Дәріс тақырыбы. Ағаш материалдары негізіндегі жылу оқшаулау материалдары

Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға ағаш материалдар негізіндегі жылу оқшаулау материалдары жайлы жалпылама мәлімет беру

Негізгі терминдер: жылу өткізбейтін материалдар, ағаш талшықты плиталар,ағаш жоңқалы плиталар, фибролит, арболит

 

1. Жылу өткізбейтін материалдар

2. Ағаш талшықты плиталар

3. Ағаш жоңқалы плиталар

4. Фибролит

5. Арболит

Жылу өткізбейтін материалдар деп- жылу өткізгіштігі аз үйлерді, басқа да ғимараттарды, жылу өндіретін агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды жылу шыныны сақтайтын материалдар мен бұйымдарды атайды. Жылу өткізбейтін материалдың жылу өткізгіштік коэффициенті 0,18 Вт/м×°С - тан төмен болуы, ал тығыздығы 600кг/м3-нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғак болуы және ылғал тартқыш болмауы қажет, өйткені материал ылғалданса жылу өткізгіштігі еседі, ал егер ол органикалық материал болса шіруі де мүмкін.Пайдаланатын шикізатына қарай олар органикалық және бейорганикалық деп екі топқа бөлінеді: 1-ші топқа ағаш талшықтары және жоңқалары негізінде жасалынған тақталар (сәйкесінше ДВП - древесно-волокнистые) ДСП - древесно-стружечные плиты), жылу өткізбейтін пластмассалар, қамыстан істелінген тақталар, т.б. жатады. 2-ші көп тараған топқа минералдық мақта (мысалы, шыны талшықтары) және одан өндірілетін бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны), түйірлері кеуектелінген перлит, вермикулит, т.б. жатады, 2-ші топқа қарасты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы қазандарды) жабу үшін қолданылады. Органикалық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың толтырғышы ретінде ағаш дайындау және өңдеу өнеркәсіптерінің калдыктарынан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің – мақтаның сабағынан, зығыр мен сораның (кендірдің) қатты қалдықтарынан қамыстан өндірілетін жіңішке талшықтар түйірлер жонқалар, ленталар қолданылады. Органикалық шкізаттардан жасалған жылу өткізбейтін бұйымдарды ылғалдан қорғау қажет, оларды құрғақ қоймаларда төсеніштердің үстіне қойып сақтау керек. Ағаш талшықты плиталар (АТП, орысшасы ДВП) жарамсыз ағаштардан, ағаш даярлайтын және ағаш өңдейтін өнеркәсіптерінің қалдықтарынан, қағаздар макулатураларынан, сондай ақ бидайдың және жүгерінің сабақтарынан және тағы сол сияқты ауылшаруашылық өсімдіктерінен жасайды. Жылу еткізбейтін ағаш талшықтары плиталар - АТП (орысша ДВП) дегеніміз тығыздығы 250-350 кг/м3 ағаш талшықты массаға полимерді қосып, қалыптап, онан соң кептіріп өндірілген парақша материал. Бұл плиталардың ылғалға, шіруге, жанғга төзімдіктерін арттыру үшін негізгі шикізаттарға су жүқпақ зат, антисептк, антипирин қосады. Плиталардың ұзындығы 1200-3600, ені 1000-2800, қалындығы 8-25мм; июге беріктігі 2-10 МПа.

 

АТП бұйымдарының беріктілігін және мәңгілігін асыру жақсарту үшін оларды жасарда арнайы қоспаларды – синтетикалық смолалардың сулық эмульсиясын, парафиннен, канифолдан, битумнан алынған эмульсияларды, антисептиктерді және антипирендерді және де асбесті, глиноземді, гипсті қолданады.

АТП қабырғаларды, төбелерді, қалқаларды және қабатаралық жабындыларды жылу және дыбысоқшаулауға, жамылтқыны жылылауға , арнайы жайларды (радиостудияларды, машинка басу бюроларын, концерттік залдарды) акустикалық өңдеуге пайдаланады.

