Маркетинг мәні және қызметтері, түрлері қағидалары

 

Көз алдымызда бизнеспен айналысайын деп жүрген кәсіпкерді елестетіңіз. Айталық , ол керекті заттарды тауып сатып алды, фирманы мемлекет органдарына тіркеп, банкте есеп-шот ашты, қажет іс орнын жолдады, материалдар мен өндіріс құрал – жабдықтарды жинап алды, өндірісті жүргізіп, тауарлар шығарды, оларға жарнама жасады делік. Міне осы жерде оны ойда жоқ сәтсіздік күтеді, тауарға рынокта сұраныс болмады. Кәсіпкер жарнама шығындарын көбейте түседі. Сонда да алушылар оның тауарына назар аудармайды. Ешкім оны сатып алмайды. Осыдан сұрақ туады: бұның себебі неде? Мүмкін тауардың сапасы төмен, немесе оның бағасына сәйкес емес шығар? Ал немесе алушылар өздері үйренген , бұрыннан білетін фирмалардан алғысы келетін шығар? Мүмкін тауар ескірген болар?...

Себептері өте көп болуы мүмкін. Бірақ бір нәрсе айқын – ол біздің кәсіпкерлеріміздің маркетингтен мүлдем бейхабар екендігі.

«Маркетинг» термині ағылшынша «market» (рынок) сөзінен шыққан және дәлме-дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді. Алайда ұғымның мәні одан өте кең де, өте ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Терминологиялық түсіндірмелерге байланысты пікір- таластарға тоқталмай-ақ , олардың өзара жүйелік жақындығы арқылы маркетингті бірнеше аспектілерін қарастырайық.

Рынокты экономикада жеке адамдардың және фирмалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру ісіне шығындардың шексіз өзара алмасуы барысында қол жетеді. Оның жүзеге асуы үшін келксі шарттар орындалуы қажет:

-Құндылықтарға (тауарға) ие және ол құндылықтарға мүдделі субъектілердің (жеке және заңды тұлғалардың) рынокта болуы;

-Олардың әрқайсысы ымыралы коммерциялық шешімдер іздеуге қабілетті (мысалы, тауардың бағасы жағынан, тауардан белгілі қажетті орындау қабілетін күту) және субъектілер өз міндеттемелерін орындай алатын қабілеті ( мысалы, алған тауар үшін өз мерзімінде ақысын төлеу немесе келісілген уақытта оны жеткізу) қабілеті болуы тиіс;

-Барлық қатысушылардың іс- әрекеті мен олардың таңдауы өз еріктерінде (мысалы, бірі жасаған ұсынысты басқалары қабылдауға немесе қабылдамауға еркінлігі) болуы тиіс.

Бұл тұрғыдан алғанда, негізінде маркетинг дегеніміз - тұтынушыға қарай жылжытуға бағытталған тауарды кім шығарғанын (өндіруші), кімге арналғанын (тұтынушы) , белгілерге және осыған байланысты көптеген басқа қызметтерді атқаруға бағытталған іс- әрекет деп айтуға болады.

Маркетинг өндіруші мен тұтынушы арасындағы күрделі, көп жақты байланысты қамтамасыз етеді, олар жасайтын айырбасты белгілі , нысаналы нәтижелікке бағыттауы тиіс. Осы аспектіде Маркетинг рыноктың қатынастардағы жүріп жатқан потенциалды қатысушылардың арасында тек тауарлық қана емес, сонымен қатар ақпараттық айырбасты жүргізуші, оны реттеуші құрал болып табылады. Бұл аса күрделі , қоғамда зор маңызды орын алатын іс. Өндірушілердің өзі тек ұсынушы және сатушы ғана емес. Сонымен ол тұтынушы, сатып алушы ретінде де тыныс- тіршілік жасайды. Өйткені біркелкі өнім өндірушілер өзіне қажет өндіріс құрал – жабдықтарын неғұрлым көп сатып алып , өндіретін тауарын көбеткісі келсе, солғұрлым ол құрал- жабдықтарға деген оның қажеті мен сұранысы өседі. Осының өзі аспектідегі маркетингтің көп қырлы мән- мазмұнын сипаттап отыр.

Маркетингтің нақты жүзеге асқан деңгейі мен күрделілігі кәсіпорынның сипатына , оның рынокқа ұсынған тауарына, рынок жағдайына байланысты. Маркетинг жай , тіпті қарапайым немесе өте күрделі болуы мүмкін. Неғұрлым фирманың жұмысы күрделі болса, солғұрлым ондағы маркетингте көп құрамды болып келеді. Маркетингтің көп түрлілігі тұтынушылардың сұранысына байланысты.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2059;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.