Маркетинг қызметін ұйымдастыру
Капиталдың жекелеген формалары және оны көптеген қолдану сатыларының ішіндегі ең маңыздысы өндірістің өзі даму стратегиялық мақсатына жету жолында бірсыпыра қызмет атқарады. Олардың ішінде ең негізгілерін айтсақ - өндірісті бастауға фирманың дайындығын , өнімнің шығарылуын , қаржы – экономикалық жағдайының қамтамасыз етілуін тек маркетинг арқылы ойдағыдай шешуге болады. Ең алғашында маркетинг шаруашылық қызметінің көп тармағының бірі және теңдестік қызмет ретінде, ал соңында интегралданған маркетингтің негізін құрайды. Ол төмендегі бірінші суретте біршама бейнеленген.
Өнімді шығару | Өнімді дайындау |
Рр Сатып алаалушыны оның рп қажетін белгілеу | М Маркетинг дж | Фирманың қаржы экономикалық жағдайын қамтамасыз ету |
Өндірісті қамтамасыз ету. |
1-сурет.
Бүгінгі фирмадағы маркетингтің орны.
Бұл суреттен маркетингтің атқаратын қызметтері рынокта қалыптасқан қажеттіліктерді олардың ұқсастығына қарай біріне-бірін жақындатып, оларды қанағаттандыру жалпы идеясына бағыттағанын көруге болады. Маркетингтің шаруашылық қызметі ретінде орындайтын толық жұмыс түрлері тізімін беру өте қиын. Сонымен бірге, кәсіпорынның мынадай сұрақтарға жауап іздеуі маркетингтің роліне шек келтірмейді.
-Қандай тауарларды рынокқа ұсыну керек.
(жаңа өнімді жобалау, ескі өнімді жаңарту, немесе оның өндірісін тоқтату, т.б. с. с.)?
- Өнімді кімге ұсыну керек (тұтынушыларды зерттеу)?
- Қашан және қандай шарттарды ( баға, шығын, сапа, технология, техникалық қызмет көрсету түрлері, т.б.с.с ) тауарға қою керек?
- Тауардың тұтынушыға қандай арнамен жетуі керек ( өткізу жүйесін құру, жарнама, өтімді ынталандыру, т.б.с.с ) ?
Тауардың өмірге келуін әрине сұраныс белгілейді. Ал сұранысты айқындайтын да, оны қалыптастыратында маркетинг үрдісі болады. Сондықтан маркетинг қазіргі бизнестің концепциясы ретінде зерттеу, талдау, ойлау және болжау үрдісін қамтиды. Ол әртүрлі шешімдердің әр дәрежеде қолданылуын қамтамасыз етеді. Маркетинг концепциясына сәйкес фирманың жан-жақты жұмыстарын рынок жағдайында алдын-ал реттеу және әлуетті тұтынушылардың мұқтаждығы мен қажеттіліктерін нақтылы білу, олардың болашақта өзгеруін болжамдар арқылы есепке алып отырады. «Өндірген тауарды сатудың орнына, сатылатын затты өндіріңіз», «Тауарды емес клиентті жақсы біліңіз» -бұл маркетинг концепциясындағы фирманың сенімі.
Маркетинг саласындағы белгілі маман Ф. Котлер мынадай анықтама береді : Маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі. Бір жағынан мұндай қызмет рынокты жан – жақты, жүйелі зерттеуге , тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін және талғамдарын табуға, оларға өндірісті бейімдеуге бағытталған. Сонымен қатар, өндірілген тауарларды тиімді өткізу үшін рынокты және қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған нысаналы және белсенді іс - әрекеттерді болжап белгілейді. Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні бір – бірімен тығыз байланыстыру, бір – бірін табуға көмектесу болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрін тұжырымдасақ, маркетинг қызметіне төмендегілер жатады :
- әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;
- тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;
- тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайдалы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
- өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуге анықтау;
- рынокқа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу;
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары, олардың құндылығы және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырылып қолданса өседі. Бұл жағдайда маркетинг концепциясы қалыптасады және оның қолданылуы мүмкін.
Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсетіп отырғанындай рыноктағы табыс фирманың тек қана өндірістік және қаржы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар маркетингті дұрыс қолдануын да дәлелдейді. Өйткені маркетинг;
- Кәсіпорынды баықару принципі ретінде тиісті рынок шешімдерін дәйекті бағыттау үшін тұтынушылардың қыжеттіліктерін қанағаттандыру жолдары мен әдістерін белгілейді;
- Рынок әрекетінің құралдары ретінде ерекше тәсілдер арқылы бәсекелестерге қарағанда басымдылық алуын қамтамасыз етеді;
- Рынок әдісі ретінде өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделері үйлесуіне қол жеткізеді.
