Тема 5. СЖЕА АУЫРТПАЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУ ПРОФИЛАКТИКАСЫНДАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРНЫ
Мақсаты: Студенттер эпидемиологиялық мониторинг арқылы профилактика жүргізу стратегиясы мен жолдарын білуі тиіс.
Халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерге келесі ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Сыртқы фактор: салауатты өмір салтын сақтамай, қоршаған ортаның қолайсыз болуы (ДДҰ мәліметтері бойынша, адам денсаулығының 50% -ы өмір салтына тәуелді (әлеуметтік-экономикалық факторлар, білім деңгейі, зиянды әдеттерге бейім болу, СӨС ұстану); 20% -ға дейін денсаулық жағдайы қоршаған орта жағдайына тәуелді:
1) ауыз су сапасының төмендігі (халықтың тек 87,7% қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген және ол факт жұқпалы аурушылдық көрсеткіштеріне әсер етеді;
2) денсаулыққа қауіпті факторлар (жеті қауіп факторының үлесіне шамамен 60% СЖЕА таралуы байланысты: темекі тарту (13,4%), қауіпті дозаларда алкоголь пайдалану (12,8%), жоғары артериальдық қан қысымы (12,3%), гиперхолестеринемия (9,6%), артық дене салмағы (7,4%), жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз пайдалану (5,5%), төмен физикалық белсенділік (3,5%);
3) халықтың СӨС және дұрыс тамақтану сұрақтарында жеткіліксіз ақпараттануы және ынталануы;
4) шекаралас мемлекеттермен тікелей көлік байланысындағы елдермен аса қауіпті жұқпаларға байланысты қолайсыз эпидемиологиялық ситуация;
5) Қазақстанның Кеден одағына бірігуі.
Ішкі факторлар:
1) жүргізілетін профилактикалық байқаулар мен ерте диагностикалаудың жеткіліксіз тиімділігі;
2) дәлеледеу медицинасына негізделген ауруларды диагностикалау, емдеу және реабилитациялаудың жаңа әдістері мен хаттамаларын енгізудің жеткіліксіздігі;
3) БМСК және стационар арасындағы сабақтастықтың жоқтығы;
4) қоғамдық денсаулық сақтаудағы, СЖЕА профилактикасы және деңгейін төмендетудегі БМСК ролінің жеткіліксіздігі;
5) лабораторлық зерттеулер жүргізетін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің жұмысына заманауи инновациялық әдістердің жеткіліксіздігі;
6) медициналық иммунобиологиялық препараттарды, соның ішінде диагностикумдарды, тест жүйелерді шығаратын өндіріс базасының дамуының төмен деңгейі.
Қауіп факторларымен кешенді күресу (дұрыс тамақтанбау, аз қозғалу және алкогольді шамадан тыс пайдалану) қоғамдық денсаулық сақтау стратегиясын немесе СЖЕА алдын алу және бақылау бойынша ұлттық стратегияның болуын талап етеді.
Стратегияның негізгі құрамы болып табылады:
- реттеуші құрылым;
- қауіп факторларына қарсы бағытталған немесе аурушылдықтың алдын алудың ұлттық (адаптацияланған аймақтық, жергілікті) әрекет жоспарлары немесе кешенді стратегиясы;
- халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін созылмалы аурушылдықты мониторинг бағдарламасы;
- денсаулық сақтау ісінің реформалары;
- денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйенің өзгеруі.
СЖЕА профилактикасы бойынша стратегиясы. СЖЕА негізгі кластары бойынша аурушылдықты қысқарту: ЖҚА, АЖА, өкпе СЖЕА, ЗШЖА, диабет. Өмір салтына приоритетті қауіптері мақсаттық көздеу: темекі тарту, рационалды емес тамақтану, төмен физикалық белсенділік, алкоголь, артық дене салмағы.
Негізгі интеграцияланған стратегиялық жолдары: популяциялық қауіпті төмендету, жеке басқа қауіпті төмендету, сәйкес әрекет ететін БМСК торабы, мониторинг жүйесі, саясат, зерттеуді дамыту мүмкіндіктері, бағалау.
