Жобалау және конструкциялау мазмұны мен этаптары
Жобалау дегеніміз конструкциялау процесінен бұрын жүретін ғылыми негізделген, техника жүзінде іске асыруға болатын және экономикалық тиімді инжинерлік шешім қабылдау кезіндегі өнертапқыштық шешім болып табылады. Жобалау кезінде бірнеше әдістердің жаңа түрлерін, логикалық бірізді шараларды бұйымды жасауға бейімдендіру керек. Жобалаудың нәтижесі – алдын-ала қаралып, тексеріліп, содан соң бекітілген күйінде жаңа Техникалық объектінің құрудың бағдарламасы болып табылады.
Конструкция деп құрылымдарды, механизмдерді, машиналарды, аппараттарды, құралдарды және т.б. сол сияқты кез келген техникалық объектінің қүрылымын атайды және де сонымен қатар олардың яғни техникалық объекті құрылымының бөлшектері мен элементтерінің өзара орналасуы да болуы мүмкін.
Жобалауда техникалық объектінің құрылымын жазбалау кезде оның ең маңызды бөлшектерін дайындауға қажетті материалдардын, олардың құрастыру әдістері және де олардың өзара байланысу тәртібі көрсетіледі. Конструкциялау жобалаудың нәтижелеріне негізделеді және ж обалау кезіндегі барлық қабылданған инжинерлік шешімдерді тексереді. Сол себептен конструкциялау кезіндегі бұйымның схемасы көрсетіліп белгілі шектермен оның геометриялық өлшемдері есептелінеді, қажетті материалдар таңдалынады олардың беттеріне тегістік талаптары қойылады, содан соң қажетті техникалық құжаттар жасалынады. Енді сол жобалау және конструкциалау кезіндегі құжаттардың бірі техниалық құжаттарды қарастырамыз.
Техникалық құжаттарды құрылымның ақпараттық бұйымдары жасалынып жатқан кезде ғана емес, оларды жұмысқа пайдалану кезінеде де жасалынады. Техникалық әдебиеттерде жобалау және конструкциалау процестерін «дайындау» деген терминмен беріледі. Дайындау деген ғылыми термин – осы ғылыми зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ), жобалау конструкциалау жұмыстарын (ЖҚЖ) жүргізу кезінде де пайдаланылады. Мысалы: ҒЗЖ «дайындамасы», ЖҚЖ «дайындамасы» т.с.с. Сонымен, бұйымды дайындау дегеніміз барлық кезеңдердің жиынтығы: идеяның ойдың, оны құрастыру, жасау, рынокта сату немесе өткізу, тұтынушының пайдалануы және оның тозып пайдаланудан шығарып тастау кезеңдері. Жаңа бұйымды дайындауда ҒЗЖ және ЖҚЖ бір-бірімен тығыз байланысты.
ҒЗЖ мәліметтерін пайдалана отырып ЖҚЖ орындаушылар жаңа бұйымды дайындайтын немесе жасайтын өндірісті құрылымдық құжаттарға сәйкес дайындайды. Дайындаушылардың осы екі бағытта істелетін жұмыстары өте көп: олар еңбектің шығынының уақытты және құралдарды. Сол себептен осы жұмыстарға бөлінген күрделі қаржылырдың жартысына дейін жұмсалады. Осы сатылырдағы кемшіліктерді жіберу қаржы шығындарын көп есе арттырып жібереді. Сол себептен жобаның мазмұнына, оны орындалуына және сол жұмысты істеуге бақылау қажетті. Осы себептен Мемлекет аралық стандарт ГОСТ 2.103-68 жобалаудың әр сатысын бөліп-бөліп көрсеткен және әр сатысына қойылатын міндеттердің қалай шешілуін көрсеткен. Мынадай жалпы тәртіп пен реттілік (техникалық тапсырма мен реттілік эскиздік жоба, техникалық жоба, жұмыс құжаттарын дайындау) стандартпен анықталады, нақты дайындаманың стандарттылығы дайындалып жатқан құжаттардың ауқымы (көлемі) сияқты техникалық тапсырмаларда көрсетіліді. ҒЗЖ және ТКЛ (ОКР) жұмыстарының көпшілік және жеке мақсаттары дайындалып жатқан машинаның және оны шығару бағдарламасынның ерекшліктері мен күрделілік дәрежесімен анықталады. Сонымен кейбір жағдайларда дайындаудың барлық сатысын орындау қажет емес. Іс жүзінде жиі кездесетін мынадай жағдайлар болады, ол бір жобаның екі жағы бір-біріне қайшы келеді, соның нәтижесінде кейде жаңа машина туралы өте нәтижелі идея тепе-тең бейнелерін жобаның – конструкторлық құжаттарында көрсетіледі. Осы себептермен конструкторлық құжаттарға сипаттау талаптарымен бірге маңызды талаптары да қойылады.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3890;