Ағаш жоңқалы плиталар - АЖП (орысша ДСП) алу үшін 88-92 салмақтық 7- жоңқаны 8-12% полимермен араластырып, ысталған күйінде нығыздап қалыптайды. Плитаның ортаңғы қабаты ұшін ірі қалыңдығы 1 мм, ал беттік қабаттары ұшін уақ қалыңдығы 0,2 мм жоңқалар қолданылады. Жылу өткізгіштігі ағаш жоңқалы плиталардың тығыздығы 300-500 кг/м3 жылу өткізгіштігі 0,05-0,1 Вт/м×°С; ұзындығы 1800-3000, өні 1220-175О, калықдығы 4-100 мм. Бұлардың ылғалға, шіруге отқа (өртке) төзімділігі арттыру үшін негізгі шикізаттарға гидрофобты зат, антисептик

антипирен қосады.

Фибролит дегеніміз ағаш ленталарымен цементтен жасалған тақта бұйым. Ол өндіру үшін хлоры кальций ерітіндісі сіңірілген үзындығы 200-500, көлденеңі 2-5, қалыңдығы 0,3-0,5 мм ағаш ленталары еріксіз қимыл жасайтын араластырғышта (ерікті-планеталар араластырғыштан айрықша) цемент қосып араластырылады. Онан соң қоспамен толтырылады, олардың 10-12-сін штабельдеп (бірінің үстіне бірін қойып) престейді.Бұдан кейін бұйымдар қатаю және кептіру камерасында ылғалдығы азайып, 15-20% болғанша үсталынады. Фибролиттің ұзындығы 2400, 3000, ені 600, 1200, қалыңдығы 30-150 мм.Фибролит тығыздығы бойынша 3 маркаға бөлінеді: ф - 300, ф - 400, ф 500. жылу өткізгіштігі 0,09-0,1 Вт/м×°С - иілуге беріктілігі 0,5- 1,3 МПа; ал ауаның ылғалдылығы 25%-тен аспайтын жерда қолданылады.

Фибролит лаулап жанбайды, түтінденіп лаулап жанады. Ол оңай механикалық өңделеді, араланады, бұрғыланады, шегеленеді.

Қалыңдығы 15 см фибролиттік плиталардан тұрғызған қабырға термиялық кедергісі бойынша екі кірпіш қабырғамен теңбе-тең. Сондықтан, конструкциялы-жылуоқшаулағыш фибролит ауыл-шаруашылық үйлеріндн қалқалар мен жабындылар үшін, ал азқабатты үйлер үшін қабырғалық материал ретінде қолданылады.

Арболит деп ағаш немесе ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтарынан жасалған түйірлерді цөментпен араластырып көбінесө жабылатын қалыпта престеу арқылы өндірілетін бұйымдарды (панельдерді, тақталарды) атайды. Арболитті жылу қоршағыштық және конструкциялы-жылу қоршағыштық бұйымдар жасау үшін қолданады. Арболиттің қатаюын тездету үшін араласпаға біраз ерігіш шыны және хлорлы кальций қосады. Жылу өткізбейтін материал ретінде тығыздығы 500 кг/м3 аспайтын арболит қолданылады.

Арболиттің үй ішінде зоогигиеналық режимді, яғни құрғатып тұратын қабілеті бар. Арболитті қолданып салынған үйлер қабырғаларында конденсаттар құралмайды, ылғалдылықтары кенеттен өзгермейтін болады. Бұл қасиеттерінің ауыл шаруашылық үйлері үшін маңызы зор. Сонымен қатар, арболит сылақтық ерітінділермен, бояулармен және керамикалық плиткалармен жақсы ілініседі.

Арболит өте тиімді материал, ол темірбетоннан екі еседей арзан. Оның өндірісін ұйымдастыруға жұмсалатын шығыны қаражат шығыны кірпіш өндірісін ұйымдастырудан екі есе, темірбетоннан төрт есе төмен. Арболитті жасарда тотырушы ретінде көбінесе уатылған ағаш жоңқалары пайдаланады. Ағаш майдаларының ұзындығы 40мм дейін, ең үлкен қалыңдығы 5 мм және ені 10мм болады. Құрамында ағаш қабығы мен жапырақтарының мөлшері массасы бойынша 5%-тен аспауы керек. Себебі олар жаңқаларда экстракталынған заттардың көбеюіне себепкер болады, сондай-ақ ағаш кесілгеннен кейін қоймада 4-6 ай уақыт жатқаны дұрыс. Жаңадан кесілген ағаштарды арболит алу үшін қолдануға тіпті болмайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жылу өткізбейтін материалдар дегеніміз не?

2. Ағаш талшықты плиталар дегеніміз не?

3. Ағаш жоңқалы плиталарлардың қолданылуы?

4. Фибролит дегеніміз не?

5. Арболит дегеніміз не?

 

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 5476;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.