Химиялық қоспа қосылған бетондар
Цементті полимерлі бетондарды дайындау технологиясында ерекше орын алатын ол – цемент массасынан 0,1-2% шамасында аздаған мөлшерде бетон құрамына химиялық қоспаларды қосу саналады.Химиялық қоспалар өзінің тиімділігі бойынша мынадай топтарға жіктеледі:
бетон араласпасының қасиеттерін реттейтін қоспалар. Оған пластифицирлеуші қоспаларды жатқызуға болады, яғни бетон араласпасының жылжымалығын жақсартады; тұрақтандырғыш қоспалар, яғни араласпаның қабаттануына алып келеді және суды ұстау қоспалары, яғни су бөлінуін азайтады;
1. бетон араласпасының ұстасуын реттейтін қоспалар (тездеткіш және баяулатқыш), бетон қатаюын реттегіштер (тездеткіш, аязға қарсы тұрғыш);
2. Дайын бетон мен араласпаның қуыстылығы және тығыздығын реттейтін қоспалар: ауамен әсер етуші, газ түзуші, көбік түзуші, нығыздаушы, және т.б. қоспалар;
3. бетонға арнайы қасиеттер беретін қоспалар: гидрофобтаушы, антикоррозиялық, бояушы және т.б.
Кейбір қоспалар жартылай функционалды әсерлерге ие болады, мысалы, пластифицирлеуші және ауамен әсер етуші; Пластифицирлеуші қоспаларды екі топқа бөледі:
цемент араласпасының коллоидты жүйесін дисперстеуге қабілетті және сол кездегі бетон араласпасының аққыштығын жақсартуға қабілетті гидрофильді қоспалар. Өнеркәсіпте жиі қолданыста болатын лигно сульфонды қышқылдың кальций тұзымен сипатталатын сульфитті ашытқы бардасын (СДБ) саналады. Сульфитті ашытқы бардасы негізінен цемент қамырына және оны үлкен шығында цементті бетон құрамына енгізуіне әсер етеді.
1. гидрофобтаушы қоспалар бетонның жылжымалығын жақсартады. Ауа мен су қабатының бетін адсорбциялай отырып, гидрофобты қоспалардың молекулалары беттік кернеуді төмендетеді және цемент араласпасында ауаның майда қуыcтарын тұрақтандырады.
Бұл топтың қоспаларына мыналар жатады: ұнтақ немесе сұйық түрде алынатын натрий абиенаты (абиенатты қышқылдың натрий тұзы); паста түріндегі сабындалған ағаш; мылонафт – сары-қоңыр түстес зат, мұнайды өндіру жолымен алынатын органикалық қышқылдардың суда ерімейтін натрий тұзымен сипатталады. Цемент аз шығындалатын бетондарда ауамен әсер етуші қоспалар өте тиімді. Көрсетілген беттік активті заттар бетон араласпасының жылжымалығын, біртектілігін, қабатқа бөлінуін, насоспен айдағанда аққыштығын арттырады. Сонымен бірге су шығынын азайтумен қатар цемент шығынын да 8-12 % төмендетуге болады немесе цементтің өзгеріссіз шығыны кезінде сулы цемент байланысын азайтуға және бетонның беріктігін, аязға төзімділігін, су өткізбеушілігін біршама көтереді.
Гидрофобты-пластифицирлеуші қоспаларға сонымен бірге кремний органикалық сұйықтар жатады: натрий метилселиконат (ГКЖ-11), натрий этилсиликонат (ГКЖ-10), этилгидросиликонды сұйық (ескі маркасы ГКЖ-94, жаңасы 136-41).Бұл қоспаларды ұзаққа шыдамдылығын арттыру мен беттік гидрофобтау үшін агрессивті ортада бетон мен ерітінді тұрақтылығын жоғарылату үшін қолданады.Құрылыста мынадай суперпластификаторлар жиі қолданылады: нафталинсульфо қышқыл негізіндегі С-3; меламинді шайыр негізіндегі 10-03 және КМ-30; Бұл суперпластификаторлар кәдімгі пластификаторларға қарағанда бетон араласпасын үлкен көлемде сұйылтады ( араласпа жылжымалығын 2 ден 20 см-ге дейін арттырады немесе бетон араласпасының су сіңірімділігін 20-25 % төмендетеді ). Басқаларға қарағанда бұл қоспалар бетонның қатаюын жақсы жүргізеді, сол себепті оны бетон және темірбетон өндірісінде зауыттық жағдайларда қолданады.Полимерлі қатты сұйылтатын қоспалар болып мыналар саналады: СПД, ОП-7, 40-03 және т.б. Оларды өтпелі түрдегі қоспаларға жатқызуға болады, яғни олар бетонның қатаюын біршама баяулатады. Бетон қатаюында тездеткіш ретінде мыналар қолданады: кальций хлориді, натрий сульфаты, кальций хлоридінің нитрит-нитрат және т.б. Арматураның коррозияға ұшырауы салдарынан бұл химиялық қоспаларды қолдану шектеледі.Аязға қарсы қоспа ретінде поташ, кальций және натрий хлоридін қолданады. Қоспалардың концентрациясы цемент массасына байланысты 10% жоғарылауы мүмкін. Газ түзуші қоспа ретінде алюмин опасы (ПАК) мен 136-41 сұйықтығын қолданады.
Ұстасуды баяулату үшін СДБ, ГКЖ-10 қоспаларын, көп мөлшерде сұйықтық 136-41 қолданады.Кеңейетін бетон алу үшін, аллюминді ұнтақ, кальций хлориді мен аллюминий сульфаты, СДБ дан тұратын көп компонентті қоспаларды қолданады.Қоспаның оңтайлы концентрациясы конструкцияны дайындау технологиясы, бетон араласпасының құрамы, цемент түріне байланысты болады. Цемент массасына байланысты % келесідей қоспалар концентрациясын жиі қолданады:
· пластифицирлейтін................................0,1-0,3;
· суперпластификаторлар........................0,5-1;
· ауамен әсер етуші..................................0,01-0,05;
· қатаюды тездеткіштер...........................1-2;
Бақылау сұрақтары:
1.Композициялық құрылыстық материалдар дегеніміз не?
2.Бетон құрылымын модификациялау дегеніміз не?
3.Газ түзуші қоспалар дегеніміз не?
4.Арматураның коррозияға ұшырауы ненің салдарынан болады?
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3144;