ДДҰ концепциясына сәйкес, денсаулық сақтауды нығайту (health promotion) – ададмдардың өз денсаулықтарын бақылауға, жақсартуға мүмкіндік беретін үдеріс. Денсаулықты нығайтудың негізгі қағидаларына жатады: шешім қабылдаушы тұлғалардың сенімі, сектораралық қызметтестік (ресурстардың үйлестірілуі), халыққа бағытталу, жергілікті қоғамдстықтардың "тек адамдар үшін ғана емес, сонымен қатар адамдармен бірге қағидасы". Сондықтан халықтың өз денсаулығын нығайтуға позитивті қатынасы да өте маңызды.
Денсаулыққа позитивті қатынас (positive health attitude) – бұл салыстырмалы түрде тұрақты тұғыр, индивидтің (әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның) өмір салтын сауықтыруға, денсаулыққа зиянды әдеттерін өзгертуге, денсаулықтың оптимальды деңгейлеріне жетуге жағдайлар жасауға қабылдаған шешімі.
Денсаулықты қорғау (health protection) деп әрбір адамның, отбысы, қоғамның денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған, сонымен қатар ұзақ та белсенді өмір сүруді, сәйкес деркездік емдеу –профилактикалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы шаралар кешенін атауға болады
Халық денсаулығын қорғау және нығайту негізінде аурушылдық профилактикасы (diseases prevention) – ол даенсаулықта ауытқулардың дамуының және аурушылдықтың алдын алуға, үдемелілігін төмендетіп, қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған медициналық және медициналық емес сипаттағы шаралар жүйесі..
Профилактика (prophylaktikos – алдын ала сақтау) – қауіп факторларын жою немесе қандай да бір құбылысты болдыртпауға бағытталған түрлі текті шаралардың жиынтығын білдіретін термин. Қоғамдық және индивидуальды профилактика түрлері бар.
Профилактика түрлері:
Біріншілік профилактика – аурудың даму қаупі факторларының әсерінің, ізінше, аурудың туындауының алдын алу шараларының жүйесі (вакцинация, еңбек пен демалыстың кезектесуі, рациональды сапалы тамақтану, физикалық белсенділік, қоршаған ортаны сақтау және т.б.). Біріншілік профилактиканың бірқатар шаралары мемлекеттік масштабта жүргізіледі.
Екіншілік профилактика – қолайлы жағдай туғанда аурушылдықтың асқынып рецидив беруіне әкелетін айқындалған қауіп факторларымен (күйзеліс, иммунитет нашарлауы, организмнің кез-келген функциональды жүйесіне шамадан тыс жүктеме) күресуге бағытталған шаралар кешені. Екіншілік профилактиканың айтарлық тиімді әдісіне аурушылдықты ерте анықтаудың, динамикалық бақылаудың, жүйелі емдеудің, рациональды сауықтырудың кешенді әдісі – диспансерлеу жатады,.
Үшіншілік профилактика. Кейбір мамандар бұл түрін науқастардың реабилитациясы бойынша шаралардың кешені ретінде қарастыруды жөн санайды.
СЖЕА, соның ішінде кәсіби аурушылдық профилактикасына кіреді:
1) аурушылдықтың әрекетке байланысты қауіп факторларының (ӘҚФ) профилактикасы және халықтың медициналық сауаттылығын көтеру жолдарын алға тарту:
- СӨСҚ және дұрыс тамақтануды насихаттау;
- БАҚ арқылы аурушылдықтың профилактикасына оқыту бағдарламалары бойынша сұрақтармен халықты ақпараттандыру;
- өз-өзіне көмектесу қажеттілігі бар СЖЕА науқастарын оқыту мектептерін ұйымдастыру;
2) БМСК мамандарының тіркелген халық аурушылдығының, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен кәсіби аурулардың қауіп факторларын мониторинг жасау;
3) мемлекеттік ұйымдармен, басқа ұйымдар мен мекемелермен, жеке кәсіпкерлермен, өз құзыреті шегінде, аурушылдық қаупінің өндірістік факторларының әсерін минимизациялау;
4) медициналық байқаулар нәтижесінде СЖЕА, кәсіби ауруларды анықтау, ерте қаралуды ынталандыру;
5) СЖЕА, кәсіби ауруларды динамикалық бақылау және азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қалпына келтіру емі мен медико-әлеуметтік реабилитацияны қолдану арқылы сатылап сауықтыру.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 1875;