Дәріс тақырыбы. Көміртекті талшық негізіндегі композициялық материалдар
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға көміртекті талшық негізіндегі композициялықматериалдар жайлы жалпылама мәлімет беру
Негізгі терминдер: Көміртекті талшық, жылуға төзімділігі, конструкциялық материалдар, көміртек талшықтары,көміртекті талшықтың құрамы
1.Көміртекті талшықтар
2.Көміртекті талшықтың құрамы
3. Көміртек талшықтарының қолданылуы
4.Көміртекті талшықтар мен көміртекті пластиктің қолдану саласы
Көміртекті талшық – диаметры 5-15 мкм болатын жұқа тізбектен құралған, көміртектің айрықша атомынан құралған материал. 1000-3000 °C температурада термиялық әрекетке ұшыраған, құрамында 99-92 % көміртек барорганикалық материал. Тұңғыш рет 1880 жылы әйгілі американдық изобретатель Томас Алва Эдисон электрлік шамдардағы балқытылған жіптер ретінде көміртек талшықтарын алу және қолдануды ұсынды және патенттелді.Бірақта көміртек талшықтарына деген қызығушылық 1950 жылдың соңына қарай пайда болды.
Олар жылуға төзімділігі жоғары, жылуоқшаулау қасиеті жақсы, сұйық және газды ортада коррозияға шыдамды және композиттерді армирлеуге тиімді материал болғандықтан ракета қозғалтқышын жасауда қолданылады.
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2271;