Тақырып 2. ДЕНСАУЛЫҚТЫ АНЫҚТАУШЫ ФАКТОРЛАР. ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ
Мақсаты: Студенттер қоғам денсаулығының әлеуметтік детерминация факторлары жөнінде білуі тиіс.
Денсаулыққа позитивті қатынас (positive health attitude) – бұл салыстырмалы түрде тұрақты тұғыр, индивидтің (әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның) өмір салтын сауықтыруға, денсаулыққа зиянды әдеттерін өзгертуге, денсаулықтың оптимальды деңгейіне жетуге жағдайларды қалыптастыруға ұйғарымы.
Белгілі факт, халық денсаулығының қауіп факторларының негізгі топтары: өмір салты – 50%, медико-биологиялық факторлар – 20%, қоршаған орта – 20%, және денсаулық сақтау – 10%.
СЖЕА қауіп факторларын келесідей ажыратады:
1) модификацияланатын немесе басқарылатын (реттеуге келетін өзгерістер);
2) модификацияланбайтын немесе басқарылмайтын (жас, жыныс, генетикалық бейімделушілік).
СЖЕА дамуының профилактикасында басқарылатын қауіп факторларының алдын алу мақсатқа орай.
Жоғалған жылдар саны сияқты көрсеткіштерді нашарлататын жетекші қауіп факторларына: артериальдық қан қысымы, алкоголь, темекі, гиперхолестеринемия, артық дене салмағы, рациональды тамақтанбау, гиподинамия жатады (Global Programme on Evidence for Health Policy; WHO, World Health Report, 2002).
Қауіп факторларымен күресудің кешенді шаралары қоғамдық денсаулық сақтау стратегиясының немесе жұқпалы емес аурушылдықтың алдын алу және бақылау ұлттық стратегиясының болуын талап етеді.
Стратегияның негізгі құрылымдық бөлімдеріне:
- реттеуші құрылым;
- қауіп факторларына қарсы ұлттық (және оған бейімделген аймақтық және жергілікті) әрекет жоспары;
- халыққа медициналық көмекті жақсарту үшін СЖЕА мониторинг бағдарламасы;
- денсаулық сақтау қызметін реформалау;
- денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйенің өзгерістері.
СЖЕА түзілуіне айтарлық әсер ететін қауіп жағдайлары – гиперхолестеринемия (27,74%); артық дене салмағы (23,27%); алкоголь қолдану (15,03%); артериальдық гипертония (14,31%); төмен физикалық белсендік (12,73%) және темекі (6,92%).
Олардың арасында адам әрекетінің қауіпті факторлары (ӘҚФ) анықтауыш әсер танытады. Оларға: темекі, алкоголь қолдану, артық дене салмағы, төмен физикалық белсендік сияқты денсаулықты түзуге 55% қатынасатын өмір салтымен тікелей байланысты факторлар жатады [Лисицын Ю.П., 2009].
Адам әрекетінің қауіп факторларын СЖЕА бүгінгі жаңа факторларына жатқызуға болады.
Қазақстандағы Ұлттық скрининг бағдарламасын іске асырған 6 жылда алынған нәтижелерді, сонымен қатар халықтың мақсаттық топтары арасында аурушылдықты тудыратын қауіп факторларын анықтау деңгейіне мониторинг жасау жүргізілді. Скрининг бағдарламалары бойынша халықаралық тәжірибеден ұлттық скринингтің айырмашылығы ӘҚФ ерте анықтау және түзетудің арнайы блок ретінде бөліп қарастырылуында .
Қауіп факторлары аурушылдықты тудыратын және денсаулық жағдайының медициналық емес детерминанты. Қауіп факторлары бала және жасөспірім жасында түзіліп, созылмалы аурушылдықтың дамуына мүмкіндік береді.
ДДҰ мәліметтері бойынша, ересектер арасындағы мезгілінен бұрын өлімнің 70% -ға жуық себептері жасөспірім кезеңінде қалыптасқан ӘҚФ -на байланысты.
