Техникалық ұсыныстар

Жобалаудың алғашқы (бірінші) кезеңі болып техникалық ұсыныстар саналады. Техникалық ұсыныстар дегеніміз бұйымдарды жасауға дайындаудың қажеттілігін көрсететін техникалық және техника - экономикалық негіздерді көрсететін жобалау және конструкторлық құжаттардың және оған тиісті техникалық құжаттардың жиынтығы болып табылады. Бұйым жасау тапсырма мен техникалық шешімнің мүмкіншілігінше әртүрлі варианттарын талдау нәтижесі негізделе құрылады. Сонымен қатар бұл шешімдердің салыстырмалы бағасы анықталады, және де шешімнің құрылымдық және жұмысқа пайдалану ерекшеліктері анықталады. Кейбір кездерге, әсіресе жаңа немесе аз белгілі техникалық обьектілерді жасап дайындау кезінде, түпкілікті ең соңғы шешім ді қабылдау үшін ақпараттар жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайларда қосымша теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, техникалық объектінің тәжірибелік түрін жасап, оны тексеріп көру қажеттілігі туады. Техникалық ұсыныстарды жасауға қажетті іс-шаралар тізімі келесі 11.1-кестеде берілген. Техникалық шешімдерге қойылатын талаптар мына Мемлекет аралық стандартқа ГОСТ 2.118-73 сай анықталады, ал соған сәйкес құжаттар мына Мемлекет аралық стандартқа ГОСТ 2.102-68 сай болу керек.

13.1-кесте Техникалық ұсыныстарды жасап дайындауға қажетті жұмыстар

 

Жүргізілетін жұмыстар Жұмыстардың мазмұны
Техникалық тапсырмаларды қосымша анықтау. Қосымша анықтау кезінде тапсырмадағы барлық сұрақтардың дұрыс қойылуы, оның жеткілікті толық болуы және де көрсетілмей қалғанын анықтау. Тапсырмаларға қандай талаптар қойылғанын және қандай жағдайларда орындау қажеттілігін анықтау.
Тапсырманы талдау. Қосымша қандай түсініктемелер және ақпараттар қажеттігін анықтау
Материалды таңдау Техниалық объектінің түпкілікті мақсатына сәйкестігін оқу, талдау, бағалау және тапсырманың мақсатын жазбалау
Әр-түрлі варианттарын анықтау.   Әр-түрлі варианттардың ерекшеліктерін (жұмыс істеу негіздері, бөліктері мен бөлшектерінің жинақталу жағдайлары және т.б.). варианттарды салыстыру арқылы анықтаудың құрылымдық жағдайы (мәні).
Варианттарды тексеру.   Варианттардың патенттік тазалығын, бәсекелес мүмкіншілігі, техника қауіпсіздігінің, талаптарына сәйкестігін және экологиялық тазалығын тексеру. Жаңалық өнертапқыштыққа және патентке ұсыныстар (тапсырмалар) дайындау.
Варианттарды бағалау.   Варианттардың жетістіктері мен кемшіліктерін салыстырмалы түрде талдау: сандық және саналық көрсеткіштерін, технологиялылығын, кететін шығынның аздығын, стандарттылығын, үйлесімділігін және т.б. талдау.
Тиімді вариантын таңдау. Бұйымның вариантын таңдауды негіздеу және оның техникоэкономикалық көрсеткіштерін тұжырымдау.
Жобаны қарастыру және бекіту. Құжаттарды қарастыру, талқылау және дайындау, содансоң барлық құжаттарды жобалауға беру.

 

 

13.4 Техникалық ұсыныстардың конструкторлық құжаттары.

 

Техникалық ұсыныстардың міндетті құжаты болып техникалық ұсыныстардың варианттары және түсініктемелік жазбасы болып табылады. Техникалық жобаның қосымша құжаттарының тізімі бұйымның сипаттамасына (характеристика), қызметіне, ерекшеліктеріне немесе жобалаудың қазіргі кездегі талаптарына байланысты. Сонымен қатар бұл құжаттар: ТО жалпы көрінісінің сызбасы, сыртқы өлшемдік сызбалары; схемелар, кестелер; есептеулер, патенттік формалар, техникалық деңгейдің картасы, өнімнің сапасы және т.б. келтіріледі.

Құжаттардың шифры және оларға қойылатын талаптар келесі 11.2-кестеде келтірілген. Егерде техникалық тапсырмада көрсетілген жағдайда техникалық ұсынысқа («П» таңбасы) қойылып дайындалады. Осы құжаттар техникалық ұсыныстың көлемін де анықтайды.

 

13.2-кесте -Техникалық ұсыныстардың конструкторлық құжаттары және оларға қойылатын талаптар

 

Құжат-тың шифры Құжаттар Орындалуына қойылатын талаптар
ЖК. Жалпы көріністік сызбасы Сызбалар КҚБЖ сәйкес мүмкіндігінше қарапайым болып орындалады.
ТЧ Сыртқы өлшемдер сызбасы,   Бұл сызбалар бұйымдардың түрлі вариантарының сызбаларын, текстік бөлім мен варианттарды салыстыруға қажетті жазбаларды құрайды. Сызбаларда қажетті белгілеулер, өлшемдер және техникалық сипаттамалар көрсетілуі керек. ТО құралатын құрамдық бөлшектердің аталуы және белгілері кестелерде, спецификациада немесе бөлек кіші сызбаларда келтіріледі.    
ТС Схемалар Мемлекет аралық стандартқа ГОСТ 2.701-84 сай сызу керек.
ТҰ Техникалық ұсыныстар тізбесі Барлық бұйымдар үшін қажет. Бұл құжатта барлық конструкторлық құжаттар Мемлекет аралық стандартқа ГОСТ 2.106-68 сәйкес келтіріледі.
ТЖ Түсініктемелік жазбасы Мемлекет аралық стандарттарға ГОСТ 2.106-68 және ГОСТ 2.118-73 сәйкес орындалады және дайындалады
КТ Кестелер  
ЕС Есептеулер  
ТБҚ Түрлі басқа құжаттар  
ПФ Патенттік формулалар ГОСТ 15.012-84 сәйкес болу керек
ДС Техникалық деңгей-дің және өнімнің сапасының картасы ГОСТ 2.116-84 сәйкес болу керек

 

Дәріс








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2940;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.