Эскиздік жоба, олардың мазмұны мен құжаттары
Эскиздік жобаның құжаттары техникалық тапсырмада немесе техникалық ұсыныстарда қажетті деп көрсетілген жағдайларда ғана дайындалады.
Эскиздік жобаны дайындау конструкторлық құжаттардан және негізгі техникалық шешімдердің тиімді варианттардың дайындамасынан тұрады. Бұл дайындамалар бұйымдардың түрақтылығы мен жұмыс істеуінің негізі, сонымен қатар оның негізгі сипаттамаларынан құралады.
Эскиздік жобада типтік стандартталған және біріңғайланған бөлшектерді қолданудың негізі болып салынады. Практикада сыннан өткен тораптар мен механизмдерді қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Басқа мекемелер өндіріс орындарына дайындауға берілетін материалдар мен бұйымдардың құрама бөлшектеріне қойылатын техникалық талаптар эскиздік жобада бекітіледі. Кейбір жеке тораптар мен механизмдердің жұмыс принциптері күмән туғызатын болса, олардың макеттерін дайындап, оны сынау жөніндегі шешім эскиздік жобада қабылданады.
Жаңа бұйымды жасау кезінде оны жобалау және есептеу ғана емес сонымен бірге бірнеше сұрақтар туындайды. Мысалы бұйымның макетін жасау, сонымен қатар бұйымның жалпы және конструктивтік элементтерін жинақтау.
Эскиздік жобаның түсіндірме жазбасында конструкторлық зерттеулердің нәтижелері, оның ішінде бұйымның жұмыс істеу принциптері, техника-экономикалық көрсеткіштері, әрі қарай жүргізілетін конструкторлық және тәжірибелік жұмыстар жөнінде мәліметтер болу керек. Түсіндірме жазбада техникалық жобада жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар да келтіріледі.
Эскиздік жобаны дайындау кезінде орындалатын жұмыстар келесі кестеде көрсетілген.
14.1 – кесте Эскиздік жобаны жасау кезінде орындалатын жұмыстар
Жұмыстар түрі | Жұмыстар мазмұны |
Бұйымның құрылымдық бөлшектерінің негізгі конструкторлық шешімдері | Эскиздік жобалауды орындалуында мынадай құжаттар дайындау керек: кинематикалық схема (сұлбалар); алдынала электрлік, пневмо-матикалық және гидравликалық негізгі схемалары; құрылымдық және орналастыру (компановочный) схемалары; бұйымның тек-серілген жалпы көрінісі және негізгі жинақтау бірлігі мен орындаушы механизмдер. |
Бұйымды бағалау | Технологиялығын бағалау. Стандарттау және үйлесімділігін анықтау. Эргономикалық және дизайн көрсеткіштері бойынша бағалау. Сапалық қасиеті бойынша варианттарды салыстырмалы бағалау. |
Бұйымдардың вариантын тек-серу | Варианттарды патенттік тазалыққа және бәсекелестік мүмкіншілікке және жаңалық алуға тапсырма беруді тексеру. Вариант-тардың техника қауіпсіздігіне және экологиялығына тексеру. |
Бұйымның тиімді вариантын таңдау | Таңдауды негіздеу. Таңдап алынған вариант бойынша негізгі шешімді қабылдау. Бұйымға қойылған талаптарды растау. |
Бұйымды дайын-дау (жасау) бой-ынша шешім | Бұйымның жұмыс негіздерін тексеру үшін және қажетті макетті жасау үшін шешім қабылдау. Макетті жасауға қажетті конструкторлық құжаттардың көлемін анықтау, жинақтау және тасымалдау әдістері бойынша алдынала шешім қабылдау. Басқа өнеркәсіптер мен ұйым-дарда дайындалатын материалдар мен бөлшектердің тізімі мен түрін анықтау. |
Жобаны келісу үшін қарастыру. | Берілген тәртіпте жобаны дайындау, келісу және бекіту. Дайын-даудың келесі кезеңінде қажет болатын жұмыстар тізімін тізбелеу. |
Мұндай кестенің қажеттігі мынадай жағдайлардан туындайды: егерде дайындаушылардың бір бөлек бөлшектерде немесе механизмдерде ақау барлығына сенімсіздік туындаса немесе кейбір жағдайларды мұқияттау үшін.
Дайындауды және жасауды басқа ұйымдар мен өнеркәсіптерге беру жағдайында конструкторлық (құрылымдық) бөлшектер мен материалдарға техникалық талаптар түзіледі. Эскиздік жобаның негізгі міндетті құжаттары болып эскиздік жобаның ведомосты және түсініктеме жазбалары саналады, ал қосымша құжаттар болып бұйымның жалпы көрінісінің сызбасы, габариттік (сыртқы сұлбалар) сызбасы, схемалар, сатып алынатын бұйымдар ведомосы, оларды қолдануын келісу, тәжірибе жасаудың (сынаудың) бағдарламасы және әдісі, кестелер, есептеулер, патенттік формулалар, техникалық деңгейдің және өнімнің сапалық карталары және т.б. саналады. Эскиздік жобаның конструкторлық (құрылымдық) құжаттары және оларға қойылатын талаптар төменгі кестеде келтіріледі. Эскиздік жобаға «Э» деген (литер) таңба беріледі.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 4416;