ӘҚФ ХАЖ-10 сәйкес коды:
- Z 72.0 – темекі тарту;
- Z 72.1 –қауіпті дозада алкоголь пайдалану (алкогольді қолдану, алкогольге тәуелділік қарастырылмаған) %;
- Z 72.4 –рациональды тамақтанбау (үйлесімсіз тамақ рационы және тамақтанудағы зиянды әдеттер);
- Е 78 –холестериннің жоғары мөлшері (липопротеидтердің алмасуының бұзылуы және басқа липидемия);
- Е 65-68 – артық дене салмағы (семіру және тамақты шамадан тыс қолданудың басқа түрлері);
- Z 72.3 – төмен физикалық белсенділік (физикалық белсенділіктің төмендігі).
Темекі шегу, ДДҰ мәліметтері бойынша, нашар денсаулық пен мезгілінен бұрын өлім себебі. Темекі тарту рактың бірқатар формаларын, ЖҚА, респираторных және басқа да аурулардың дамуына әкелетін айтарлық маңызды факторлардың біріне жатады. Темекімен 90% -ға дейін – өкпе рагі, 75% - созылмалы бронхит және өкпе эмфиземасы, 25% - жүректің ишемиялық аурулары байланысты. Ғалымдардың айтуынша, никотин тәуелділігінен құтылса, халықтың орташа өмір ұзақтығы 4 жылға артады екен. Көптеген елдерде темекі тартатындар санын азайту үшін экономикалық рычагтар қолданылады, мысалы табак өнімдерінің жүйелі түрде құнын жоғарылату. Американдық мамандар зерттеулері көрсеткендей, жаңа темекі шегіп бастаған мамандар, әсіресе жасөспірімдер, тауар құнына реактивті мән береді. Сату құнын 10%-ға жоғарылатсақ, тұтынуды 20% -ға төмендетіп, ал көпшілікті, тіпті, темекіден бойын аулақ ұстауға әрекеттендіреді.
Артық дене салмағы. Қазірде барлық елдерде дерлік артық салмақ мәселесі белең алған. Сонымен қатар артық дене салмағы мен семірудің балалар мен жасөспірімдер арасында таралуы толғандырады. ДДҰ Евуропалық Бюро мәліметтері бойынша, көптеген Еуропалық мемлекеттерде ересек халықтың 50% -ында дене салмағының индексі қажетті шамадан асық (Кетле индексі 25 және 30-дан жоғары). Дүние жүзіндегі тамақ өндірісіндегі өзгерістер тамақ рационындағы өзгерістерге әкелді: қаныққан май қосылған жоғарыкалориялы өнімдер рафинадталмаған көмірсудың аз көлемімен зияндылығын арттыра түседі. Оның үстіне төмен физикалық белсенділік, аз қозғалысты өмір салтындағы гиподинамия балалар мен жасөспірімдер арасында да тарап теріс тенденция құрып отыр.
ДДҰ сарапшыларының пікірі бойынша, психоәлеуметтік күйзелісті демографиялық дағдарыстың негізгі себебі алкогольді пайдаланудың орташаеуропалық көрсеткіштен (жылына 9,8 литр) асртып кетуі болып отыр. Аса алаңдату туғызып отырған жасөспірімдер арасында алкоголь ішімдіктерін пайдаланудың, әсіресе, қала оқушыларының арасында таралуы. 2012 ж. СӨСҚ ҰҒО мониторингтік зерттеулері бойынша, Қазақстан халқының арасында алкогольдік ішімдіктерді қолданудың таралуы 5,0% -дық көрсеткіш құраған.
