Туристік қызметтерге сұраныс.

 

Туристік қызметтерге сұраныс тек табиғатына қарай ерекшеленетін әртүрлі элементтермен ғана емес, туристер үшін маңызды болатын элементтермен де анықталады. Оларды әртүрлі кәсіпорындар жасап шығарады, және олар әртүрлі уақытта қажет болады.

Олардың гетерогенді табиғатына қарамастан бір-бірімен тығыз байланысты және туристердің пікірі бойынша топтасқан бір бүтіндік. Туристік қызметтерге сұраныс тікелей саяхат жасау кезеңімен ғана шектелмейді. Сұранысты айқындаушы ақпараттау мен алдын ала броньдау, билеттер сату, валюта ауыстыру т.с. сияқты маңызды элементтер саяхат басталмай тұрып орындалуы тиіс.

Туризмге сұраныс негізінен «еркін тауар» түсінігмен байланысты. Басқаша айтқанда туристерді белгіленген орынға тартатын әсерлердің барлығын қарастырған жөн.

Туристердің көзқарасы бойынша, бір бүтінді құрайтын және туризмге сұранысты анықтайтын барлық элементтер еркін тауар немесе қызмет көрсету бола ала ма? Туризм сұранысының барлық элементтері өзара тығыз байланысты және бірін бірі толықтырады. Олардың әрқайсысының құндылығы мен пайдалылығы оның тек жеке сапасымен ғана емес, сондай-ақ туристке қажетті басқа да элементтердің болуымен және мүмкіндігімен анықталады және бір бүтіндікті құрайды.

Туристік қызметтерге сұраныстың әртүрлі элементтері 6 топқа бөлінеді:

- саяхатқа дайындық. Ақпараттау және кеңес беру, билеттер мен ваучерлер сату, валюта айырбастау, саяхатқа арналған киімдер мен құралдар сатып алу т.б.

- жол жүру. Орналасқан жерге немесе сол жерден жорыққа, қасиетті орындарға т.с.с. тасымалдау.

- тұру және тамақтану. Мейманханалар, кэмпингтер, мейрамханалар және т.б.

- орналасқан жердегі қызмет көрсетулер. Ойын-сауықтар, спорт, дүкен аралау, мұражайда болу т.с.с.

- дүкеннен зат сатып алу және жеке бас қажеттіліктері. Ең қажетті заттар алу, медициналық көмек т.б.

- жазып алу және алған әсерлерді сақтау. Фильмдер, фотосурет, сувенирлер т.б. сатып алу.

 

Саяхатқа дайындық

 

 

Тасымалдау

 

  Орналастыру және тамақтандыру
Туризм Қызметіне Сұраныс элементтері  
   

 

Белгіленген пункттегі қызмет

 

Жеткізіп беру және жеке қажеттілік

 

Алған әсерлерді жазу және сақтау

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1571;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.