Кәсіпорындағы маркетинг қызметінің стратегиясы
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау енгізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргы жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге , кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатын - бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан – жақты және нақтылы зерделеу , сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін – бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты. Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг - бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс – қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу ), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.
Маркетингтің негізгі мақсаты – сатып алу, сату процесінде ең жоғары мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті - кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметі жүйесінде, сол сияқты кәсіпорынның басқа да жеке міндеттері шешіеді:
- рынок, тауар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі;
- тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, рынок, бәсекелестер;
Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелілікті тұжырымдайды:
- тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау;
- тауарларды жылжытуды жеделдету;
- сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;
- өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.
Маркетинг қызметі жағдайында рынок екі түрге ажыратылады:
- сатушы нарығы (рыногы);
- сатып алушы нарығы (рыногы).
Сатушы рыногы – бұл шын мәнінде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы рыногы - бұл шын мәнінде толықтырылған рынок, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие.
Рынокты зерделеу екі жайғасымда жүзеге асырылады: оның ерекшелік сипаты, сыйымдылыққа қажеттілігі және мүмкіншілігі, молықтыру деңгейі, бәсекелестің жағдайы, ұқсас тауарлар шығуының ықтималдылығы , т.б.
Ондай және басқадай жайғасымның артықшылығы өнімге бағдарланған маркетинг немесе тұтынушыларға бағдарланған маркетингке алып келеді.
Өнімге бағдарланған маркетинг , мынадай жағдайда қолданылады, егер де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірілген тауарды алуға ынталандыру болып табылады.
Егер де кәсіпорынның қызметі тікелей рыноктың өзінен шығатын мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталса, тұтынушыға бағдарланған маркетинг пайдаланылады. Мұндағы маркетингтің басты мақсаты - әлуетті мұқтаждықты зерделеу, рынок тауашасын іздестіру. Маркетингтің бұл үлгісі - жалпы коммерциялық қызметтің маңызды бөлігі, себебі, тұтынушылардың сұрау салуды зерделеусіз кәсіпкер үшін мүмкін емес.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі үшін маркетингтің осы екі үлгісі де бір жолғы болу керек. Тек кәсіпорынның өндіріс және рынок жағына мүмкіншілікке жан – жақты талдау жасау нағыз коммерциялық табысқа жеткізеді.
Маркетингітің нақтылы жүзеге асыру ісі, яғни ол істің маңыздылығы мен бағыты кәсіпорынның салалық сипатына, оның ұсынатын тауарларының пайдалану орнына (жеке адам қажеті, немесе өндіріс қажеті орындауына) байланысты болады. Осыған қажеті орындауына) байланысты болады. Осыған сәйкес неше түрлі маркетинг салаларын айыруға болады.
Өнеркәсіп маркетигі дегеніміз - өндіріс үдерісінде тұтынылатын тауарлармен, қызметтермен, оларды тұтынатын және сауда саттықпен айналысатын фирмалармен шұғылданады.
Қызмет маркетингі дегенміз өнім ретінде қызметтермен шұғылданатын маркетинг түрі. Қызмет маркетингтің нәтижесінде фирмалар лауазымды маркетинг мәселелерін шешеді: бәсекелестердің көрсететін қызметтермен салыстырғанда айырмашылғы мен артқышылығы болатын қызметтерді тауып, ұсынады.
Халықаралық маркетинг – кәсіпорындардың сыртқы экономикалық әркеттерінде қолданылатын маркетинг түрі. Халықаралық маркетинг маркетингтің сыртқы ортасын зерттейді, сырқты рынокқа шығу мүмкіндіктерін анықтауды, нақты рыноктарды таңдауды және оларға шығы әдістерін, халықаралық маркетинг жоспарын өңдеуді болжайды.
Банк маркетингі дегеніміз жалпы капитал рыногында және оның жеке салаларында, айталық банк саласында, несие саласында, құнды қағаздар рыногында болып жатқан үрдістерді зерттеуді және есепке алуды болжайтын банкті басқару жүйесін сипаттайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Маркетинг қызметі қалай ұйымдастырылады.
2. Туризмдегі маркетинг дегеніміз не.
3. Сұраныс түрлері.
Дәріс
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 3656;