СЖЕА қауіп факторларының таралуын талдау мақсаттық профилактикалық шаралар жүргізу қажеттігіне нұсқайды: салауатты өмір салтын құру мақсатында гигиеналық оқыту, психотерапевтік және психопрофилактикалық көмекті кеңейту және жетілдіру, ерте анықтау жүйесін үздіксіз жетілдіру және қауіп факторларына түзету жүргізіп отыру. БМСК мекемелерінің деңгейінде, ең алдымен, халықтың мақсаттық топтарын дұрыс қалыптастырып мониторинг жасауды профилактикалық байқаулар мен скрининг-зерттеулер көмегімен іске асыру.
Алкоголь, табака қолданудан бас тарту, артық дене салмағын төмендету, рациональды тамақтануды ұйымдастыру, гиперлипидемия және дислипидемияны түзету, физикалық белсенділікті оптимизациялау аймағында медициналық көмек арқылы қолдау көрсету тиімді. СЖЕА дамудың жоғары қаупі бар пациенттер тобына динамикалық бақылау жасап, жас ерекшеліктерін ескере отырып аурушылдық профилактикасының тиімді әдістеріне оқыту қажет. Денсаулық мектептерінде топтық оқыту, СӨСҚ, гигиеналық дағдылар, денсаулықты сақтау және нығайту, СЖЕА ӘҚФ профилактикасы және түзету сұрақтары бойынша жеке кеңестер беру мақсатқа орай.
Скрининг-тексерулер нәтижелерінің мониторингі социологиялық сұрау барысында аурушылдықтың даму қаупі факторларының қауіп факторларының таралу көрсеткіштерімен салыстырғанда жеткіліксіз анықталатынын көрсеткен. Сондықтан, медперсоналдың «тест-сұрау» жүргізу, құжаттарды толтыру, МКБ-10 бойынша шифрлеу (кодтау) сұрақтары бойынша дайындығын күшейту қажет. Қауіп факторларының бар екендігі жөніндегі сенімді жауаптардың маңыздылығы туралы халықпен ақпараттық жұмысты жақсарту қажет.
Үйлестіру материалы: «РowerPoint» бағдарламасындағы дәріс мәліметтерінен презентация.
Әдебиет:
1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.
2. Европейская стратегия профилактики и борьбы с неинфекционными заболеваниями.- ВОЗ.- Копенгаген.- 2006. – 54 с.
3. Злоупотребление алкоголем в Российской Федерации: социально-экономические последствия и меры противодействия/ Доклад общественной палаты Российской Федерации.- М.: «Асколайн», 2009. — 46 с.
4. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.
5. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 с.
Бақылау сұрақтары:
1. СЖЕА қауіп факторларының жіктелуі.
2. Дәстүрлік және жаңа қауіп факторлары. Олардың маңызы мен құрамы.
3. СЖЕА қауіп факторларымен кешенді күрес жүргізу шаралары және стратегиясы.
4. Қауіп факторларының ұлттық мониторингі.
Тема 3. ҚР АУРУШЫЛДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ. ХАЛЫҚҚА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
Мақсаты:Студенттер нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде аурушылдықтың алдын алу дың негізгі қағидаларын білуі тиіс.
ҚР азаматтар денсаулығын сақтау және аурушылдықтың алдын алуды құқықтық қамтамасыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерден тұрады: ҚР Атазаңы; заң күші бар ҚР Президентінің Нұсқаулары; законы Республики Казахстан; ҚР Парламентінің қаулылары; ҚР Үкіметінің қаулылары; ҚР ДӘДМ нормативтік актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.)
