Коммуникативтік процесте мәлімет алмасудың ерекшелігі. Коммуникация құралы - тіл.
Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күймен, сезімдерімен, т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық кондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі, коммуникативтік кедергілер, коммуникативтілік әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербальді-сөз жүзіндегі, вербальді емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: 1. тұлға аралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды. Екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші-коммуникатор, оны қабылдаушы-реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм-кері байланыс іске қосылады, ол реципиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде берілед. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды», «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама кері байланыс –психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзітүсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауымүмкін, сондықтан түсінуі қиынырақ болады. Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туындайды.
1. Мәліметтің формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке-даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты.
2. Оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайда байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласынікіне ашулануы мүмкін). Мәліметті әртүрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы-коммуникативтік кедергінің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол-коммуникативтілік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік кедергісі болуы мүмкін. Түсініспеушілік кедергісінің бірнеше түрлеріне болады: 1) фонетикалық кедергі жатады. Әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция), тілдің грамматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сейлеу, сөзді анық айтпау, қосымшадыбыстардың болуы да осыған себеп болады.2) Сематикалық кедергі сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. әртүрлі ортаның өзіне тән «мини-тілі» болады. Өздерінің қалжыңдығы, тілінің оралымдары, т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет. 3) Стилистикалық кедергі - коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді. Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тлде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезініп, саған байланысты өзгерістер енгізуі қажет. 4) Логикалық кедергі, коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», т.б. логикалар туралы айтуға болады. Қарым-қатынастағы әлеументтік-мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес. Вербалды (сөз арқылы) деңгейінде (негізгі)-тіл пайдаланылады. Сонымен қатар вербалды емес жүйелер де пайдаланылады: оларға оптикалық-кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық-кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түрі және әсерлі қимыл-қозғалыстары, ымишараттары, мимикасы, отырыс-тұрысы, жүрісі, т.б. жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамның сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осыларға көңіл аударамыз. Акустикалық жүйеге сонымен бірге коммуникатордың дауысының сапасын (тембірі, биіктігі, қаттылығы), интонация, сөйлеу темпі, дауыс екпіні және әртүрлі сөз арасындағы үзілістер (пайза), жөтелістер, күлкілері, т.б. жатқызады. Және де коммуникатывті процестің кеңістікте, уақытта ұйымдастырылуы да маңызды. Қарама-қарсы отыру-дұрыс қатынас, сыртынан айқалау, керісінше бұрыс қатынас болып есептелінеді. Сонымен бірге тиімді тыңдай білу техникасы да маңызды. «Есту» және «тыңдау» күрделі еріктік процесс, зейін қойып, өз проблемасын ұмытып, өзгенің проблемасына тереңдей білу әрқашанда бола бермейді. Тиімді тыңдадуың екі түрі бар: зейін қойып үндемей тыңдау-басын изеу, мимикалық реакциялар, көз түйістіру, зейінін бөлудің әртүрлі фазалары. Кейде «Иә»-«иә» деген сөздері айту, немесе соңғы сөздерді қайталау да қолданылады. 2-түрі рефлексивті тыңдау, әртүрлі сұрақтар арқылы, бір ойды басқа сөздермен жеткізу (парафраз), қорытындылау, аралық қорытындыларды айтып беру.
Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емес белгілер жүйесі арқылы да алады. Ақпараттың көпшілігін адам: а) 55% дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы (мимика, қол, дене қимылы) б) 40% дауыс (интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы) в)5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90% көру, 9% есту, 1% т.б жолмен алады.
Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Мәселен, жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиынға түседі. Бет қимылының 20 000 астам түрлері бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі екен.
Дене қимылы - психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың өзара қатынасын байқауға мүмкіндік аламыз. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының ақиқатқа жақын болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтыққа, партнерлардың отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулерге проксемикадеп ат қойылды. Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік, жеке, әлеуметтік, көпшіліктік.
Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Мысалы: mini американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен өзінің қашықтық аймағы болады.
15-45см - өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.
45-120см - жеке арақатынасы аймағы, достар арасында болады.
120 - 400см - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы.
400см – жоғары - көпшілік аймақ. Адамдардың үлкен тобымен қарым-қатынасқа түсу: дәрісханаларда, митинглерде және т.б.
Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.
Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.
Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөйлеу жылдамдығы, т.б.
Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі - бұл көзбен қарым қатынасқа түсу (визуалды қатынас). Сөйлеушіге қарау қызығушылықты ғана білдірмейді, сонымен қатар не мәселе жөнінде айтып тұрғанға назар аударғанды білдіреді. Жағымды мәселені талдауда визуалды қатынасты ұзақ ұстау адамдарға едәуір жеңіл болғанымен, керісінше жағымсыз мәселені талқылау барысында адамдар бір - бірінің көзіне тік қарамауға тырысады. Мұнда визуалды қатынастан қашу әдептілікті әрі сөйлеушінің эмоциялық күйін түсінгендікті білдіреді. Өйткені мұндай кезде көз алмай тік қарау жағымсыз сезімдерді тудыруы мүмкін. Сонымен қатар көз алмай тік қарау жауласудың да белгісі деп қабылданады. Визуалды қатынас, әсіресе, бір-бірін ұнататын адамдар арасында жиі кездеседі. Визуалды қатынас әңгіме барысын реттеп отыру үшін де қажет. Егер сөйлеуші көзін бірде тыңдаушыға, бірде басқа жаққа бұрып әкетіп отырса, онда сөзін әлі бітірмегенін байқатады. Сөз аяғында сөйлеуші тыңдаушыға тік қарау арқылы сөз кезегін оған бергенін білдіреді.
Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 8114;