Туристік қызметтерге сұраныстарды анықтайтын факторлар.
Туристік тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс көптеген өзгерулерге қатысты болады, олардың кейбіреулері тәуелсіз болып келеді және потенциалды туристер мен туристік тауар өндірушілер, туристік қызмет көрсетушілер тарапынан бақылаусыз болады, сол кезде олар өзгереді және бір-біріне қатысты болады.
Туризмге сұраныс потенциалды және іс жүзіндегі деп екіге бөлінеді. Туристіу тауар мен қызмет көрсетуге деген потенциалды сұраныстың көлемі саяхатқа шығға ниет білдірген адамдардың санымен анықталады. Іс жүзіндегі сұраныс берілген уақытта іс жүзінде кім саяхатқа шықты және белгілеген орынға кім бағытталды деген сөз. Потенциалды және іс жүзіндегі сұраныс арасындағы сандық айырмашылық – бұл туризм бойынша маркетологтардың бар күші неге бағытталғанында.
Сұраныстың жалпы факторлары.
Берілген территориядағы (ел, қала аймақ) туристік рыноктың
көлемі төмендегі факторлармен анықталады:
Сатып алу қабілеті.
Өмір сүру деңгейі мен саяхат интенсивтілігі арасындағы қатыстылықтың жоғарғы дәрежесі – туризмнің фундаменталды айғағының бірі.
Туристік қызметке сұраныстың дұрыс созылмалылығы туризмге сұраныстың тез өсуін түсіндіреді.
Baretje айтқандай, егер біз кіріс деңгейін, оны бөлу мен бөліп берудің туристік сұранысқа белгілі бір әсерін мойындар болсақ, онда бұл біз мұның ұлттық кірісті аса ұлғайтпайтынын ескеруіміз керек, қайта бұл туризмдегі тұтыну қызметін анықтайды. Іс жүзінде, жеке кірістердің өсуі жалпы шығындарды азайтады.
Демографиялық құрылым мен беталыстар.
Тұрғындардың көлемі мен олардың өсуі туристік сұранысқа онша әсер ете бермейді. Тұрғыны көп, кірісі ортадан төмен елдердің туризмге деген мүмкіндігі шектеулі. Жалпы, дамушы елдердің көпшілігінде тұрғындардың өсуі оншалықты үлкен емес. Астық құрылым едәуір маңызды саналады, өйткені, орта жастың көбеюі – көптеген адамдардың кіріс деңгейін игеретіндігі, бұл олардың саяхат жасауларына мүмкіндік береді. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендеуі мүмкін, сондай-ақ адамдардың маңызды бөлігінде саяхатқа шығуға бос уақыттары болады.
Леуметтік және мәдени факторлар.
Индустрияландыру тек кіріс құрылымы мен кірістерді бөліп беріп қана қоймай, сондай-ақ, туризмге деген сұраныстың өсуіне тікелей және жанама қысым мен стресс те өз кезегінде ықпал етеді. Қалаларда орташа кіріс ауылды жерге қарағанда жоғары болғандықтан туризмге сұранысты өсіретін орта болып табылмайды.
Бос уақыттың артуы және әлеуметтік қажеттілік ретінде демалыстарға төлемді мойындау туризмге сұранысты арттыра түседі. Бәрінен бұрын қозғалыстық ерікке, және сапарға шыққанда жаңа көңіл күйлер мен тәжірибе алуға көбірек көңіл бөлінеді.
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1665;