Несиенің мәні және формалары. Несие жүйесінің қызметтері
Несие кең мағынада экономикалық серіктестіктер арасындағы келісім шарт, қарыз нысанындағы мүлікті немесе ақшаны жеке немесе заңды тұлғаларға пайыз төлеу және қайтару мерзімін ұзарту шартында беру.
Ал, тар мағынада – қарыз капиталының қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады.
Несие беру қағидалары:
- мерзімді;
- қайтарымды;
- ақылы;
- материалдық қамтамасыз ету;
- бір мақсатқа бағытталу.
Несие, беру тәсіліне қарай, және кеңістік-уақыттың сипаттамасы бойынша әр түрлі нысандарға жіктеледі.
Несие беру тәсіл бойынша несие натуралды және ақшалай деп бөлінеді:
- Натуралды несие беруде несие нысаны болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.
- Ақшалай несиенің нысандары: ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акциялар, вексельдер облигациялар және басқа да міндетті қағаздар.
Несие беру мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (3 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді несие (10 жылға дейін);
- арнайы ұзақ мерзімді несие (20 жылдан жоғары) болып бөлінеді.
Несиелік кеңістік сипаты бойынша несие, халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, ипотекалық болып бөлінеді.
Халықаралық – бұл қарыз капиталының халықаралық эконмикалық қатынастың аумағындағы қозғалысы. Оның тауарлы немесе ақшалай нысаны болады.
Мемлекеттік несие – мемлекет несиені халыққа және жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік облигациялар болып табылады.
Банктік несие – несие-қаржылық мекемелер кез-келген шаруашылық субъектілеріне ақшалай қарыз береді.
Коммерциялық несие – бұл несиені шаруашылық тұлғалары басқаларына төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату түрінде берілді. Бұл - тауар несиесі.
Тұтынушылық несие – жоғары пайызбен (30%) көбіне анықталған мерзімге (1-3 жылға дейін) жеке тұлғаға беріледі.
Ипотекалық-кепілдік несие - бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті (жер, құрылыс, ғимарат) кепіл ретінде алып береді.
Несиелік қатынастың субъектілері: мемлекет, кәсіпорындар, үй шаруашылығы, банктер, сақтандыру компаниялары, әр түрлі қорлар, шіркеу және т.б.
Несие жүйесі – несие беру нысандары мен тәсілдерінің несиелік қатынастар жиынтығы. Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан, банктер несие-қаржы мекемесі. Банктің негізгі қызметі тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру болып табылады.
Несие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері:
- мемлекеттік орталық банк;
- коммерциялық банк;
- маманданған қаржы-несие институттары.
Бұл мекемелердің әрқайсысы өзінің қызметін атқарады. Мысалы: Ұлттық банк ақша эмиссиясымен, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен айналысып, коммерциялық және жинақ бактердегі несие резервтерін реттейді.
Коммерциялық банктер кәсіпорындар, компаниялар мен тұрғындардың бір бөлігінің ақшалай қорларын шоғырландырып, қысқа және орта мерзімді несиелер беруді жүзеге асырады.
Жинақтық банктер тұрғындардың салымдарын шоғырландырумен айналысып, қорларының көбін бағалы қағаздарға салады.
Инвестициялық банктер бағалы қағаздарды сатуға делдалдық жүргізіп, өнеркәсіп үшін кеңес беру қызметін атқарады.
ҚР-да екі деңгейлі банк жүйесі қызмет етеді:
· ұлттық банк;
· коммерциялық банктер.
Банк мекемесінің басты табыс көзі берілген қарыздың пайызы болып табылады. Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқа да жүргізілген операциялар табыснан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасын маржа деп атайды.
Банкке табыс әкелетін операцияны активті, ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны пассивті деп атайды. Банк ресурстарын – банктің өз капиталы және клиенттер салымы немесе депозиттер құрайды.
Соңғы жылдары банк қызметінде операцияның жаңа түрлері кең етек ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржы - транстық операциялар.
Лизинг– бұл мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру. Лизингтік компания ірі құрал жабдықтарды сатып алып, жалгере 5-8 жылға жалға береді.
Факторинг– қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Яғни, борышты өндіріп алу құқығын қайта сату немесе сенімхат жөніндегі коммерциялық операциялар немесе несиеге сатқаны үшін ақша алумен байланысты қызмет көрсету.
Трансұлттықтық операция – бұл коммерциялық банктің жеке және заңды тұлғалар мүліктерін басқару жұмысы.
Несие-ақша саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесіне тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнату керек. Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудің классикалық құралдары – ақша нарығындағы операциялар, міндетті резервтер мен есеп мөлшері нормасының өзгеруі пайдаланылады.
Ашық нарықтағы операциялар –бұл орталық банктің мемлекеттікбағалы қағаздарды сатып алуы және сатуы. Бұл – ақша ұсынысын бақылаудың ең икемді әдісі, ақша массасының сатып алу немесе сату саясатын жүргізу үшін қолданылады.
Резервтер нормасының өзгеруі – ақша-несие саясатының ең маңызды құралы. Ол резервтер нормасының өзгеруімен анықталады, мұны коммерциялық банктер орталық банк шотында ұстауы керек. Несиелік ақша массасын тез қысқарту немесе көбейту құралы ретінде қолданылады.
Есептік мөлшерлеменің өзгеруі – ақша-несие айналымының тікелей реттеу құралы. Есептік мөлшерлеме – пайыз мөлшерлемесі, онымен орталық банк коммерциялық банктерге несиелер береді. Есептік мөлшерлеменің өзгеруімен анықталады. Несие белсенділігін басқару үшін қолданылады.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 6693;