дәріс тақырыбы. Ағаш талшықты плиталар
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға композициялық материалдар жайлы жалпылама мәлімет беру
Негізгі терминдер: пғаш талшықты плита, акустикалық өңдеу, шайыр
1. Ағаш талшықты плита
2. АТП-ны акустикалық өңдеуде пайдалану
3. АТП-ны өндіру
4. Қатты ағаш талшықты плиталарды құрылыс конструкцияларында пайдалану
Ағаш талшықты плита – ағаш талшықтарды, су, синтетикалық полимерлер және арнайы қоспалардан тұратын ыстық нығыздау немесе кептіру массасы арқылы дайындалған парақ материал Ағаш талшықты плиталар (АТП, ДВП) жарамсыз ағаштардан, ағаш даярлайтын және ағаш өңдейтін өнеркәсіптерінің қалдықтарынан, қағаздар макулатураларынан, сондай ақ бидайдың және жүгерінің сабақтарынан және тағы сол сияқты ауылшаруашылық өсімдіктерінен жасайды.
АТП бұйымдарының беріктілігін және мәңгілігін асыру, жақсарту үшін оларды жасарда арнайы қоспаларды – синтетикалық смолалардың сулық эмульсиясын, парафиннен, канифолдан, битумнан алынған эмульсияларды, антисептиктерді және антипирендерді және де асбесті, глиноземді, гипсті қолданады.
АТП қабырғаларды, төбелерді, қалқаларды және қабатаралық жабындыларды жылу және дыбысоқшаулауға, жамылтқыны жылылауға , арнайы жайларды (радиостудияларды, машинка басу бюроларын, концерттік залдарды) акустикалық өңдеуге пайдаланады.
АТП-ны өндіруде 3 негізгі тәсіл қолданылады:
Ылғалды тәсіл;
Құрғақ тәсіл;
Жартылай құрғақ тәсіл.
АТП-ны ылғал әдіспен өндіру өткен ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды. Өндірістің негізгі технологиялық кезеңдері осы күнге дейін өзгерген жоқ. Ылғал тәсіл: су ортасында құрғатылмаған ағаш талшықты массадан кілемді пішіндеу және ылғал күйінде (60-70%) сақталған кілем бөліктерін жеке-жеке қыздырып,тығыздау мен кесіп алуға негізделген.
Құрғақ тәсілде: ауада құрғатылған ағаш талшықты кілемді 5-8% ылғалдылыққа ие бөліктерді қыздырып нығыздауға арналған.
Плиталарды дайындау барысында ағаш үгітінділері майдаланып, талшықтарға айналдырылып, кілем пішінделеді. Кілем бөліктерге бөлінеді. Құрғақ бөліктерден тығыздалған плиталар жасалады. Ылғал бөлітерді нығыздау арқылы қатты немесе жартылай қатты плиталар дайындалады. Қатты және өте қатты плиталар 5-7% -ға дейінгі ылғалдылықта, 15-170С температураға дейін қыздырылады. Өте қатты плиталардың тығыздығы 950кг/м3; қатты плиталардыкы 850кг/м3; жартылай қатты - 400 кг/м3.Плиталардың ұзындығы 1200-3600мм, ені 1000-1800мм, қалыңдығы 3-8мм болып келеді. Сыналушы үлгінің 24 сағатта суда ісіну көрсеткіші қатты және жартылай қатты үлгіде 20%-дан, ал өте қатты үлгіде 12%-дан аспауы керек.
Су сіңірушілігі өте қатты плиталар үшін 15%, қатты - 30% және жартылай қатты - 40%-ға тең болуы тиіс.
Қатты ағаш талшықты плиталарды құрылыс конструкцияларында пайдаланғанда, олардың қаттылығы мен желіну көрсеткіштері ерекше маңызға ие. Ағаш талшықты плиталарды дайындауда формальдегид пен мочевинформальдегид қоспа ретінде қолданылады. Мұндай термореактивтік синтетикалық шайырлар жоғары температура мен қысымда қатады. Қату реакциясын тездету үшін катализаторлар қолданылады. Қатқан шайыр ерімейді, қайта қыздырғанда жұмсармайды. Шайыр шығыны әдетте плита салмағының 3%-ын құрайды. Плитаның отқа төзімді болуы үшін антипериндер қолданылады.
\
Бақылау сұрақтары:
5. Ағаш талшықты плита қалайжасалады?
6. АТП-ны акустикалық өңдеуде пайдалану қандай жолдары бар?
7. АТП-ны өндіру қандай тәсілмен жүргізіледі?
8. Қатты ағаш талшықты плиталарды құрылыс конструкцияларында пайдалану?
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3513;