Туризм сарыны және сапарларға қатынас.

Тығыз байланысқан әлеуметтік және мәдени факторлар сапарларға байланысты негізгі сарын, тілек, және күту болып табылады.Туризмнен түсетін пайда көп жағдайда абстрактылы және субьективті болып табылады, бірақ, берілген туристік қызмет көрсетулер немесе тауарлар тұтынушыларды қарама-қайшы және үйлеспейтін қажеттіліктер мен сарындармен тартаныны таңқаларлық жағдай емес. Потенциалды туристер туризмдік қызмет көрсету мен тауарлар туралы айтатын сын-талдаулар біркелкі және ерекше болады.

Берілген қызмет көрсетулер, орналасу орындары немесе азық-түлік әртүрлі бағаланады және тұтынушының әртүрлі әсерін , яғни, қанағаттану немесе қанағаттанбауды туғызады. Мұның бәрі қозғалыс стратегиясы мен жоспарын жасау барысында назарға алынуы тиіс.

5.Сапарға шығу мүмкіндігі мен туризмдегі маркетингтің

Интенсивтілігі.

Сұраныс көлемі тек қажеттіліктермен, тілектермен және сатып алу қабілетімен ғана анықталмайды, олар сондай-ақ, жасалған ұсыныстармен де анықталады.Басқаша айтқанда, белгіленген орын, баға айырмашылығы, орналасу орныдарының түрлері көп болған сайын, туризмге сұраныс та жоғары болады. Мұның барлығы туристерге мүмкіндіктердің кең қатарынан таңдау жасауға мүмкіндік береді.

 

Жалпы сұраныс факторлары

 

 

 
 

 


Сатып алу қабілеті   Демографиялық жағдай және беталыс   Әлеуметтік және мәдени факторлар     Сапар сарыны   Сапарға дайындығы

 

Бұл факторлар бірлесіп берілген рыноктағы туризмге сұраныс көлемін анықтайды, демек, оларды рыноктық жағдайларды анықтау мен болашақ рынок потенциалын алдын болжау барысында ескерген жөн.

Бұлардың көпшілігі санымен өлшенеді және оңай анықталады. Осы себепті жалпы сұраныс болжамы ерекше сұранысқа қарағанда едәуір нақтырақ.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1013;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.