Экономикалық өсудің үлгілері

Экономикалық өсу мәселесі соңғы үш жүз жылдықтың ғалымдарымен зерттелуде. Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің үлгісі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжам жасайды.

Экономикалық өсудің үш негізгі үлгісі бар. Олар:

· Неоклассикалық үлгі, яғни еркін нарықтық қатынасты, өндіріс факторларын қарастыратын үлгі. Яғни, капиталды – экономикалық өсудің жалғыз факторы деп қарастырады.

 

G = S : C

Мұндағы: G– экономикалық өсу қарқыны;

S – ұлттық табыстағы жиналған ақша үлесі;

C = K (капитал)_

Q(өнім шығару)

 

· Кейнстік және неокейнстік үлгілер – сұранысты ынталандыра отырып экономиканы реттейді. Кейнс концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, макроэкономикалық тепе-теңдікке жету үшін, ЖҰӨ-ң барлық көлемін өткізу үшін тиімді сұраныс болмаса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.

Яғни, S = I (жинақ ақша = инвестицияларға) – бұл экономикалық өсудің шарты.

Егер, S > I болса, онда босалқы қор пайда болады, және ұмыссыздық өседі.

Егер, S < I болса, онда инфляция өседі.

· Институтционалдық үлгі – қажеттілікті үнемі қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрылымының институтционалдық өзгерістеріне назар аударады.

Коббо – Дуглас үлгісі – бойынша экономикалық өсу еңбек өнімділігі (L) мен капиталдың (K) жоғары деңгейінде мүмкін болады Y = F(L, K) -өндірістік функция. Мұндағы:

Y - өндірілген өнім көлемі;

L – еңбектің жиынтық шығындары;

K – жұмсалған капитал.

Семинар сабағының жоспары

1. Экономикалық өсудің өлшемдері мен факторлары

2. Экстенсиві және интесивті экономикалық өсу

3. Экономикалық өсудің негізгі үлгілері

 

Негізгі категориялар

Экономикалық өсу, экстенсивті экономикалық өсу, интенсивті экономикалық өсу, экономикалық өсудің факторлары, экономикалық өсудің жаңа классикалық үлгісі, экономикалық өсудің жаңа кейнсшілдік үлгісі.

СӨЖ тақырыптары

1. Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері және факторлары

2. Экономикалық өсудің үлгілері

3. «Қазақстан - 2030» Президент Н.Назарбааевтің Қазақстан халқына жолдауындағы Қазақстан экономикасының дамуының басымды бағыттары.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық өсудің типтеріне сипаттама беріңіз.

2. Экономикалық өсудің үлгілері қандай?

3. Экономикалық өсудің факторлары мен көрсеткіштері қандай

4. «Қазақстан - 2030» бағдарламасына сай экономикалық дамудың басымды бағыттары.

 

Сынылаты әдебиеттер

1. Шеденов К.Ө. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе.- 2003

2. Экономикалық теория. (сызбалы оқу құралы) Крымова В., Алматы, 1999ж.

3. Әкімбеков С., Баймұхамбетова А.С., Жанайдаров У.А.Экономикалық

теория. Оқу құралы. – Астана, 2002ж.

4. Орысша – қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздік. Оразалин К.Ж., Жантаев М.М. Алматы

Тест тапсырмалары

1. Экономикалық теория ғылым ретiнде қашан қалыптасты:








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 4433;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.