Газды үлкен ара-қашықтарға тасымалдау

Газбен қамтамасыз етуде пайдаланылатын жанғыш газдар

Және газдарды өңдеу

Газтәрізді отын – бұл қандай-да бір қоспа үлесі бар жанғыш және жанбайтын газдардың қосындысы. Газдар табиғи және жасанды; ылғал және құрғақ болып бөлінеді. Сондай-ақ тасымалдау кезінде ылғал газдар кептіріледі. Табиғи газдардың иісі болмайды, сондықтан оны одоризациялайды, яғни оған иіс береді.

Табиғи газ бұл көмірсутектің қосындысы, оның құрамында сутегі, оттегі, көмірқышқылы болмайды. Оны 3 топқа бөлуге болады: таза газдың шығатын жерінің газы, жол-жөнекей, бағыттас газ, конденсатты кен орнының газы – құрғақ газ бен осы газ конденсатының буларының қоспасы.

Жасанды газдар: доменді, коксты, газ генераторларынан алынатын газдар. Қатты отыннан газды құрғақ айдау әдісімен алады. Газды тасымалдау кезіндегі негізгі қиындықтар: мұз; кристалл-гидраттардың түзілуі; оттегінің, судың, күкіртті сутектің болуы коррозияға әкеледі.

Газдарды кептіру үшін қатырады немесе абсорбциондық (сіңіру) тәсілді қолданады.

 

Газды үлкен ара-қашықтарға тасымалдау

Ол магистральді газ құбырларымен жүзеге асырылады. Құрамына: газ құбырының өзі, басты құрылғылар, газды жіберетін сығымдағыш станциялар, газды таратушы станциялар, бақылаушы-реттеуші орындар кіретін техникалық құраушы кешен болып табылады.

 

Сүлбенің элементтерінің міндеттері: ПГРС – қысымды төмендетуге арналған, ол үшін қысым реттеуіштері орнатылады. КС – қысымды көтеруге арналған, яғни ГРС пен КРП-да газды азайту жүреді де қысым тұтынушыларға қажетті қысымға дейін төмендетіледі. ГРС КРП-ға қарағанда аса қуатты болып табылады. Қаланы газбен жабдықтау ГРС арқылы жүзеге асырылады.

 


НП – (населенный пункт) елді мекен; ОГ – (очистка газа) газды тазалау; КС – (компрессорная станция) компрессорлық (сығымдағыш) станция; ГРС – (газораспределительная станция) газды таратушы станция; ГРП – (газораспределительный пункт) газды тарататын орын; ПО – (промышленный объект) өнеркәсіптік нысан; КРП – (контрольно-регуляторный пункт) бақылаушы-реттеуші орын; ГП – (газгольдерный пункт) газ сақталатын орын; ПГРС – (промысловая газораспределительная станция) кәсіпшілік газды тарататын станция.

 

Сурет 2. Магистральді газ құбырының принципиалдық сұлбасы.

 








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 2082;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.