Аржы жүйесі және салық салу принциптері мен формалары.
Қаржы - бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құрылысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы.
Ақша құралдарын сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланысты қатынастар жиынтығы қаржылық жүйені құрайды. Қаржылық жүйе жүргізетін саясат қаржылық саясатдеп аталады.
Нарықтық қатынастар жағайында қаржы бірнеше қызмет атқарады:
1. Топтастыру - құралдарды үйлестіру және материалдық негіз құру;
2. Реттеуші – шаруашылық субъектілерді ынталандыру;
3. Бөлу – ақша құрамының қалыптасуы және оларды бюджет, әлеуметтік сақтандыру арқылы пайдалану;
4. Бақылау - салық жинаудың дұрыстығын және оларды дұрыс пайлануды қамтамасыз ету.
Қаржы қатынасының тұлғаларына мемлекет, фирма, әр түрлі бірлестіктер, ұйымдар және жеке азаматтар жатады. Қаржы нарығы нарықтық экономиканың қалыптасқан элементтерінің бірі. Ол капитал нарығын, валюта нарығын және бағалы қағаздар нарығын қамтиды. Мұндағы мақсат еркін қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік қоғамның мүддесіне жұмсау.
Қаржы үш құрамдас бөліктен тұрады:
· Халық қаржысы;
· Бірлестіктер, фирма, сала кешенінің қаржылары яғни, орталықтанбаған қаржы;
· Мемлекеттік, яғни орталықтанған қаржы.
Халық қаржысы табысты бөлімнен тұрады, жанұялардың алғашқы табыстарынан, шығысбөлімінен және халық қор жинауынан тұрады.
Орталықтанбаған (мемлекеттік емес) қаржы -фирма, бірлестік және ұйымдар иелігіндегі қаржылар ( шаруашылақ тұлғаларының қаржысы).
Орталықтанған (мемлекеттік) қаржы –қаржы жүйесінің басты бөлігі. Бұған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік және жеке мүліктік сақтандыру, мемлекеттік несие, мемлекеттік бюджет кіреді.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол кірістен және шығыстан тұрады. Бюджет шығысы табыстан артық болса бюджет тапшылығы орын алады.
Мемлекеттік бюджеттің табыс көзі – салық болып табылады. Салық– дегеніміз тұрғындар, кәсіпорындар мен ұйымдардың заң негізінде мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салудың мақсаты кәсіпорындар мен тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарату болмақ. Және де салық ұлттық табысты құрауда, бөлуде ең басты құрал болып табылады.
Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:
- салық барлық игіліктерге пропорцианалды түрде қоғам мүддесіне сай салынады;
- салық табыс мөлшері мен әл - ауқат деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен қатар салық төмендегі қызметтерді атқарады:
- фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі - бұл қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- бөлу қызметі – мемлекет, әртүрлі топтардың арасында қаржыны территория, облыс, аудандар бойынша қайта бөлуді жүргізеді;
- реттеуші қызметі - мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді;
- ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
- шектеу қызмті - мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;
- бақылап-есептеу қызметі - мұнда кәсіпорындар мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарынан алынады. Салықтың бұл түріне – табыстан алынатын, пайдадан алынатын, жылжымайтын мүліктен, бағалы қағаздар операциясынан алынатын салықтар жатады.
Жанама салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – айналым салығы, акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынатын салық жатады. Жанама салық мемлекеттік реттеудің бірден-бір құралы ретінде қолданылады.
Салық жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді және төмендегідей салық элементтірінен құралады:
- салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндеті жүктелген тұлға, ол заңды және жеке тұлға баға алады;
- салық нысаны,яғни табыс және мүлік (жақалы, табыс, бағалы қағаз);
- салық көзі- бұл қоғамның таза табысы, нысандардың тәуелсіздігіне байланыссыз салық салу;
- салық мөлшері – салықтың маңызды элементі, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды. Салық мөлшері: шекті, орташа нөлдік және жеңілдікті болып бөлінеді.
Қазақстанда салық жалпы мемлекеттік және жергілікте деп екі топқа бөлінеді:
- жалпы мемлекеттік салыққа жататындар:заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық, қосымша құн салығы, акциздер, бағалы қағаздар операциясына салынатын салық, арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғаны үшін салынатын салықтар.
- жергілікті салық пен алымдарға жататындар:заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік, құрал-жабдық салығы, кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым, аукцион сатылымынан алынатын алым.
Салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс «Лаффер қисығы» деп аталады. Лаффердің дәлелдеуі бойынша, салықтардың төмендеуінің нәтижесінде экономикалық өсу және мемлекет табысының өсуі орын алады.
Лаффер теориясы бойынша табыс салығының ставкасы 50%-дан асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділігі күрт төмендейді.
Фискалдық саясат үкіметтің шығындары және салықтарымен байланысты реттеу жүйесі болып табылады. ол дискрециондық және автоматтық болып бөлінеді. Дискрециондық фискалды саясатқа - мемлекеттің ЖҰӨ-нің нақты көлеміне, жұмыспен қамтуға, инфляцияға және экономикалық өсуге ықпал жасау мақсатымен салық салуы және мемлекеттік шығындарды реттеуі жатады. Дискрециондық емес фискалдық саясат – (автоматты ставлизаторлар) мемлекеттік шығындар мен салықтар көлеміндегі өзгерістер автоматты түрде енгізілетін енжар саясат. Автоматты ставлизаторлар – құлдырау кезінде сұраныстар жиынтығын ынталандыруға бағытталған ешқандай саяси шешімсіз болатын қаржы – бюджет саясатындағы өзгерістер.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2614;