Конструкциялық жұмыс құжаттары
Конструкциялық жұмыс құжаттарысериялық немесе көптеп шығарылатын машиналардың тәжрибелік үлгісін шығару үшін жасалады.
Конструкциялық жұмыс құжаттамасында жобаның бұрынғы кезеңдерінде, талқылау, бекіту кездерінде айтылған пікірлер мен ескертулер толық қаралып, кемшіліктері жөнделеді.
Конструкторлық жұмыс құжаттамасында болатын мәліметтер:
· конструкцияның технологиялығы туралы толық шешімдер;
· бұйымның сапатуралы мәліметтер;
· техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметтер толық қамтамасыз етіледі.
Конструкторлық жұмыс құжаттарын жасау өндірісті техникалық жағынан дайындаумен тікелей байланысты.
Бұл кезеңде оның бірегейлі бөлшектерінің ғана конструкциялық және технологиялық мәселелері шешіледі.
Конструкторлық жұмыс құжаттарында мынадай мәселелер шешіледі:
- бұйымның өңдеу дәлдігі анықталады;
- бөлшек беттерінің кедір-бұдырлығы анықталады;
- бұйымның барлық өлшемдері қойылады;
- бұйымның беріктігін, ұзақ жыл жұмыс істейтін қабылеттерін анықтайтын есептер жүргізіледі;
- есептеулердің нәтижесінде құжаттамаларға түзетулер енгізіледі;
- бұйымның экономикалық тиімділігін анықтайтын соңғы есеп жүргізіледі;
- тәжрибелік үлгіні дайындау, сынау және сериялық машиналарды да сынау, сынақтардың нәтижесі бойынша конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізу.
11.3 Конструкторлық құжаттар түрлерінің анықтамалары
Конструкторлық құжаттар түріне эскиздік жоба, техникалық жоба және конструкциялық жүмыс құжаттары жататынын жөғарыда айтқан болатынбыз.
Осы конструкторлық құжаттардың түрлері, анықтамалары және комплектілері Мемлекет аралық стандарт ГОСТ 2.102-68 (СТ СЭВ 364-76) бойынша анықталады.
Конструкторлық құжаттарға әр қайсысы жеке-жеке немесе бәрі бірге қосылып бұйымды зерттруге, дайындауға, тексеруге, қабылдауға, пайдалануға, жөндеуге қажетті оның құрамы мен құрылысын анықтайтын сызба және жазба құжаттар жатады, олар:
1.Бөлшектердің сызбасы – бөлшекті көрсететін, оны дайындайтын, тексеретін құжат;
2.Жинақтау сызбасы – жиналған бөлшектерді көрсететін, дайындайтын, сынайтын құжат;
3.Жалпы көрініс сызбасы – бұйымның конструкциясын анықтайтын, оның құрама бөлімдерінің өз ара байланысты жұмыс істеуін, жұмыс істеу принципін түсіндіретін құжат;
4.Теориялық сызба – бұйымның геометриялық пішіні мен оның құрама бөліктерінің координаталарын анықтайтын құжат;
5.Габариттік сызба – бұйымның сыртқы түрін габариттік, бекітіп тұратын, жалғастырып тұрғандағы мөлшерлерін көрсететін құжат;
6.Электромонтаждық сызба – бұйымның электр монтаж жұмыстарын жүргізуге керекті параметрлер көрсетілген құжат;
7.Монтаждық сызба – бұйымның сыртқы нұсқасын және оны пайдаланатын жеріне қоюға қажет параметрлерді көрсететін құжат. Бұл құжатқа іргетастың сызбалары да жатады.
8.Орауыш сызба – бұйымды буып түюге қажет материалдары бар құжат;
9.Схема – бұйымның құрамындағы бөлшектерді шартты белгілер арқылы көрсететін құжат;
10.Спецификация– толық жиналған бұйымның, кешеннің немесе кешеннің құрамын көрсететін, анықтайтын құжат;
11.Спецификация тізбесі – бұйымның барлық құрама бөлшектерінің және бөлшектердің саны мен олардың сипаттамасын келтірілген құжат;
12.Сілтеме жасалған құжаттардың тізбесі – конструктор құжаттамасында сілтеме жасалған құжаттардың тізімі келтірілген құжат;
13.Сатылып алынған бұйымдардың тізбесі – зерттеліп жатқан бұйымда пайдаланылатын заттардың тізімі келтірілген құжат;
14.Келісіліп сатылып алынған бұйымдардың тізбесі – қолданылуы келісілген және сатылып алынған бұйымдардың тізімі келтірілген құжат;
15.Түпнұсқасы барлардың тізбесі – бұйымды зерттеуде және дайындауда пайдаланылған құжаттардың түпнұсқасын сақтап отырған кәсіпорындардың тізімі келтірілген құжат;
16.Техникалық ұсыныстардың тізбесі – техникалық ұсыныстарға кіретін құжаттардың тізбесі бар құжат;
17.Эскиздік жобаның тізбесі – эскиздік жобаға кіретін құжаттардың тізімі бар құжат;
18.Техникалық жобаның тізбесі – техникалық жобаға кіретін құжаттардың тізбесі бар құжат;
19.Түсіндірме хат жазбасы – зерттеліп жатқан бұйымның құрылымы және жұмыс істеу принципі және бұл бұйымды зерттеу кезінде қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдер жазылған құжат;
20.Техникалық талаптар – бұйымды дайындауға, тексеруге, жеткізіп беруге, қабылдауға, қойылатын талаптар келтірілген құжат;
21.Сынаудың бағдарламасы мен әдістемесі – бұйымды зерттегенде тексеруге жататын техникалық параметрлер мен қатар оларды тексеру тәртібі мен әдістері келтірілген құжат;
22.Кесте– мазмұнына байланысты параметрлер келтірілген қжат;
23.Техникалық есептеулер – бұйымның және оның бөлшектерінің техникалық есебі келтірілген құжат;
24.Пайдалану құжаттары – бұйымды пайдаланғанда, күткенде және өңдегенде, жөндегенде қажет болатын құжаттар;
25.Жөндеу құжаттары – арнаулы кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет болатын құжаттар;
26.Патент формуляры – нысанның патенттік тазалығы және нысанды зерттеген кезде пайдаланылған ғылыми жаңалықтар мен ашылған жаңалықтар туралы мәліметтер келтірілген құжат;
27.Бұйымның техникалық деңгейі мен сапасының картасы – бұйымның техникалық деңгейі мен сапасын анықтайтын, бұл қасиеттерінің ғылым мен техника жетістіктеріне сай екенін және бұл бұйымның халық шаруашылығына қажет екені келтірілген құжат.
Рет нөмірі 1-3, 10, 16-19 құжаттарда міндетті түрде келтірілсе, қалған құжаттар белгілі бір талаптарға байланысты дайындалады.
Дайындауына және пайдалануына байланысты құжаттарды мынадай түрлері болады:
А) оригиналдар – кез келген материалдарда жасалған түпнұсқа дайындауға арналған құжаттар;
Б) түпнұсқалар– кез келген материалдардан жасалған, көп көшірме түсіруге болатын құжаттар;
В) дубликаттар – түпнұсқалардың көшірмесі;
Г) көшірмелер – түпнұсқасына ұқсас, пара-пар бұйымды дайындауда, зерттеуде, пайдалануда, жөндеуге пайдалану үшін жасалған құжат.
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 3173;