СЖЕА профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында ДДҰ бірқатар заңдылық құжаттары қабылданған:
- 2000 ж. – ЖЕАпен күрес профилактикасына арналған глобальды стратегия (денсаулық сақтаудың Дүнежүзілік ассамблеясы);
- 2003 ж. – Созылмалы жағдайлардағы көмек көрсетудің новаторлық әдістері: Әрекет етудің негізгі элементтері;
- 2004 ж. – Тамақтану, физикалық белсенділік жіне денсаулық бойынша Глобальды стратегия;
- 2008 ж. – 2008-2013 жж. ЖЕА профилактикасы және онымен күрес бойынша Глобальды стратегияға арналған әрекет жоспары;
- 2010 ж. – Алкогольді зиянды пайдалануды қысқарту бойынша Глобальды стратегия;
- 2010 ж. – ББҰ Генеральды Ассамблеясында ЖЕА профилактикасы және онымен күрес бойынша резолюция қабылданды;
- 2011 ж. – СӨС және ЖЕА бойынша Бірінші Глобальды министрлік конференциясы. Мәскеу декларациясы;
- 2012-2016 жж. – ЖЕА профилактикасы және онымен күрес Еуропалық стратегиясын іске асыру бойынша 2012-2016 жж. әрекет Жоспары;
Республикалық масштабта денсаулық сақтаудағы профилактика сұрақтары келесі ҚР Бағдарламалық құжаттарында қарастырылған:
- 2006 ж. – ҚР Президентінің жолдауы «Қазақстанның әлемдегі елу конкуренткеқабілетті елдер қатарына кіру Стратегиясы»;
- 2006 ж. – ҚР Президентінің 14 қараша 2006 ж. №216 Нұсқауымен мақұлданған 2007-2024 жылдарға ҚР тұрақты дамуға көшу Концепциясы;
- 2008-2016 жж. – 2008-2016 жж.«Салауатты өмір салты» бағдарламасы;
- 2010 ж. – «ҚР халқына профилактикалық медициналық байқаулар жүргізуді БМСК деңгейінде іріктелген (скринингтік) зерттеулер мен профилактикалық жұмыс жүргізуді жетілдіру» Республикалық семинар-мәжілісі;
- 2011-2015 жж. – 2011-2015 жж. ҚР денсаулық сақтауды дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
Профилактика және денсаулық сақтауды қорғау сұрақтары басты нормативтік құжат –ҚР Атазаңында көрсетілген (24-бап): 2. Әрбір азамат қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін жұмыс жағдайларына құқылы. 4. Әрбір азамат демалысқа құқылы. Еңбек шартымен жұмыс жасайтын қызметкерлерге заңды түрде жұмыс уақының ұзақтығы, демалыс және мереке күндері, жыл сайынғы төленетін демалыс кепілдік етілген.
29-бап: 1. ҚР азаматтары өз денсаулығын қорғауға құқылы. 2. ҚР азаматтары заңмен белгіленген медициналық көмектің тегін кепілдік көлемін алуға құқылы.
ҚР ДӘДМ 10 қараша 2009 ж. № 685 «Халықтың мақсаттық топтарына профилактикалық медициналық байқауларды жүргізу ережелерін бекіту жөнінде» Бұйрығымен халықтың мақсаттық топтарын профбайқаудан өткізудің реті мен кезеңі бекітілген.
Халықтың мақсаттық топтарын профилактикалық байқау, кейінгі динамикалық бақылау және сауықтыру шараларымен келесідей іске асады:
1) қала халқы үшін – қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ведомстволық медициналық-санитарлық бөлімдер және меншік түрлеріне тәуелсіз емханалар;
2) ауыл халқы үшін – медициналық бөлімдер, фельдшерлік-акушерлік бөлімдер, дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық және аудандық емханалар.
БМСК көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қызметкері тіркелген халық санын есепке алады, профбайқауға жататын мақсаттық топтарды қалыптастырады, осы байқауларды жүргізуге қызығушылық танытқан денсаулық сақтау мекемелерімен байланыс және арақатынасты қамтамасыз етеді. Профилактикалық байқауды өткен мақсаттық топтарға тіркеу үлгісі толтырылап, амбулаторлық науқастың медициналық картасына немесе баланың даму тарихына нәтижелері енгізіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі (ТМККК) 15.12.2009 ж. №2136 ҚР Үкіметінің «ТМККК тізімін бекіту жөнінде» қаулысына сәйкес ҚР азаматтары мен оралмандарға бюджеттік қаржы есебінен профилактикалық, диагностикалық және емдеу медициналық көмегі, айтарлық дәлелденген тиімді көлемі көрсетіледі. ТМКККне кіреді: жедел медициналық көмек және санитарлық авиация, амбулаторлық-емханалық көмек, оған кіретін: БМСК мекемелерінің және арнайы мамандардың жолдамасы бойынша кеңестік-диагностикалық көмек (КДК).
