Ерекше сұранысты анықтайтын факторлар.

Жалпы сұраныс ішінде ерекше орналастыру орындарына деген сұраныс, туристік қызмет көрсету түрлері мен азық-түліктері төмендегі факторлармен анықталады:

Баға және туристік қызметке сұраныс.

Өндірістік емес көптеген салаларда баға ерекше сұранысты анықтайтын қосымша фактор болып саналады, өйткені қызмет көрсетушілер арасында баға айырмашылықтары болмайды, оларды маңыздылығы бойынша қызметті қосымша тұтынушылар деп санайды, бұл жерде едәуір жоғары деңгейдегі қажеттіліктер қосымша тартылады, немесе, берілген қажеттілік ерекше немесе сыналатын болып келеді.

Туризмдегі баға – бұл сұранысты анықтайтын басты фактор. Белгіленген орындар туралы, саяхат жасау әдісі мен саяхатқа шығу уақытындағы іс-шаралар туралы, тұру мен қызмет көрсету жағдайлары туралы, сапардың ұзақтығы туралы шешімдер бағалық шешімдермен анықталады. Туристік қызмет көрсетуге қойылатын баға жоғары болады, өйткені:

- саяхатқа шығу сұранысы дискретті болып табылады, және ол

әртүрлі жолдармен қанағаттандырылуы мүмкін, олардың әрқайсысы туристердің бір-бірімен теңдейлігіне қарай ұсынылады.

Туристік қызмет көрсетулер, белгіленген орындар жоғары дәрежеде қаншалықты өзара алмастырылатын (тауарлар – субституттар) болып табылса, онда баға осы қызмет көрсетулерді таңдап алудың маңызды критериі болмақ.

Туристердің көпшілігі қызмет көрсетуді маңызды фактор ретінде қарастырады, әсіресе бұл мейманхана, мейрамхана, круиздер мен турларға қатысты.

Баға, сондай-ақ, туроператорлар арасындағы бәсекелестіктің де маңызды факторы болып табылады. Әртүрлі туроператорлардың бағдарламалары бір немесе сол орынды, ауыстыру әдістерін, мейманханаларды, экскурсиялық турларды және т.б. қамтиды. Азық-түліктің қаншалықты аз дәрежеде айырмашылығы болса, баға айырмашылығы маңызды дәрежеде тұтынушыны (сол немесе басқа туроператордың тұтынушысын) таңдауды анықтайды.

Белгіленген орынға тарту әдістері, мүмкіндіктер және қызмет

Көрсетулер.

Саяхатқа қатысты шешімдер белгіленген орынды таңдап алу шеңберінде қабылданады. Ең маңызды шешімді потенциалды саяхатшы өзінің қайда бару керектігін шешкен кезде қабылдайды.

Бұл таңдау туризмге тартудың әртүрлі әдістерін бағалаумен анықталады. Саяхатшының қажеттілігін, тілегін, күткендерін қанағаттандырғанда оны тартудың мүмкіндігі туады. Сондай-ақ, орналасқан жері, уақығалар немесе белгілі бір қызмет мүмкіндіктерінің болуы саяхатшыны тартуы мүмкін.

Орналасқан жері өзінің біркелкі факторларымен немесе жасандылығымен тартуы мүмкін. Сонымен бірге мәдени фестивальдар, спорттық жарыстар, конвенциялар тартуы да мүмкін. Қызмет арқылы тарту гольф ойындарына, паруспен қыдыруға т.б. мүмкіндіктің барын көрсетеді. Бұдан басқа, турлидерлердің ,гидтер мен мейманхана қызметкерлерінің кеңестері мен консультацияларының мүмкіндігі мен сапасы тарту факторларының бірінен саналады.

Отельдер мен басқа да орналастырудың түрлері, жергілікті транспорт, мейрамханалар, сувенирлік дүкендер, банктер мен валюта алмастыру пункттері, яғни, туристке қажетті барлық нәрсе – берілген саяхаттың тартымдылығын анықтайды.

Ол жеткізулер.

Бұл, ең алдымен, турист таңдап алатын қозғалыстың, саяхат үшін қажетті баға мен уақыттың, жылдамдық пен үміт комбинациясының әдістеріне қатысты. Бұдан басқа, медициналық тексеру, валютаны бақылау, кеден сияқты факторлар да назарға алынады.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1287;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.