Кәсіпорын қызметін ПИМС - талдау

ПИМС – талдау немесе таңдалған стратегияның табыстылық шамасына әсерінің деңгейін талдау эмпирикалық моделді пайдалануға негізделген. Ол модель стратегиялық айнымалылармен (нарықтық үлес, өнім сапасы, вертикалдік интеграция) және ситуациялық айнымалылардың (нарықтық өсу жылдамдығы, саланың дамуының кезеңі, капитал ағымдарының жылдамдығы) кең шеңберін пайдалылық шамасымен және ұйымның нақты ақшаны өндіру қабілетімен байланыстырады. Мұндай талдауды жүргізудің мақсаты – нақты нарықтық жағдайда қандай стратегияларды таңдау қажет екендігін анықтау. Бұл әдіс 150-ден аса ірі және шағын компаниялардың 1000-нан астам нақты Бизнестің Стратегиялық Бірліктерін (БСБ) талдау нәтижелеріне негізделген.

Пайдалылық және нақты ақшалардың көрсеткіштерін әр түрлі айнымалы шамалармен байланыстыратын көптік регресия теңдеулері құрылған. Бұл тәсілді қолданғанда 37 фактор ескерілген. Айнымалы шамалар 5 топқа топтастырылған:

1. Нарықтық жағдайлардың тартымдылығы:

- ұзақ мерзімді перспективада (4-10 жыл) саланың өсу жылдамдығы:

- қысқа мерзімді перспективада (3 жылға дейін) саланың өсу жылдамдығы:

- өнімнің өмірлік циклының кезеңі.

2. Бәсекелестік позицияларының күші:

- салыстырмалы нарықтық үлес;

- нарықтық үлес;

- өнімнің салыстырмалы сапасы;

- өнімдік линияның салыстырмалы ені.

3. Инвестицияларды пайдаланудың тиімділігі:

- инвестициялардың интенсивтілігі(сату көлеміне қосынды инвестициялар қатынасы және қосымша құнға қосынды инвестициялар қатынасы);

- негізгі капиталдың интенсивтілігі (негізгі капиталдың сату көлеміне қатынасы);

- вертикалдік интеграция (қосымша құнның сатулар көлеміне қатынасы);

- өндірістік қуаттарды пайдалану проценті.

4. Келесі бағыттар бойынша бюджетты пайдалану:

- маркетингке кеткен шығындардың сату көлеміне қатынасы;

- НИОКФ (ҒЗ және ТКӨ) ге шығындардың сату көлеміне қатынасы;

- Жаңа өнімдерге кеткен шығындардың сату көлеміне қатынасы.

5. Нарықтағы жағдайдағы ағынды өзгерістер:

- нарықтық үлестің өзгеруі.

Табыстылықтың (пайда шамасының инвестицияларға қатынасы) нақты мақсатты нарықтардың салыстырмалы нарықтық үлесі өскен сайын өсетінін көрсететін нәтижелер алынды.

Бірақ кейін, басқа зерттеулерде, осы алынған нәтижелерге қайшы келетін көптеген фактілер келтірілген етіп, яғни олар нарықтық үлесінің төмен мәндері бар жоғары табысты бизнестерге қатысты болған. Көп нәрсе нарықтық үлес көрсеткішін өсіру қандай стратегиялар көмегімен қамтылатынына да байланысты болады екен.

Нарықтық үлесті жаулап алудың құны қосымша пайда алудың тиімділігінен асып кетерліктей жоғары болуы мүмкін. Нарықтық үлестің белгілі бір жоғары мәнінен кейін (мыс: 50%), оны қамтудың жоғары шығындарының салдарынан пайдалылық төмендей бастайды.

Келесі қорытындының мәні - бәсекелестермен салыстырғанда жоғары сапалы өнімдер шығаратын компаниялар жоғары табысты да болып табылады. Сонымен бірге жоғары сапа тұтынушылардың адалдығының деңгейін көтереді, компанияны бағалық соғыстардан қорғайды және нарықтық үлестің өсуіне себеп туғызады. Жарнама ешқашан өнім сапасын ауыстыра алмайды.

ПИМС – талдау көмегімен алынған нәтижелер (сипаты), сөзсіз, бейімделуші болаған және стратегиялық шешім қабылдағанда басшылар қолданатын ақпарат түрлерінің бірі ғана болып табылады. Өкінішке орай, бұл талдау оңай, кең пайдаланушылар шеңберіне қол жетерліктей әдістемелерге жатпайды. Оның ең құнды нәтижелері – таңдалған стратегияларға әсер ететін көрсеткіштерін кең шеңберін бөліп, әсерін талдауда.

Қорыта келгенде жалпы кәсіпорында «DУNASTU NETWORK» ҚҚА жалпы сипаттама беріп оның нарықтағы мүмкіншілігін қарастырдық.

2001 жылдан басталған қызметі ішінде Корпорацияға республикалық бюджеттен 11 139,5 млн. теңге, оның ішінде қайтарымдылық негізде кредит ресурстары - 4 849,5 млн. теңге және Корпорацияның жарғылық капиталын қалыптастыруға - 6 290 млн. теңге берілді. Берілген қаражаттың мақсатты бағыты келесідей: Корпорация қызметін қамтамасыз ету үшін (негізгі қор сатып алуға) -111,8 млн. теңге, 131 «DУNASTU NETWORK» ҚҚА құруға қатысу үшін 783,4 млн. теңгежәне кредит беруге - 5 394,8 млн. теңге.

Өткен жылдардың шығынын жабу есебімен «DУNASTU NETWORK» ҚҚА түсірген таза кірісі қатысушылардың жалпы жиналыстар шешімі бойынша келесі мақсатқа жіберілді:

-резервтік капиталын құруға және толықтыруға - 1 31 ,4 млн. теңге;

- қорлар құруға және толықтыруға - 9,9 млн. теңге;

- қатысушыларғадивидендтөлеуге - 8,1 млн.теңге.

Талдау барысында «DУNASTU NETWORK» ҚҚА меншікті капиталдарының өсу көрсеткіші байқалды.

«DУNASTU NETWORK» ҚҚА кредит беру талаптары келесідей:

- кредит мөлшері меншік капиталдың бірінші топ бойынша тартылатын қаражатқа 1:6 арқатынасы ретінде белгіленеді және кредит беру лимиті 600 млн. тенгеден аспайды. Екінші топ бойынша тиісінше 1:4 және кредит беру лимиті 400 млн. тенгеден аспайды. «DУNASTU NETWORK» ҚҚА – түпкі қарыз алушы үшін кредит сомасы жарғылық капиталға қосқан жарнасына сай белгіленеді.;

- бірінші топ бойынша кредит беру мерзімі 1-7 жыл, екінші топ бойынша – 1-5 жыл;

- түпкі қарықз алушы үшін пайыздық ставка жылдық 8-9 %(Корпорация ставкасы 4 %, «DУNASTU NETWORK» ҚҚА сыйақысы – 4-5%)

Осы талаптарды ескере отырын кәсіпорын көптеген жетістіктерге жетті деп айтуымызға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Маркетингті басқару процесі

2. Нарықты қамту тәсілдері.

3. Айнымалы шамалар.

Дәріс

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1883;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.