Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

 

Студенттердің өздік жұмысы оқу процессінің басты көрсеткіші болып табылады. Оған: дәрістік сабаққа дайындық, конспект жазу; қысқаша дәріс курсына кірмеген материалдарды оқып үйрену, реферат түрінде жазу; үй тапсырмасын және есептік-графикалық жұмыстарды орындау; коллоквиум тапсыру, бақылау іс-шараларына дайындық (межелік бақылау және емтихан) жұмыстары жатады.

Реферат (латынша refero – хабарлаймын), кітаптың, мақаланың мазмұнын қысқаша баяндау, жазбаша немесе публикациялық жариялану түрінде. Рефераттың мәтіні құжаттың мазмұнын, реферат авторының көзқарасын және критикалық ескертулерді, сонымен бірге бастапқы деректерде жоқ ақпаратты түсіндірмеуі тиіс.

Реферат көлемі: мәтіні 20 бетке дейін қол жазба, немесе 13-15 бет машина (коспьютерлік) баспа бет болу керек.

Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

 

СӨЖ түрлері Есеп формасы Бақылау түрі Сағаттағы көлемі
Дәріс сабақтарына даярлық Конспект Сабаққа қатысу
Практика сабақтарына даярлық, есеп және қорғау Жұмыс дәптер Сабаққа қатысу, есептерді тапсыру
Үй жұмыстарын орындау Жұмыс дәптер Есептерді тапсыру
Аудиториялық сабақтарға кірмеген тақырыптарды зерттеу Есептер, реферат СӨЖҚ, коллоквиум
Қорытынды бақылауларға даярлық   МБ1, МБ2
Барлығы:

 

Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

 

1)Өндіріс кәсіпорындарды энергиямен жабдықтау жүйесінде органикалық отынды қолдану бағыттары, аумағы және тенденциялары. Қатты отынды қолданушылардың сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиет: [1] 22-30 бет.

2) Өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен жабдықтау жүйелері.

Қатты, сұйық және газды отындардың негізгі сипаттамалары. Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік техникасы.

Ұсынылатын әдебиет: [6] 33-38 бет.

3) Өнеркәсіптік кәсіпорындарды ауамен жабдықтау жүйелері.

Сығымдағыштар және олардың топталуы. Жұмыс істеу принциптері.

Ұсынылатын әдебиет: [3] 222-242 бет.

4) Өнеркәсіптік кәсіпорындарды суықпен жабдықтау жүйелері

Суықагенттердің (фреондардың) және суықтасығыштардың қасиеттері. Суықпен жабдықтау қондырғыларының элементтерін есептеу.

Ұсынылатын әдебиет: [10] 22-31 бет.

5) Ауаның ыдырау өнімдерін тасымалдау және сақтау. Ауаның ыдырау өнімдерін аумақты қолдану. АЫҚ – ның және станцияның қосалқы бөліктерінің міндеті, құрылысы, жұмыс істеу тәртібі, есептеу негіздері.

Ұсынылатын әдебиет: [14] 110-133 бет.

6) Өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау жүйелері

Табиғи су қоспаларын дисперстілігі, химиялық құрамы және физика-химиялық күйі бойынша сипаттау. Табиғи суларды топтау. Табиғи су сапасының технологиялық көрсеткіштері (мөлдірлігі, иондық құрамы, жалпы тұздылығы, қаттылығы және оның түрлері, меншікті электр өнімділігі, құрамындағы кремнидің мөлшері, тотықтануы, еріген газдар мөлшері).

Ұсынылатын әдебиет: [11] 11 -20 бет. [13] 23-25 бет

 








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 1600;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.