Туризм индустриясындағы маркетинг түсінігі.

Маркетинг бойынша жазылған әдебиеттер мен оқулықтар негізінен, тауарлар туралы, кейде сервистің арнайы маркетингтік мәселелері туралы айтады. Қызмет көрсету саласы экономикалық қызмет облысы ретінде көрсетіледі, оған көптеген елдерде 50%-дық тұтыну шығынын жатқызады. Туризм маркетингі терминологиясына алғаш тұжырымдаманы 1971 жылы Криппендорф жасады. «Маркетинг» термині алғаш рет АҚШ-та 50-жылдары қолданылды және тек Батыста ғана емес, сондай-ақ бұрынғы КСРО-да да жылдам тарады.

Туристік кәсіпорын қатынастардың алуан түрлілігімен

шарттасатын, сондай-ақ басқа да экономикалық субьектілермен тұрақты ауысып отырып отыратын жағдайларда әрекет етеді. Бұл қатынастардың жиынтығы маркетинг ортасыныңтүсінігін құрайды. Ол көбінесе фирманың қызметінің сипатын анықтайды және міндетті түрде маркетингтік зерттеулерді жүргізу барысында тиянақты қарастырылуы тиіс.

Маркетингтік стратегияны анықтап, оны өмірге енгізу үшін оған басшылық ететіндер төмендегілерді тереңінен білуі тиіс:

1) туристік кәсіпорынның ішкі ортасы туралы, оның потенциалы мен даму басымдылығы туралы;

2) сыртқыорта туралы, олардың ерекшелігі мен кәсіпорынның ондағы орны туралы.

Ішкі орта (микроорта) – бұл кәсіпорын ішінде орналасқан және

кәсіпорын бақылайтын жалпы макетингтік ортаның бір бөлігі.

Алайда маркетинг бойынша шолу әдебиеттерінде көрсеткеніндей, көптеген тауарларға, қызмет көрсетулерге деген анықтамалар мен мағыналарды білдіреді, олардың көпшілігі бір-біріне қарама-қайшы келеді. Маркетингтің мақсаты - тауарлар мен қызмет көрсетулерді танып білу, оларға деген іс жүзіндегі және жасырын түрдегі сұранысты бағалау, фирмалардың күш-жігерін сол тауарлар мен қызмет көрсетулерді таратуға, сатуға, қозғалтуға жұмсау болып табылады.

Маркетингтік ұстаным ерікті экономика жағдайында немесе бәсекелестікті реттеп отыру жағдайында сұраныстың ұсынысты анықтайтынын белгіледі. Кәсіпорынның табысы мен кірісі оның өнімді немесе қызмет көрсетуді сұранысқа қажетті сапада, санда және бағада ұсына алу қабілетімен анықталады.

 

Маркетинг процесі – бұл өзара байланыты қадамдардың сериясы. Ол сұраныс пен салмақты тұтынушыларды рыноктық зерттеулер мен келесі жоспарлау арқылы және тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сату мен бөлу арқылы анықтаудан басталады.

Маркетингтік технологиялар – бұл кәсіпорынның сұранысты анықтауы үшін қолданатын қызметі мен басқару әдістері.

Туризмдегі маркетинг. Бұл жерде екі сұрақ туындайды: туризмдегі және индустриядағы маркетинг мәселелерін айыра білу, оны жеке-жеке зерттеу қажет пе? Индустриядағы табысты қолданылатын маркетинг тұжырымдамалары , қағидалары, технологиялары мен әдістері туризмде қаншалықты кеңінен қолданылады? Осы екі сұраққа да жауаптар рыноктар арасындағы тауарлар бір жағынан, екінші жағынан туризм рыногы арасындағы айырмашылықты анықтау жолы арқылы табылады.

Туризм – бұл негізінен қызмет көрсету болып саналады. Тауарларды сату жекеменшік құқығының өзгеруін көрсетеді. Қызмет көрсетуді сатуды айтпағанда, сатушы мен тұтынушының арасындағы қатынас әдетте сатудан кейін тоқтатылады. Керісінше, стаушы мен тұтынушы арасындағы қызмет көрсету қатынасы - едәуір күрделі, сондықтан сатып алушылар көбінесе тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдалану уақытында сатушыға тәуелді болып келеді. Оған қоса бұл жерде жекеменшік құқығын беру деген болмайды және сатушының қатысуынсыз тауарларды тұтыну мен қолдану қатынасы да мүмкін емес. Сонымен бірге, өнімдерді өндір мен тұтыну өте тығыз байланысқан.сатушы мейманхана (отель) немесе мейрамхана , авиаторабы және т.б. болсын, олардың адамдары, құралдары, запастары мен материалдары қызмет көрсетулерге жеткілікті болуы қажет. Егер тіпті, қызмет көрсетулер алдын-ала шығарылмаған болса да, оларды көрсету мүмкіндігі алдын-ала жоспарлануы тиіс. Мұндай мүмкіндіктерді жоспарлау мен қамтамасыз ету сұраныстың мерзімдік және ауытқуларына қарамастан нақпа-нақ болуы тиіс.

Фрагменттік жеткізіп берулер (тауарлар мен қызмет көрсетуді) сұранысты толықтырып отырады. Өнімдердің көпшілігі толық түрде сатылады. Туристік қызмет көрсетулер жасалады және бірте-бірте өте жиі сатылады. Транспорттық бірлестік – тасымалдаушы транспортпен, мейманхана (қонақ үйлер) орналастыру мен тағамдармен, гид – қасиетті орындарды таныстырумен қамтамасыз етеді. Туристердің көзқарасы тұрғысынан алғанда бұлардың бәрі қолайсыз және күрделі, себебі, әртүрлі қызмет көрсету мен тауарларды жеткізіп берушілердің көптеген санымен жұмыс істеу оларға тиімсіз.

Саяхаттардың сарыны әртүрлі. Салыстырмалы түрде алғанда, адамдар неліктен белгілі бір автокөліктер, нақты белгідегі темекілер немесе қатталған тағамдарды сатып алатынын анықтау оңай. Туристердің белгілі бір жерге баруы, белгілі қызмет көрсететін орынға тоқтауы, демалыста белгілі нәрсемен шұғылдануы үшін обьективті және субьективті себептер болады. Сонымен бірге туристік қызмет көрсетулерге деген сұраныстың күшті иррационалдық элементі болатыны күмәнсіз. Бұл қосымша пайданың алғашқыға қарағандағы маңыздылығы фактісімен түсіндіріледі.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1598;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.