Туристік делдалдардың негізгі атқаратын рөлі.

Көптеген салаларда кәсіпорын иелері өнім шығаруда, оған тиісті баға қоюда және оларды бөлуде бақылау жасап отырады. Туризмдегі туроператорлар, турагенттер «отельерлер» (hoteliers), броньдау сервисі т.б. сияқты делдалдар жоғары маркетингтік күш салады және екі себепке байланысты «каналды капитандар» болады.

- Туристік қызмет көрсетуші көптеген кәсіпорындар потенциалды

туристерден географиялық нүктелерге байланысты қашықта орналасады. Сондықтан потенциалды тұтынушылармен тек делдалдар арқылы ғана байланысу мүмкіндігі болады.

- Назарға алатын жәйт, туризм индустриясы фирмалардың шағын

және орта көлеміне негізделеді, әсіресе орналасу орындары, кафе, мейрамханалар, транспорт пен саяхаттық қызмет көрсету облыстарында көптеп кездеседі. Мұндай кәсіпорындардың көпшілігінде менеджмент білімін талап ететін бизнес капиталдары, капиталдық ресурстары, бола бермейді.

Туризм маркетингінің стандартты тұрғысынан алғанда сауда-саттықтың күшті ұстанымының маңызы зор. Туристік сауда-саттық қандай қызметтер сатылды және кімге сатылғанына баса назар аударады. Ұсынылатын қызмет көрсетулер түрі тек баға саясаты мен қозғалыс стратегиясын ғана емес, сонымен бірге делдалдық қызметпен айналысушыларды да ескеруі қажет.

Маркетингтік тиімділік бірін-бірі толықтырып отыратын кәсіпорындар координацияланған және интеграцияланған жағдайда арта түседі.

Маркетинг обьектісі – бұл кәсіпорынның (бірлестіктің) рынок пен тұтынушыларға қатысты тәртібі.Әртүрлі маркетингтік әрекеттер – маркетингтік аспаптар болып табылады. Фирмалар әртүрлі маркетингтік аспаптарды өз өнімін бағалау, бөлу, сату үшін қолдана алады. Маркетингтік әрекеттер қадағаланады.

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігі республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізуді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің , қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да , бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп , қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға келетін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.

Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негіздерін білген жөн – ақ. Осыған орай, ұсынылып отырған «Кәсіпорынға маркетингті енгізу тәжірибесі» атты курстық жұмыста нарықтық экономиканың талабына сай өндірістің экономикасы, өндірістің тиімділігін арттырудың жолдары және т.б. өндіріс процесінде орын алатын басты мәселелер қамтыған.

Курстық жұмыс жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың экономикасындағы барлық проблемаларды жан-жақты қамтыды деп айта аламыз. Сондықтан, осымен тереңірек танысқысы келетін студенттердің арнаулы әдебиеттерді қарауына кеңес береміз.

Еліміздің экономикасын қайта түлетін , әлеуметтік – экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырғызын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Ұсынылып отырған курстық жұмыста кәсіпорынға маркетингті енгізу кезінен бастап, оның өз қызметін тоқтатқанға дейінгі іс-әрекеттерді , даму сратегиясы , бұларға әсер ететін көп жақты факторлар толықтай баяндалады.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1425;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.