Тема 4. СЖЕА ПРИОРИТЕТТІ КЛАСС АУРУШЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ

Мақсаты: Студенттер СЖЕА приоритетті класс аурушылдығына жататын әлеуметтік маңызы жөнінде білуі тиіс.

 

Әлеуметті маңызды аурушылдық – еңбекке жарамды халықтың негізгі өлім және мүгедектік себептері. Көрсеткіштері бойынша алдыңғы тұғырда жүрек- қан тамыр (ЖҚА), онкологиялық және туберкулез аурушылдығы.

СЖЕА сәйкес мамандардың құзыретіне жатады.

СЖЕА өлім себептері ретінде 80% летальдік жағдайды құрайды. Аурушылдық құрылымында олар жедел аурушылдықты қуып жетіп, барлық аурушылдықтың, шамамен, 50% -на жуығын құрайды. Ең алдымен, жалпы жинақталған аурушылдықтың 65-70% -ын құрайды екен.

Таралуы, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, медициналық маңызы бойынша СЖЕА бірнеше топқа бөлінеді: ЖҚА, онкологиялық, жүйке-психикалық, созылмалы маскүнемдік, сонымен қатар қайғылы оқиғалар, яғни жарақаттанулар мен уланулар да кіреді. Бұлардың барлығын денсаулықтың әлеуметтік маңызды бұзылыстарына жатқызады.

Қан айналу жүйесінің аурулары халықтың біріншілік аурушылдығы құрылымында 5-ші орын алғанымен, онымен жалпы аурушылдық өсіп, 2014 ж. -2814 құрап, 2010 ж. (2297) салыстырғанда 18,4% -ға артқан, ал ЖИА 100 мың халыққа шаққанда -499,4 құраған.

ЖҚАнан өлім бірінші орында. ЖҚА өлгендердің 40% -ы 20-64 жастағы еңбекке қабілеттілер және олардың 64% -ы -ерлер. ЖҚА жоғары өлім көрсеткіштері республиканың солтүстік аймақтарында тіркелген.

XX ғ. басында ЖҚА патологиялар құрылымында шамалы ғана пайыздық үлес құраған. Тіпті, 50-жылдары аурулар рейтингісінде массалық қаралулар мәліметтері бойынша 10-11-орында болған. Шамамен, шет елдерде де жағдай осыған ұқсас. Әрі қарай, халықтың өмір салты өзгеруінен, индустриализация, цивильді қоғамның психоэмоциональды күйзеліс және басқа қауіп факторларымен урбанизациясы, сонымен қатар ЖИА, гипертониялық ауруларды диагностикалаудың жақсаруы ЖҚА үлесін бірден арттырды. 80-90 ж. басында ақ олар тыныс ауруларынан кейінгі екінші орныға шықты.

Екінші орында республика бойынша өлім себептерінің құрылымында –қатерлі ісіктер ( 2001 ж. – үшінші орын). Соңғы 10 жылда көрсеткіш 19% -ға төмендеген (100 мың халыққа 2001 ж. - 134,4 -тен 2010 ж. -108,9 -ға). 2014 ж. қатерлі ісікпен аурушылдық 100 мың халыққа - 863,7; ал өлім -92,9 құраған).

2013 ж. 380 мың сүт бездерінің рагіне қаралған әйелдердің 45 мыңында қатерсіз ісіктер анықталған.

Темекі шегу мәселесінің өзектілігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексінде көрініс тапқан. Бүгінде Қазақстанда ерлер арасында темекі шегетін 42% анықталған. ДСМ мәліметтері бойынша, онкологиялық аурулар (соның ішінде өкпе рагі) ЖҚА және жарақаттанулардан кейін үшінші орында. Темекімен байланысты аурушылдықтан өлім деңгейі – жылына 25 мың халықты құрайды.

Қоғам әлауқатының көрсеткіштерінің бірі – халықтың психикалық денсаулығы. Арнайы мәліметтер бойынша, жыл сайын диспансерлік тіркеуде тұратын нпсихикалық науқастар саны аздап төмендеп келеді, дегенмен, маманнан кеңес алуға жүгінетіндер саны артуда.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай республикалық масштабта тұрақты. Оның дәлелі ретінде барлық жас топтары бойынша аурушылдықтың, өлімнің және резистентті формасының таралуының төмендеуін келтіруге болады: 100 мың халыққа шаққанда 2010 ж. -95,3 -тен 2012 ж. -81,7 –ге және сәкесінше, 2010 ж. -10,6 -дан 2012 ж. -7,5 -ке төмендеуі. индекса Конкурентқабілеттіліктің Жаһандық рейтингінде Қазақстан туберкулез аурушылдығы бойынша 107 орын және туберкулездің бизнеске әсері жағынан 112-ші тұғырға ие.

Ізінше, туберкулезге қарсы мекемелердің жаңа реструктуризациясы жүргізіліп, төсек қорлары оптимизацияланды. Осы тұста науқастар нозокомиальды туберкулездің таралуының алдын алуға мақсатында моностатусы бойынша халықаралық жұқпаларды бақылау талаптарына сәйкес жіктелді. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ситуацияның жақсаруына ел Үкіметі мен жергілікті атқару ұйымдарының деңгейіндегі жүйелі шаралар әсер етті.
ДДҰ мәліметтері бойынша, Қазақстан АИВ/ЖИТС эпидемиясының концентрацияланған сатысында (орташаәлемдік көрсеткіш 1,1% тұсында халықтың 0,2% құраған) (2010 және 2011 жж.- 0,18). 2012 ж. ең жоғары преваленттік көрсеткен Қарағанды - 0,462, Павлодар - 0,453 облыстарында жә не Алматы қаласында - 0,438. Конкурентқабілеттіліктің Жаһандық рейтингінде Қазақстан АИВ таралуы бойынша 12-орын (2011 ж.- 21 тұғыр, 2010 ж.- 22) және бизнеске әсері жағынан 73 тұғырда болған (2011 ж. – 96, 2010 ж. - 86).

Үйлестіру материалы: «РowerPoint» бағдарламасындағы дәріс мәліметтерінен презентация.

Әдебиет:

1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

2. Европейская стратегия профилактики и борьбы с неинфекционными заболеваниями.- ВОЗ.- Копенгаген.- 2006. – 54 с.

3. Злоупотребление алкоголем в Российской Федерации: социально-экономические последствия и меры противодействия/ Доклад общественной палаты Российской Федерации.- М.: «Асколайн», 2009. — 46 с.

4. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

5. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 с.

Бақылау сұрақтары:

1. СЖЕА приоритетті класс аурушылдығының құрамы ретінде.

2. СЖЕА халық өлімі құрамының басты себептерінің бірі.

3. СЖЕА халық аурушылыдығы құрамындағы үлесі.

4. Жекелеген СЖЕА түрлерінің әлеуметтік-эпидемиологиялық маңызы.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 1249;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.