Суда еріткіш полимерлі қоспалар қосылған цементті полимерлі бетондар

Бетонға сулы ерітінді ретінде енгізілетін синтетикалық полимерлер тобын негізінен термо реактивті шайырлар (карбамидті, эпоксидті) құрайды. Термопластардың ішінен осындай қоспалар ретінде цементті полимерлі бетонға поливинилді спиртті қолданады.

Құрамдардың қату кинетикасы мынадай процесте жүріп өтуді қадағалау керек: суда ерімейтін қатты күйде полимерлердің жүріп өтуі бетонды құрылымның қалыптау денесінде жүріп өтуі керек.

Карбамидті шайырлар негізіндегі цементті полимерлі бетондарды дайындау тәжірибелері белгілі. Мұндай шайырларды сумен араластырады. Майда түйіршікті цементті полимерлі бетон құрамы Ц:П=1:3 ылғал жағдайда алғашқы 14 тәулікте қатайды, ал одан соң келесі 7 тәулікте 60°С температурада қыздырылды.

Уақыт, тәулік

 

 


Уақыт, тәулік

2-сурет. Майда түйіршікті бетондар беріктігінің жиынтық кинетикасы. Бетон құрамы: Ц:П=1:3; 1-майда түйіршікті бетон (қоспа қосылмаған); 2- поливинилацетатты эмульсия қоспасы қосылған цементті полимерлі бетон; 3- СКС-65 латекс қоспасы қосылған цементті полимерлі бетон.

Карбамидті шайырларды 1,05 г/см3 суда концентрациялау арқылы ең жақсы нәтижелер алынған болатын. Полимерсіз бетонмен салыстырғанда 28 тәуліктен кейінгі қатаюда беріктіктің өсуі мынадай болды: қысу кезінде 30-50 %; керілу кезінде – 60-70 %. Бұл кезде тығыздықтың артуы мен композиттердің физика-механикалық көрсеткіштер қатарын ескеру керек.

Құрылыс тәжірибесінде мынадай маркалы ДЭГ-1, ТЭГ-1, ТЭГ-17, №89 суда ерітілген эпоксидті шайырларды қолдану жақсы нәтижелер көрсеткен.

Цемент массасына қатысты карбамидті және эпоксидті шайырлардың оңтайлы концентрациясы 2% құрайды, яғни бұл шайырлардың шығыны термопластикалық полимердің су дисперсті шығынымен салыстырғанда бірнеше есе аз. Сонымен бірге айта кететін жәйт суда ерітілген шайырлармен цементті полимерлі бетонның реологиялық қасиеттерін арттыру арқылы араласпаның ыңғайлы жайылымдылығын 0,29-ға дейін нашарлатпай судың цементке қатынасын (С/Ц) төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Цементті полимерлі бетон шартты түрде ылғал күйде жылдам қатаюға қабілетті. Фурильді спирт қоспасы қосылған цементті полимерлі бетонды цементті бетон технологиясында қолданылатын стандартты қондырғыда дайындайды.

Фурильді спиртті қатайту үшін тұзды қышқыл аналин қоспасын қосу керек (фурильді спиртке шамамен 15%). Бұл кезде беттік белсенді спирт пен рН араласпасының төмендеуі салдарынан цементтің гидратация процесінің баяулауы қадағаланады. Бұл түзілісті өтеу үшін кальций хлорын енгізу жүзеге асады (15% спирт мөлшеріне байланысты).

Композицияны дайындау технологиясы мынадай: араласқан суға жүйелі түрде кальций хлориді, тұзды қышқыл анилин, фурильді спиртті енгізеді. Цементті полимер араласпасын дайындаудың оңтайлы температурасы (10-30) °С. Араласпаны нығыздау қарапайым дірілдеткішпен жүзеге асады.

Мұндай цементті полимерлі бетонның кемшіліктері болып ауалық құрғақ қатаю кезінде үлкен көлемде шөгуі (0,3-0,4 мм/м). Бұйымдарда жарықшалардың алдын-алу үшін, қатаюдың ерте кезеңінде міндетті түрде материалдың бетін ылғалдап қою қажет.

Цементті полимерлі бетонның қарқынды дамуы 45 тәулікке дейін созылады. Фурильді спирт қоспасы қосылған цементті полимерлі бетонның беріктігі 45 тәулік шамасында мынаны құрайды: қысу кезінде 255-285 кг/м2, керілу кезінде 16-25 кг/м2.

Бақылау сұрақтары:

1.Бетонның булы кеңістігінде мономер немесе олигомерді полимеризациялау камереда неше түрлі әдісте жүзеге асады

2.Сіңдіруге арналған материалдарды ата

3.Су дисперсті полимер қоспасы бар цементті полимерлі бетондар

4.Өңдеу келесі операциялардан тұрады

5.Суда еріткіш полимерлі қоспалар қосылған цементті полимерлі бетондар








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 1708;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.