ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖӘНЕ ПСИХОГИГИЕНА МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Бала өмірге инстинкттердің нақты бір жиынтығымен және аштық, ауру сезімі және т.б. тәрізді негізгі тітіркендіргіштерге шартсыз рефлекторлы реакциялармен келеді. Осы реакциялардың әсерінен адамның барлық психикалық іс - әрекетінің негізгі шартты рефлексі пайда болады. Баланың 3 – 4 айынан бастап барлық сезім мүшелері толық қызмет ете бастайды, анализаторлардың тітіркенуіне бұрын бағытталмаған әрекеттері бағытталған әрекеттерге ауысады. Соңғы уақытта бала психикасының дамуы үшін нәрестенің анасымен тығыз қарым-қатынасының рөліне көп көңіл бөлінуде. Анасы тек сүтімен ғана емес, өмірге қажетті тітіркендіргіштердің негізі болып табылады.

Осы жүз жылдықтың басында америкалық балалар үйіндегі емшектегі балалардың 100 пайыздық өлім жағдайы назар аудартты. Анасынан изоляцияланған балалар апатия күйінде болған, тамақ жемей арықтап, ұйықтай алмай, әлсіреген. Аналарына қосылған соң балалардың жағдайы жақсарған. Анасымен контакттың болмауы бала өмірінің алғашқы күндеріне, айларына немесе жылдарына сәйкес келсе бала психикасында терең із қалыратындығы байқалған. Осындай балалар есейгенде қамқорлық, сүйіспеншілік жағдайында өмір сүргеннің өзінде психикалық инфантилизм, агрессивтілік, импульсивтілік, инициативтіліктің жетіспеуі белгілері байқалған және олардың адамдармен қарым – қатынасы нашарлаған. Осыған ұқсас өзгерістер анасынан айырылған маймылдардың балаларында да байқалған. Осындай жағдайда өскен ұрғашы маймылдарда аналық сезімі байқалмаған, олар балаларына агрессия көрсетіп, қинап өлтіруге дейін барған.

Жануарларға жасалған осы және басқа эксперименттерде, балалардың өсіп-дамуын бақылау, ересек кездегі мінез – құлық, бір түрдің өкілдерінің (особь) қарым – қатынасы, адамдардағы жанұялық қарым - қатынастың ерекшеліктері өте ерте, туыла салысымен қабылданатыны анықталған. Осы процестің орта буыны баланың махаббат сезімі, анасына үйреншіктілік сезімі болып табылады. Егер бұл буын бұзылса, онда баланың психикалық дамуы бұрмаланады.

Балалардың әртүрлі дағдыны игеруі психиканың дамуына ықпал етеді. Баланың басты ұстау дағдысын игеруі мидың қабылдау кеңістігін ұлғайтады, өзі отыруды үйрену қолдардың қызметін дамытады. Бала өмірінің бірінші жылында горизонтальды жағдайдан вертикальды жағдайға ауысуы қолмен қол арқылы іске асады, заттардың мәнісін жақсы түсінуге көмектеседі. Екінші жылы бала сөйлейді, фразалық сөйлеуді үйренеді жаратылыс және өзінің тіршілік ету логикасын түсінуге мүмкіндік пайда болады.

Балалар дағдыларды және сөйлеуді игергенде (тамақ жегенде, өзін-қамтамасыз етуі) айналасындағы адамдарға еліктеудің маңызы зор. Еліктеудің арқасында балалар заттарды ұстап үйренеді, басқа адамдардың мінезін ұғады. Мысалы, балалар бақшасында, бастауыш сыныптарда тұтығу жағдайы бақыланса бірден бірнеше жағдай бақыланады. Зерттеу нәтижесінде шынайы тұтығу тек бір балда ғана екені анықталады, ал қалғандарында сол балаға еліктеу арқылы пайда болады. Балалардың мінезі өзін тәрбиелеген ортасына байланысты болады.

Сонымен баланың алғашқы үш жылында психика, әлемді танудың психикалық формасы дифференцирленбеген, бағытталмаған тітіркендіргіштерге моторлы жауап беру /I этап/ жолынан, тітіркендіргіштерге күрделі сенсорлы жауап беру /II этап/ жолына өтеді, бұл барлық психикалық функцияның эволюциясының негізі болып табылады (қоршаған ортамен мақсатты, белсенді қарым – қатынас). Күрделі сенсомоторлы дифференцация есте сақтау процесінің дамуының негізі болып табылады - /III этап/. ІV-ші сенсомоторлы этапта баланың сөйлеу қабілетінің дамуына байланысты түсініктер мен ой қорытындылау мүмкіндігі пайда болады. Үш жастан бастап бала барлығын өзі жасауға ұмтыла бастайды. Үлкендердің айтқаны ұнамаса кері жауап береді. Баланың белсенділігін шектеу арқылы ересектер оның дамуына кедергі жасайды. Соның әсерінен баланың белсенділігі төмендеп, бір әрекет жасар алдында қорқақтап, қимылы пассивті болады.

Балалардың үлкендермен белсенді қатынаста болуы, қызығушылығы, қозғалмалылығы бала психикасының дамуын күшейтіп, шығармашылық, қиялдау қабілетін күшейтеді. 4 – 6 жастан бастап бала өзінің эмоциялық реакцияларымен көзге көрінеді. Баланың эмоциянальды ұстамсыздығына үлкендердің төзімді түзетуі қажет. Баланы үнемі тиым салу жағдайында ұстау балада тұрақты қарсылық реакциясын, негативизм туындатады.

Балаларды тәрбиелеуде олардың тежеу реакцияларын жаттықтыру керек. Егер жанұяда үлкендер баланы үнемі ренжітсе, онда баланың тежелу реакциялары дұрыс қалыптаспайды. Балалар тез қажып, қырсық болады, өзіне және қоршаған ортасына көп қиыншылық тудырады. 6 – 7 жастан бастап бала өзінің кейбір реакцияларын тежеп, ұстамдылыққа үйренеді. Осы кезде баланың өзіндік санасы дамып үлгеріп, ол өзін қоршаған ортадан жеке бөліп, қоршаған ортаға қарсы тұра алады. Іс - әрекетті ойланып жасайды. Психикалық дамудың осы деңгейі баланы арнайы программамен жүйелі оқытуға мүмкіндік береді.

Осылайша, кіші жастағы балалар психогигиенасының негізі олардың жасқа байланысты патофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған дұрыс тәрбиеболып табылады. Балаға қоршаған ортаның барлығы оптимальды әсер етуі керек. Сыртқы көрініс, үлкендердің тәртібі, балалар ортасындағы ойыншықтар, үйдегі заттар, киімдер, табиғат, күнделікті режим. Акцент ата – анасының психогигиеналық білім деңгейін жоғарылатуға бағытталуы керек.

 








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2051;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.