Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесінің –КҚБЖ жалпы ережелері
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесінің –КҚБЖжинағына кіретін міндеттері, қолданылатын аумағы, жіктелуі және стандартты белгілеу туралы жалпы ережелері ГОСТ 2.01-70 Мемлекет аралық стандартпен бекітілген.
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі деп, Мекемелер мен өнеркәсіп орындарымен дайындалатын және орындалатын конструкторлық өз ара байланыс тәртіптері мен ережелерін бекітетін мемлекеттік стандарт кешені
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі мынадай жағдайларды қамтамасыз етеді:
-конструкторлық құжаттарды қайта жазбай ақ, толықтырып айырбастау мүмкіндігін;
-жинақтылықты тұрақтандыруды, қайталауды және өндіріске қажеті жоқ құжаттарды дайындауды болдырмаужолдарын;
-өндіріс бұйымдарының конструкторлық зерттеулер кезінде бір ізділікті шешу мүмкіндігін;
-жобалауда көп еңбек сіңіруді қажет ететін графикалық бейнелеу мен конструкторлық құжаттарын оңайлатуды;
-техникалық құжаттар мен олардағы мағлұматтарды өңдеуді механизациялау және автоматизациялау жолдарын;
-өндірістің техникалық дайындығын жақсартуды;
-өндіріс бұйымдарын пайдаланудың жақсарту жолдарын;
-жұмыс істеп тұрған өндіріс орнында тез қайта өңдеуге керек құжаттарды қолма-қол дайындау жолдарын қамтамасыз етеді..
12.3 Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесінің стандарттарының қолданылу салалары.
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі –КҚБЖстандарттарымен бекітілген тәртіп пен ережелерінің таралу түрлері:
-конструкторлық құжаттардың барлық есеп-тіркеу құжаттарына,
-конструкторлық құжаттарға өзгеріс енгізетін құжаттарға,
-нормативті-техникалық және технологиялық құжаттарға,
-ғылыми-техникалық әдебиеттер мен оқу құралдарына таралады.
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі стандарттары ұйымдастыру-әдістемелік және кәсіпорындар үшін өндірістік-нұсқау құжаттарын дайындауға негіз болуы керек. Мысалы:
а) Конструкторлық құжаттарды есепке алатын, бақылайтын, сақтайтын, көбейтетін өндірістің техникалық бөлімдерінің міндеті мен құрамы туралы ережелерін дайындауда;
б) Конструкторлық құжаттарды өткізу және келістіру ережелерін дайындауда;
в) Техникалық құжаттарды тіркеу, сақтау және өңдеу туралы нұсқауларн дайындауда.
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесібойынша конструкторлық құжаттарға кіретін техникалық көрсеткіштердің көлемі мен мазмұны ЭЕМ-да пайдаланып, механикалық әдіспен өңдеу жүйесі мен бағдарламасын жасауға негіз болып табылады (цифрлы код, стандартты бағдарлама, құжаттарды перфокартаға тіркеу жүйесі және т.б).
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесінің стандарттарын жіктеу. Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі стандарттарының құрамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау комитетінің тізімі бойынша анықталады.
Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесінің –КҚБЖқұрамына кіретін стандарттар мынадай топтарға бөлінеді:
0- жалпы ережелер,
1- негізгі ережелер,
2- конструкторлық құжаттарға бұйымдарды жіктеу және белгілеу,
3- сызбаларды орындаудың жалпы ержесі,
4- машина жасау және аспап жасау салаларының бұйымдарының сызбаларын орындау ережелер,
5- конструкторлық құжаттарды дайындау ережесі (тіркеу, сақтау, өзгерту),
6- пайдалану және жөндеу құжаттарын дайындау ережелері,
7-схеманы дайындау ережесі,
8-құрылыс және кеме жасау салаларының құжаттарын дайындау ережелері,
9-қалған стандарттар.
Дәріс
Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 7245;