ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРМЕН КҮРЕС

Біздің елімізде зиянды әдеттердің ішінде адам денсаулығына ауыр зиян келтіретін темекі мен ішімдік болып табылады. Темекі шегу ол қоғамға медициналық, моральды, әлеуметтік және экономикалық негізгі мәселе болып табылады. Темекі шегушілердің әсерінен болатын қайғылы жағдайлар, өрттің шығуы және жұмыс уақытын жоғалту тәрізді зияндылықтар анық. Темекі тартумен күрес - бұл денсаулық үшін, халық жасының ұзаруы үшін, тұрмыс жағдайын жақсарту үшін, өндірісте және тұрмыста микроклиматты жақсарту үшін күрес болып табылады.

Темекі тартудың негізінде темекі түтінінде болатын улы заттарға психикалық және физикалық тәуелділік түзілуімен жүретін токсикомания жатыр. Темекі шартты рефлекс түрінде бекініп, ритуалға айналады. Алғашқыда қалыптасқан әдет метаболикалық механизмдер арқылы бекініп, нәтижесінде организмнің никотинге мұқтаждығы біртіндеп дамиды. Табакоманияның бірінші статысы 1 -5 жылға созылады, темекіге обсессивті әуестік тән, қолданылған никотин мөлшерін бақылау төмендеп, толеранттылық жоғарылайды. Екінші сатысы 5 – 15 жылға созылады. Адамның никотинге толеранттылығы жоғарылайды, қолдану формасы тұрақталады, обсессивті әуестік кезеңдік психикалық жайлылық сезімін алумен толықтырылып отырады. Астениялық, вазовегетатиті бұзылыстар, соматикалық қолайсыз көріністер пайда болады. Үшінші сатысында бірінші орынға соматикалық бұзылыстар шығады: бронхиттер, гастриттер, артериальды гипертензия, қатерлі ісік аурулары. Егер адам темекі тартпаса абстиненция белгілері пайда болады; адамның никотинге толеранттылығы төмендейді.

Темекі тарту әсерінен қоршаған ортадағы адамдар да зиян шегеді. Темекі түтінінде никотиннен басқа улы газ, синиль қышқылы, аммиак, радиоактивті және шайыр заттары бар. Темекімен қатты уланғанда терінің бозаруы, суық тер, тахакардия, ентігу, құлақтағы шуыл, құсу, асқазан-ішек жүйесінің бұзылыстары, тоникалық – клоникалық құрысулар, қорқыныш сезімі, сананың бұзылулары бақыланады. Бұл симптомдар темекі тартылған мекемеде темекі шегуді бастаған адамдар мен темекі шекпейтін адамдар да пайда болуы мүмкін.

Темекі түтіні ауыздың кілігей қабатын, тыныс алу жолдарының кілегей қабатына тітіркендіргіш әсер етеді, созылмалы улану кезінде ринит, стоматит, ларингит, бронхит дамиды. Темекі түтінінің шайырлы заты канцерогенді болып табылады, ол өкпенің, басқа да органдардың қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады. Темекі жүрек бұлшықетін қоректендіретін қантамырларын тарылтып, қысымның жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде эндоартериит, коронаросклероз, миокард инфаркті, жалпы және церебральды атеросклероз, инсульт дамиды. Сонымен бірге темекі гастритке, асқазан ойық жара ауруына, 12 елі ішек ойық жара ауруына әкеледі. Созылмалы интоксикация әйелдердің бала туу қызметінің бұзылуына, етеккір циклінің бұзылуына, жүктіліктің үзілуіне, эндокриндік өзгерістерге, ерте климакс дамуына әкеледі.

Темекінің организмге тигізетін зияны аса жоғары болғандықтан, бұл мәселемен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айналысады. 29 – шы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы темекімен күресу мәселелері бойынша рнайы резолюция қабылдады. Медициналық қоғам талабына сәйкес көптеген елдерде темекі заттарын сатуда “темекі сіздің денсаулығыңызға зиян келтіреді” ақпарат беру қолданылады. Біздің елде темекімен күрес денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық жұмысының құрам бөлігі болып табылады.

Радиода, телидардарда, киноларда және баспа орындарында никотинге қарсы үгіт жүргізіледі. Темекі тарту әдетінен құтылғысы келгендер үшін ақысыз медициналық мамандандырылған көмек көрсетіледі.

Темекі токсикоманияның бір түрі ретінде психогигиена мен психипрофилактика тұрғысынан қарастырылуы керек. Психогигиена және психипрофилактика өте зиянды әдет – маскүнемдікке қатысты белсенді жұмыс жүргізуі керек.

Тарау

Психопрофилактика








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2573;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.