Полимерлі матрицасы бар композициялық материал

Композиттер:полимерлі матрицасы бар композиттер (пмк),металдық матрицасы бар композиттер (ммк),интерметалидті матрицасы бар композиттер (иммк),керамикалық матрицасы бар композиттер (кмк),полимерлі матрицасы бар композициялық материал (ағл. polymer composites)- матрицада жоғары молекулалы байланысы бар композиттер,

Композициялық материал жасауда матрицасы ретінде полимерлердің көптеген түрлері қолданылады. Олар:

термопластар (полиолефиндер, алифатты полиамидтер, фторопластар т.б),

реактопластар ( фенопластар, аминопластар, эпоксидті, полиэфирлі, кремнийорганикалық және полимерлі байланыстырғыштар),

эластомерлер (вулканды табиғи, бутадиен-нитральді, бутилкаучик және басқа каучуктер). Толтырғыштар қолдану механикалық, электромагниттік, физика-химиялық қасиеттерін өзгертуге септігін тигізеді.Полимерлі матрица типі бойынша КМ классификациясы.Термопластар:Полиэтилен

Полистирол

Поливинилхлорид

Полиметилметакрилат

Политетрафторэтилен

Полисульфон

Реактопластар:Эпоксидті смола,Полиэфирлі смола,Фурановты,Фенольді,полиуретанды. Термопластар: Полистирол , поливинилхлорид

 

Полиметилметакрилат Политетрафторэтилен

 

Полиэтилен— халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады.

Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде.Полиэтилен радиотехникамен телеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, футеровкалар, сонымен қатар химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың әр түрлі бөлшектері жасалады.Поливинилхлорид (ПВХ, полихлорвинил, винил, вестолит, хосталит, виннол, корвик, сикрон, джеон, ниппеон, сумилит, луковил, хелвик, норвик и др.) —түссіз пластмасса. Ауада жанбайды және аязға төзімділігі −15 °C. Ыстыққа төзімділігі: +65 °C. Поливинилхлоридтің аталуы көбіне – ПВХ, бірақ кейде басқа да атаулары кездеседі: PVC (поливинилхлорид), PVC-P немесе FPVC (пластифицироленген поливинилхлорид), PVC-U немесе RPVC инемесе U-PVC не UPVC (нпластифицирленбеген поливинилхлорид), CPVC немесе PVC-C немесе PVCC (хлорланған поливинилхлорид), HMW PVC (жоғарғы молекулалы поливинилхлорид). Поливинилхлорид негізінде екі түрлі пластмасса алынады, олар: өте қатты болатын винипласт және пластикат – жұмсақтау материал. Полимердің ыдырамауы үшін пластмассаға тұрақтандырғыш, ал жұмсақ пластикат алған кезде бұнымен бірге жұмсартқыш зат енгізіледі.
Винипласттан төзімді химиялық түтіктер, химиялық аппаратуралардың бөлшектері, аккумулятор банкісі және көптеген басқа заттар дайындалады. Пластикат линолеум, жасанды тері, клеенка, су өтпейтін желбегей жасауға жұмсалады, өткізгіш сым, сондай – ақ су астында қолданылатын кабельдер және т.б. оқшаулағыштар үшін пайдаланылады.








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2090;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.