2008-2016 жж.«Салауатты өмір салты» бағдарламасының (Астана, 2007 ж.) мақсаты –халықты сауықтыру және орташа өмір жасын ұлғайту. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер: орташа өмір жасын 71,3 жасқа арттыру; халық арасында темекінің таралуын 16,8% -ға қысқарту; алкогольдің қауіпті дозада таралуын 12,5% -ға қысқарту; көкөністер мен жемістер тұтынуын таратуды 24,6% -ға арттыру; физикалық белсенділікті 26,6% -ға арттыру; артық дене салмақтың таралуын 29,3% -ға төмендету; нәрестелерді 6 айға дейін ана сүтімен қоректендіруді 73% -ға жоғарылату; фертильді жастағы әйелдердегі түсік жасау санын 1000 әйелге шаққанда -20,7 –ге төмендету; әлеуметтік маңызды аурушылдықтан өлім көрсеткіштерінің 100 мың халық санына шаққанда деңгейін төмендету: жүрек- қан тамыр ауруларын - 428,4; жарақаттануды - 125,7; онкологиялық аурушылдықты - 110,3; туберкулезбен аурушылдықты - 97,6 дейін төмендету.
ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасы елдің әлеуметтік- демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған. Сондықтан мақсаттық индикаторлары болып келесі көрсеткіштер такбылады:
· Өмір жасының ұзақтығын 2013 ж. 69,5 жастан 2015 ж. – 70 жасқа арттыру
· Аналар өлімін 2013 ж. 100 тыс. тірі туылғандарға шаққанда 28,1 -ден 2015 ж. - 24,5 –ке төмендету;
· Балалар өлімін 2013 ж 1000 тірі туылғандарға шаққанда 14,1 –ден 2015 ж. - 12,3 -ке төмендету;
· Жалпы өлімді 2013 ж. 1000 халыққа шаққандағы 8,14 –тен 2015 ж. - 7,62 -ге төмендету;
· Туберкулезбен аурушылдықты төмендету: 100 халық санына шаққанда 2013 ж. - 98,1, 2015 ж. - 94,7;
· 15-49 жас аралығында АИВ-жұқпаларының таралуын 0,2-0,6% (орташаәлемдік көрсеткіші -1,1) бақылау.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында (30 қараша 2015 ж.) –«Ұлт Жоспары. 5 институциональды реформалардың жүзеге асырылуының 100 нақты қадамы» нақты келтірілген. Мұнда кіші және орта кәсіпкерлікке әкімшілік кедергіні болдыртпайтын 80-нен астам заңдар іске қослып, мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау жетілдіріледі.Бұл шаралардың барлығы мемлекетке, қоғамға және экономикаға күш береді.
Үйлестіру материалы: «РowerPoint» бағдарламасындағы дәріс мәліметтерінен презентация.
Әдебиет:
1. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
2. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009г.
3. Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы и развитие» (30 ноября 2015 г.)
4. Программа «Здоровый образ жизни» на 2008-2016 годы (Астана, 2007 г.)
5. Государственная программа «Саламатты Казахстан» на 2011-2015 годы, от 29 ноября 2010 года.
Бақылау сұрақтары:
1. Денсаулықты қорғау және аурушылдықтың алдын алу атазаңдық құқық мәні?
2. СЖЕА алдын алу қандай нормативтік-құқытық құжаттармен реттеледі?
3. Азаматтардың профилактикалық байқауларды өту реті?
4. Ұлт Жоспары мен ҚР Президентінің халыққа жолдауының (2015 ж.) мазмұны.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 4536;