Дәріс тақырыбы. Дисперсті-беріктелген композициялық материалдар

Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға дисперсті-беріктелген композициялық материалдар туралы мәлімет беру

Негізгі терминдер: тотық қорытпа, дисперсті-беріктелген композиция, матрицадағы толықтырғыштар

1.Тотық Қорытпадан Дисперсті-беріктелген композициялық материалдар

2. Тотық Қорытпадан Дисперсті-беріктелген композициялық материалдардың артықшылығы

3. Тотық Қорытпадан Дисперсті-беріктелген композициялық материалдардың кемшілігі

Дисперсті-беріктелген композициялық материалдар (dispersion-stregnthened materials)– композиттік материал, бірақ оның матрицасына арнайы құрастыратын бөлшектерден (қоспалар мен дисперсті фазалардан құрайтын) тұратын армирулеуші элементтер енгізіледі.Оның қосылысының мөлшерін және таралуын дұрыс және оңтайлы болған жағдайда кәдімгі матрицасы бар материалмен салыстырғанда беріктігі жоғарылайды. Дисперсті-беріктелген композициялық материалдар (dispersion-stregnthened materials)– композиттік материал, бірақ оның матрицасына арнайы құрастыратын бөлшектерден (қоспалар мен дисперсті фазалардан құрайтын) тұратын армирулеуші элементтер енгізіледі.Оның қосылысының мөлшерін және таралуын дұрыс және оңтайлы болған жағдайда кәдімгі матрицасы бар материалмен салыстырғанда беріктігі жоғарылайды. Дисперсті-беріктелген композициялық материалдардың ерекшелігі наноөлшемді бөлшектердің дислокациясы дұрыс өтіп, иілімділік деформациялары жақсартылған болып саналады. Ондай құрылымды алу үшін толтырылған қатты (дисперсті-қатайғыш қорытпадан) ерітіндіден нанобөлшектерді әртүрлі әдістер қолданылады. Олар яғни, ұнтақ металлургия тәсілі және де механикалық легирлеу, ішкі тотығы мен азоттау әдістері пайдаланылады.Бөлшектің материалын тұрақты қосылыстардан алады: тотықтар, карбидтер, нитридтер ж/е с.с.

Тотық Қорытпадан Дисперсті-беріктелген композициялық материалдар

Мұндай материалдарды турбинаның күректері жоғары температурада жұмыс істейтін жерлерде, жылуалмастырғыштың құбырларында, ғарыш аппараттарында ж/е т.с.с облыста қолданылады. Мысалы, ядролық энергетикада мұндай қорытпалар радиобелсенділіктің арқасында ісініп пайдаға жарамайды. Ал керісінше шыны өндірісінде мұндай платина негізіндегі қорытпалар пайдаланылады.(Oxide_dispersion-strengthened_alloy) ODS қорытпалардың кемшіліктері мен артықшылықтары:

Артықшылықтары:

Қысым мен механикалық өңдеуге келеді;

«Өзін емдейтін« қасиеті бар, қорғауыш тотық қабат құрайды;

Жұқа қабатты (сандвич-панельдерде) конструкцияларда пайдаланылады;

Төменгі пайдалану шығындары.

Бағасы төмен.

Кемшіліктері

Басқа материалдармен салыстырғанда температуралық ұлғаю коэффициенті жоғары болып келеді;

Тығыздығы жоғары;

Рұқсат етілген максимальды температурасы төмен.

Композициялық материалдарда беріктендіргіштердің орналасу схемасы: а - талшықты; 6 - қабаттас; в - дисперсті-беріктендіргіш.








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2092;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.