Дәріс тақырыбы. Конструкциялық композициялық материалдардың құрылыстық практикада қолданылуы
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға конструкциялық композициялық материалдардың құрылыстық практикада қолданылуы жайлы жалпылама мәлімет беру
Негізгі терминдер: Химиялық әртекті компоненттер, шыныпластик, Сэндвич-панельдер, матрицалар
1.Шыныпластиктер
2.Көмірпластиктер
3.Полимерлер және полимерлі ерітінділер
4.Сэндви панельдер
Химиялық әртекті компоненттердің үйлесуімен алынатын жасанды материалдарды композициялық деп атайды. Бұндай компоненттердің біріне матрица (полимерлер үшін байланыстырғыш), басқасына – беріктендіргіштер жатады. Композициялық материалдардың негіз салушы арқаулауланған шыныпластиктер болып табылады. Олардың физикалық табиғаты, арқаулау сұлбалары композициялық полимерлік материалдарға ауысады.
Шыныпластик
Матрицалар ретінде полимерлік, көміртекті, қыш және металл материалдар қолданылады. Беріктендіргіштер ретінде талшықтар шыны, көміртекті, борлық, органикалық, жіп тәрізді кристалдардан (тотықтар, карбидтер, боридтер, нитридтер және т.б.), беріктігі және қатаңдығы жоғары металл (сымдар) қолданылады Көміртекті талшықтар ауада 4500С температураға дейін жұмыс істей алады, бейтарап және тотықсыздандыру ортада олар беріктігін 22000С температурада да сақтайды. Борлық және қыш талшықтардың қатаңдығы жоғары және температура артқан сайын беріктігін аздап қана жоғалтады. Органикалық талшықтар 200-3000С температураға дейін жұмыс істей алады. Композициялық материалдардың қасиеттері компоненттердің құрамына, олардың үйлесіміне, мөлшерлік қатынасына және олардың арасындағы байланыстың беріктігіне тәуелді. Арқаулағыш беріктендіруші материалдар талшықтар, жгуттар, таспалар, жіптер, көп қабатты маталар түрінде бола алады Композициялық материалдардың артықшылықтарына беріктік және қатаңдық морт қирауға жақсы кедергі болу, ыстыққа беріктік және термиялық тұрақтылық жатады. Композициялық материалдардың тығыздығы 1,35-тен 4,8 г/см3-қа дейін. Қазіргі кезеңде құрылыс өндірісінде шыныпластиктен, көмірпластиктен және полимерді ерітінділерден жасалған материалдар кеңінен тараған:
• Дисперсті жүйелер
• Синтетикалық қарамайдың негізінде жасалған қабатты материалдар
• Талшықты заттектер
• Аспалы конструкцияларда қолданылатын конструкциялар
• Спецификалық талаптары:
• Жоғары жылу сақтау қасиеттері
• Отқатөзімділік
• Ұзаққа төзімділік
• Тұрақтылық
• Санитарлық нормаларға сай болу
Сэндвич-панельдер тұрғын үйлердегі сияқты, өнеркәсіптік құрылыста да ойдағыдай қолданылуда. Оның өте тегіс беті қосымша өңдеуді (сылақты немесе тегістеуді) талап етпейді, сэндвич-панельдердің ылғал тартқыштығы төмен және жақсы жылу сақтағыш қасиеті бар, сондықтан ол, тіпті, қиыр солтүстік өңірлерде құрылыс жүргізуге мүмкіндік береді, бірден боялып шығарылатындықтан, ғимараттың әрлеп-сырлау жұмыстары құнын айтарлықтай азайтады.
Дания
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2003;