Техникалық жобалардың құжаттары және оларға
Ойылатын талаптар
Конструкциялық жұмыс құжаттарысериялық немесе көптеп шығарылатын машиналардың тәжрибелік үлгісін шығару үшін жасалады.
Конструкциялық жұмыс құжаттамасында жобаның бұрынғы кезеңдерінде, талқылау, бекіту кездерінде айтылған пікірлер мен ескертулер толық қаралып, кемшіліктері жөнделеді.
Конструкторлық жұмыс құжаттамасында конструкцияның технологиялықтығы толық шешіледі, сапа және техникалық-экономикалық көрсеткіштері толық қамтамасыз етіледі.
Конструкторлық жұмыс құжаттарын жасау өндірісті техникалық жағынан дайындаумен тікелей байланысты.
Конструкторлық жұмыс құжаттарында мынадай мәселелер шешіледі:
- өңдеудің дәлдігі анықталады;
- бөлшек беттерінің кедір-бұдырлығы анықталады;
- мөлшерлері қойылады;
- беріктігін, ұзақ жыл жұмыс істейтін қабылеттерін анықтайтын есеп жүргізіледі;
- есептеулердің нәтижесінде құжаттамаларға түзетулер енгізіледі;
- экономикалық тиімділігін анықтайтын соңғы есеп жүргізіледі;
- тәжрибелік үлгіні дайындау, сынау және сериялық машиналарды да сынау, сынақтардың нәтижесі бойынша конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізу.
Техникалық жобаның құжаттарының тізімі және оларды дайындауға қойылатын талаптар келесі кестеде көрсетілген. Техникалық жоба техникалық тапсырмада қарастырылған жағдайда дайындалады. Ол кезде техникалық ұсыныстар мен эскиздік жобаны қарастыру хаттамасы (протокол) түзілді. Техникалық жобаның (ТП) барлық құжаттарына (литер) «Т» таңба қойылады.
14.4 – кесте Техникалық жобаның құжаттары және оларды дайындауға қойылатын талаптар
Құжат шыфры | Құжаттың аталуы | Орындалуына қойылатын талаптар |
ЖК СӨС | ТО жалпы көрінісінің сызбасы Теориялық сызба Сыртқы өлшемдер сызбасы | ГОСТ 2.119-73 сәйкес орындалатын ТО жалпы көрінісінің сызбасы. Кейбір жағдайларда сызбада бөлшектерді орнықтыру (насадка) түрі көрсетіледі; бұйымға қойылатын техникалық талаптар (қаптамалар, пісіру футерлеу және т.б.); техникалық сипаттамалар. |
ТС | Схемалар (сұлбалар) | ГОСТ 2.701-84 бойынша |
- | Бөлшектер сызбасы | Сыртқы өлшемдер сызбалармен бірге жасалуы мүмкін |
БТ | Сатып алынатын бұйымдар тізбесі | Өз бетнше қамтамасыз етілетін бұйымдар үшін ГОСТ 2.106-68 сәйкес құрылады |
КТ | Сатып алынатын бұйымдарды келісім-деу ведомосты | |
ТЖ | Техникалық жобаның тізбесі | Бұйымның барлық құрылымдық құжаттары үшін ГОСТ 2.106-68 сәйкес құрастырылады. |
ТЖ | Түсініктеме жазба | ГОСТ 2.106-68 және ГОСТ 2.120-76 сәйкес құрастырылады |
ТШ | Техникалық шарттар | Өз бетінше әкелетін бұйымдар үшін ГОСТ 2.114-70 сәйкес құрастырылады |
БӘ | Сынгаудың бағдарла-масы және әдістері | |
КС | Кестелер | |
ЕС | Есептеулер | Түсініктеме жазбасымен бірге жасалынуы мүмкін |
Б... | Түрлі басқа құжаттар | |
ПФ | Патенттік фурмулар | ГОСТ 15.012-84 сәйкес құрастырылады |
СК | Өнімнің сапасы және техникалық деңгейі картасы | ГОСТ 2.116-84 сәйкес құрастырылады |
Дәріс
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 1969;