Р СОЗЫЛМАЛЫ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУШЫЛДЫҚҚА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ШОЛУ
Созылмалы жұқпалы емес аурушылдық: жүрек-қан тамырлар, қант диабеті, онкологиялық аурулар жиі өлім себептері болып табылады. Көптеген жұқпалы емес аурушылдықтың жалпы қауіп факторлары болып темекі, артық дене салмағы (АДС), қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы, жоғары артериалдық қан қысымы (АҚ), алкоголь және есірткілерді қолдану, төмен физикалық белсенділік, психоәлеуметтік бұзылыстар табылады.
Дамыған елдер тәжірибесі СЖЕА қауіп факторларының таралуын қарқынды түрде шектеу шараларының нәтижесі ретінде халық өмірінің орташа ұзақтығының жоғарылайтынын дәлелдейді.
Қазіргі жағдайда СЖЕА ауыртпалығының артуы денсаулық сақтауға айтарлық жүк түсіріп отыр. Бүгінде СЖЕА тудыруға әкелетін қауіп факторлары жете зерттелген. Сегіз қауіп факторы (артериалдық гипертония, қандағы холестериннің жоғары деңгейі, темекі, рациональды тамақтанбау (жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз пайдалану, тұздарды, жануар майларын артық мөлшерде тұтыну және тамақтың шамадан тыс калориялылығы), физикалық белсенділіктің төмендігі, қандағы глюкозаның жоғары деңгейі, артық салмақ, алкогольді шектен тыс қолдану) СЖЕА патологиясы түрлерінің 75% -ң өлім себебін құрайды.
ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, әрбір елде СЖЕА айтарлық маңызды қауіп факторларын анықтау, оларға нақты түзетулер жүргізу, динамикасын бақылап отырып осы патологияның факторлық профилактикасы жүйесінің негізі болып саналады. Осындай шаралар кешенінде ерекше орын СЖЕА қауіпті негізгі факторларға эпидемиологиялық мониторингға тиесілі. СЖЕА қауіп факторлары жөніндегі мәліметтер профилактикалық шараларды жоспарлау үрдісінде өте маңызды, әрі сол шаралардың тиімділігін бағалау құралы болып табылады. СЖЕА қауіп факторларының эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бірыңғай мәліметтер базасын құра отырып, жалпы отандық денсаулық сақтау жүйесінің приоритетін дұрыс анықтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Мониторинг кешенді жүйесін құру жүрек- қан тамыр және басқа да жұқпалы емес аурулармен аурушылдық және өлім көрсеткіштеріне әсер ететін көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді, олардың динамикасы денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінің басқару ұйымдарының қызметін сипаттайды, сонымен қатар мұндай жүйе денсаулық сақтаудың сұраныстары мен приоритетін динамикада бағалауға, қолданыстағы іс-шаралар мен бағдарламалардың тиімділігі мен мақсатқа орай екенін бағалауға мүмкіндігі бар.
Сенімді нәтижелер алу үшін СЖЕА қауіп факторларын мониторинг жасаудың келесі қағидаларын іске асыру қажет:
• ДДҰ ұсынған дефиницияларын қолдана отырып жұқпалы емес аурушылдықтың даму қаупінің негізгі факторларын анықтау және сипаттау;
• ғылыми негізделген және елдегі немесе аймақтағы нақты жағдайға бейімдеуге мүмкін болатын айтарлық иілгіш қауіп факторлары бойынша ақпарат жинау және талдауға координацияланған жүйе;
• мониторинг жүргізуде қолдау көрсететін материалдар мен құралдардың болуы, сонымен қатар оқыту мүмкіндігі;
• алынған ақпараттың стратегиялық шешімдер мен бағдарламаларды өңдейтін басшыларға, саясаткерлер мен қаржыландырудың потенциалды көздеріне, бұқаралық қоғамға жеткізуді қамтамасыз ететін тиімді механизмдердің болуы;
• мемлекеттер мен түрлі аймақтардағы жағдайларды салыстыруға мүмкіндік беретін ұлттық және халықаралық деңгейлердегі мәліметтермен алмасу үшін жаңа технологияларды қолдану.
Әлеуметтік маңызды аурушылдық пен қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулардың тізімі ҚР Үкіметінің 2009 ж. 4 желтоқсанындағы № 2018 «Әлеуметтік маңызды аурушылдық пен қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулардың тізімін бекіту жөніндегі», қаулысымен бекітіліп, оның құрамына: 1. Туберкулез 2. Болезнь, адамның иммунтапшылық вирусы 3. Вирусты гепатит В, С 4. Қатерлі ісіктер 5. Қант диабеті 6. Психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстары 7. Балалардың церебральды параличі 8. Миокард инфаркты (алғашқы алты айда) 9. Ревматизм 10. Дәнекер ұлпасының жүйелі зақымдалуы 11. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тұқым қуалау-дегенеративті аурулары 12. ОЖЖ демиелинизациялау аурулары.
Қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулар тізіміне аталғандардан басқа жыныстық жолмен берілетін жұқпалар да кіреді.
ДДҰ бойынша: «Денсаулық – ауру мен басқа мүмкіндікті шектеулердің болмаған жағдайындағы толық физикалық, психикалық, әлеуметтік салауаттылықпен қатар әлеуметтік және экономикалық өнімді өмір сүру». Ал денсаулық сақтау жүйесі – халық денсаулығын нығайтуға бағытталған саяси, экономикалық және басқа да қоғамдық шаралар.
Халық денсаулығын бағалау критерилерінің 3 тобы бар: демографиялық көрсеткіштер; аурушылдық және мүгедектік көрсеткіштері; физикалық даму көрсеткіштері.
Аурушылдық – халық арасында жалпы немесе оның жекелеген топтарында (аймақтық, жас, жыныстық, кәсіби және т.б.) тіркелген түрлі аурулардың таралуы, құрылымы және динамикасы жөніндегі мәліметтер. Келесі түсініктерді ажыратамыз: аурушылдық (біріншілік аурушылдық), таралу (жалпы аурушылдық), патологиялық зақымдалу, жинақталған аурушылдық және нақты аурушылдық.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалауда, ең алдымен, денсаулық сақтаудың түрлі аймақтары бойынша жеткен жетістіктерінің дәрежесі бағаланады:
-денсаулық сақтау жүйесінің адамдар денсаулығына қолдау көрсетуі,
-жүйенің қоғам мүдделеріне сәйкес әрекет етуі,
-көрсетілетін көмектің қаржысы мен тиімдігін қамтамасыз ету.
Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде құрылған жұмыс тобымен сапа индикаторлары өңделіп, олардың көмегімен ДДҰ денсаулық сақтау жүйесін бағалауды ұсынған:
1. жалпы және ауру-спецификалық индикаторлар (анағұрлым жиі кездесетін аурушылдық үшін өлім және аман қалу көрсеткіштері);
2. салауатты өмір салтын ұстану және профилактика;
3. психикалық денсаулық;
4. біріншілік медико-санитарлық көмек;
5. пациенттердің қауіпсіздігі;
6. пациенттерді оқытуов.
СЖЕА әлеуметтік маңызды аурушылдық ретінде еңбекке қабілетті халықтың өлім және мүгедектіктің негізгі себептеріне жатады. Көрсеткіштері бойынша алдыңғы тұғырда -ЖҚА, онкологиялық аурулар және туберкулез.
Мысалы, жүрек ауруларының жиіліг темекі тастаған тұлғалар арасында 50% -ға төмендеп, ЖҚА, соның ішінде миокард инфарктының, инсульт және перифериялық тамырлардың аурулары темекі тастаған соң 2 жыл көлемінде айтарлық төмендейді. Темекі қорабының құны 10% -ға артса, бағалауларға сәйкес, әлауқаты жоғары мемлекеттерде табак қолданудың -4%-ға, әлауқаты орта және төмен мемлекеттерде -8%-ға қысқаруына әкеледі.
4 негізгі ауру түрі – ЖҚА, қатерлі ісіктер, созылмалы обструктивті өкпе аурулары және қант диабеті Еуропада, шамамен, барлық өлімнің 86% -ын және аурушылдықтың -77% -ын құрап, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүкті арттырады. Қазақстанда да СЖЕА барлық аурушылдықтың 2/3 жағдайын құрап, халық өлімі құрылымының негізгі себептерін құрайды.
Үйлестіру материалы: «РowerPoint» бағдарламасындағы дәріс мәліметтерінен презентация.
Әдебиет:
1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.
2. Европейская стратегия профилактики и борьбы с неинфекционными заболеваниями.- ВОЗ.- Копенгаген.- 2006. – 54 с.
3. Злоупотребление алкоголем в Российской Федерации: социально-экономические последствия и меры противодействия/ Доклад общественной палаты Российской Федерации.- М.: «Асколайн», 2009. — 46 с.
4. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.
5. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 с.
Бақылау сұрақтары:
1. СЖЕА әлеуметтік –эпидемиологиялық маңызы.
2. ҚР СЖЕА таралуы мен тенденциялары.
3. СЖЕА денсаулық пен өмір сапасына әсері.
4. СЖЕА эпидемиологиялық шолу және болжау.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2989;