Маркетинг дегеніміз-дүние жүзі кәсіпкерлерінің бірлескен творчествосының туындысы.Олардың қорытқан тәжірибесі тұтас бір философиялық бизнес идеологиясын дүниеге әкелді. Сөйтіп маркетинг бүкіл кеңістікте орын алып дамиды.Рынок қатынастары дамуының әр сатысына сәйкес өзінің неше түрлі концепциясы қалыптасты. Маркетинг концепциясының мына сатылары белгілі;
-Өндірістік
-Тауарлық
-Өткізу
-Маркетинг
-Әлеуметтік-Этикалық
Осы концепциялар экономика дамуының әртүрлі кезеңдерін, сонымен қатар соңғы жылдарда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерін бейнелейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесі ретінде құралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сырқты өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорының маткетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқада шаралар жатады. Маркетингтің негізі болып табылатытын – бұл бірі-бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету қажеттіліктің және тұтынушының артықшылығын алыптастыру, дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және оларды бірін-бірі табуға жәржем беру-кез келген маркетинг қызметінің асты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты.
Маркетинг – бұл шын мәнінде кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг – бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметінң әр қилы түрлерінің өзара іс- қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.
Маркетинг негізгі мақсаты – сатып ал, сату процесінде ең жоғарғы мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті – кәсіпорын қызметінінің тұрақтылығын барынша және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметі жүйесінде, сол сияқты кәсіпорынның басқа да жеке міндеттері шешіледі:
• рынок, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету;
• кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі;
• тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, рынок бәсекелестер.
Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:
• тауарлардың бәсекеге жарамдылығын ажырату.
• тауарларды жылжытуды жеңілдету;
• сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;
• өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.
Маркетинг қызметі жағдайында рынок екі түрге ажаратылады:
• сатушы нарығы (рыногы);
• сатып алушы нарығы (рыногы).
Сатушы рыногы – бұл шын мәніде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлекн билікке ие болады. Сатып алушы рыногы – бұл шын мәнінде толықтылырғын рынок, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие.
Рынокты зерделеу екі жайғасымды жүзеге асырылады. Оның ерекшелік сипаты, сиымдылыққа қажеттілгі және мүмкіншілігі, молықтыру деңгейі, бәсекелестің жағдайы, ұқсас тауарлар шығының ықтималдылығы, т.б.
Ондай және басқадай жайғасымның артықшылығы өнімге бағдарланған маркетинг немесе тұтынушыларға бағдарланған маркетингке алып келеді.
Өнімге бағдарланған маркетинг, мынадай жағдайда қолданылады. Егер, де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірілген тауарды алуға ынталандыру болып табылады.
Егер де кәсіпорынның қызметі тікелей рыноктың өзінен шығатын мұқтаждықты қанағтатандыруға бағыталса, тұтынушыға бағдарланған маркетинг пайдаланылады. Мұндағы маркетингтің басты мақсаты - әлеуетті мұқтаждықты зерделеу, рынок таушасын іздестіру. Маркетингтің бұл үлгісі – жалпы коммерциялық қызметтің маңызды бөлігі, себебі, тұтынушылардың сұрау салуды зерделеусіз кәсіпкер үшін мүмкін емес.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі үшін маркетингтің осы екі үлгісі де бір жолғы болуы керек. Тек кәсіпорынның өндіріс және рынок жағынан мүмкіншілікке жан-жақты талдау жасау нағыз коммерциялық табысқа жеткізеді.
Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Сайып келгенде коммерциялық фирма әрекетінде түпкі нәтижесінде көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалып алынған баға стратегиясы тауардың бәскелестік қабілетіне және кәспорынның өндіру - өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді. Бұған қоса тұтынушыларға (таурады сатып алушыларға) тигізетін бағаның әсері де аса зор. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Құн мен бірге сұраныс пен ұсыныс өз әсерін тигізеді ол қаржы және пайда алудағы фирманың пәрменді маркетинг құралы
Бағаның атқаратын қызметтері және оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқартын бес қызметі белгілі :
1. Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да қөндіріс құрал жабдықтар жұмсалғанын баға арқылы анықталады.
2. Ынталандыру қызметінің мәні әртүрлі тауарлдарды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады. Өндірушінің табысқа жету әрекеті. Баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметі шығынды кемітіп пайданы көбейту үшін ғылыми – техникалық прогресті дамытуға, ресурстарды тиімді үнемдеуге, өнімнің сапасын жақсартуға ынталандырылады. Сапалы және тауар жоғары бағамен сатылса пайд көбейеді.
3. Бөлу қызыметін баға тауардың құнынан төмен немесе жоғары ауытқу арақылы орынайды. Мұнда баға арақылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемелкет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.
4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметтерінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді. Өндірі және айырбас салаларында диспропорциялары қалыптасқаны туралы баға өз белгісін беріп ооларды сәйкестендіру қажетіне қоғамды итермелейді.Сонымен баға сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін орнатуда. Икемді және пәрменді құралы болып табылады.
5. Өндірісті орналастыру қызметінде баға механизімі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі. Өйткені әрбір сала өнімдерінің бағасы мен пайдасы әрқалай болғандықтан, капитал пайдасы жоғары салаға барынша құйылады. Ол сала өндірісі жоғарғы қарқын менен дамиды, тауары көбейеді. Тауарлар көбейген сайын оның сұранысы төмендеп, бағасымен пайдасы азаяды. Ол саладан сондықтан капитал алынып, пайдасы мен бағасы жоғарғы салаға ауытқиды. Осылайша қоғамға аса қажет өндірістерін дамытуға, қажетті аз салаларды кемітуге баға өз әсерін пәрменді тигізеді.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 4237;