және пйдалану процестерін қамтамасыз ететін барлық мәселелер шешілуі керек.

Техникалық жобада майлау, жанар-жағар май, салқындату үшін салқындататын сұйықтарды беру мәселелері де шешілуі керек.

Кешенді шешімдерде күту алаңын қоршау, баспалдақ сатылары, желдету мәселелері болмашы нәрселер деп, көңіл бөлінбейді. Бұл кемістіктер шешім көрсеткіштеріне кері әсер етеді. Бұл мәселелерді уақытында шешпеу және оларды конструкцияға кейіннен қалай болса солай, қоса салу конструкциялық біркелкілікті бұзады сондықтан оларды да өз уақтысында қарастырылған жөн.

Техникалық жобада конструкцияның көп элементтері, жетектің, кабельдің, керек болғанда темір арқанның ұзындықтары, механизмдердің, тораптардың орындарының өлшемдері, мөлшерлер тізбегі толық анықталуы керек.

Техникалық жобаның есептеу жұмыс құжаттарын жасағанда да өзгермейтіндей етіліп, ең соңғы вариант болып орындалуы керек.

Техникалық жоба жұмыс құжаттарын жасайтын параметрлер келтірілген конструктор құжаттарының жинағы болып саналады.

Техникалық жобаға міндетті түрде кіретін құжаттарға жалпы көрініс сызбалары, техникалық жобаның тізбесі және түсіндірме жазбалары жатады.

Техникалық жобаның түсіндірме жазбасында конструкция мен оның жұмыс принципін, құжаттамаларға кіретін бүкіл жүйенің сипаттамасы, пайдаланылатын материалдар туралы толық мәліметтер, конструкцияның беріктілігіне қойылатын талаптар және техника-экономикалық есептер келтіріледі.

Жобалаудың бұл кезеңі конструкторлық (құрылымдық) құжаттардың толық аяқталған түрінде жатады. Бұл құжаттарды техникалық шешімдердің құрылымына, жұмыс істеуіне қажетті түпкілікті, технико-экономикалық есептеулермен толықтырылған, мәліметтер беріледі.

Дайындалған шешімдердің сапасы жалғыз ғана негізгі конструкторлық (құрылымдық) шешімдердің толықтығымен және негіздеріне байланысты емес, сонымен қатар қосымша жағдайларда қаралатын мәселелерге жан-жақты талдау жасау кезеңдерінде немесе оларды жұмысқа пайдалану кезінде, олардың техникалық деңгейін бағалау кезінде ерекше әсер етеді.

Келесі кестеде техникалық жобаны дайындау кезінде орындалатын негізгі жұмыстар келтірілген. Бұлардың толықтығы және күрделілігі барлық уақыттарда бұйымның күрделілігінің деңгейімен және ерекшеліктерімен бағаланады.

 

14.3 – кесте Техникалық жобаны жасап дайындау кезіндегі орындалатын жұмыстар

 

Жұмыстар түрлері Мазмұны
Түпкілікті техникалық шешімдерді құрау. ТО мен оның элементтерінің құрылымдық (конструкциялық) шешімдерін толық дайындау; кинематикалық, энергетикалық, пневматикалық, гидравликалық және де басқада схемаларды анықтау; сенімділік көрсеткіштері; технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу; бұйымдарды стандарттау және үйлестірудің берілген деңгейін қамтамасыз ету ұсыныстар құрау жатады.
ТО құрылымын талдау және бағалау ТО технологиялығын, патенттік тазалығын және бәсекелестік мүмкіншілігін, техника қауіпсіздігінің талаптарын талдау және дайындау; бұйымдардың сапасын және техникалық деңгейін бағалау; жұмысқа пайдалану сипаттамалары (өзара алмасушылық, жұмыс істеу кезіндегі ыңғайлылық, жөндеудегі жарамдылық және т.б.) эргономика, дизайн көрсеткіштері, тасымалдау, сақтау және жинақтау ыңғайлылығы.
ТО жасауда және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін іс-шаралар ТО қолданылатын материалдар мен жаңа бұйымдарды конструкциялау (құрылымдау), жасау және сынау. Сатып алынатын бұйымдардың тізімін анықтау және келісу. ТО жасау үшін қажетті жабдықтар мен құралдардың сызбаларын дайындау. Қажет болған кезінде оларға тапсырма дайындау.
Құжаттарды келісімдеу Техникалық жобаны тупкілікті сипаттау: оны қарастыру, құжаттарды келісімдеу және бекіту. Сыртқы, қойылымды бір-бірінің арасы және бір біріне бекіту өлшемдерін тапсырма берушілермен келісімдеу; жұмыс құжаттарын дайындау кезеңінде жүргізілетін жұмыстар тізімін келісімдеу.

 

 

Техникалық жобаларға қойылатын талаптар ГОСТ 2.102-68 анықталады. Осы стандартқа байланысты техникалық жобаны (ТЖ) міндетті құжаттары болып объектінің жалпы көрінісінің (ЖК) сызбасы, техникалық жобаның ТІЗБЕСІ және түсініктемелік жазба (ТЖ). Түсініктемелік жазба мынадай бөлімдерден тұрады: техникалық объектінің құрылымын және жұмыс істеу негізін толық сипаттауы, сонымен қатар құжаттарға кіретін барлық схемалар; дайындауға қажетті құрылымдықты негіздеу және оларды қорғау шаралары (ыстықпен өңдеу, қаптама жасау т.б.); жасаудың жинақтаудың және монтаждауының дәлдік талаптары; түпкілікті технико-экономикалық есептеулер және де қажет болған жағдайда тіркемелер немесе қосымшалар. Техникалық жобаның (ТЖ) басқа құжаттары қажет болған жағдайда жобалауға қажетті техникалық объектінің технологиясының ерекшеліктеріне байланысты жасалуы мүмкін.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 4111;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.