Инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі.

Ақшалай қаражаттардың эквиваленті — ақшалай каражаттардың белгілі бір сомасына тез айналатын және құндылығының өзгеруінің мәнсіз қатері бар кыска мерзімді және жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына мүмкіндік береді.

Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады.

Ақша қаражаты - кассада және банктердегі шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша.

Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.

Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы

Заңды тұлғаның операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады:

а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі;

немесе

б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі.

Инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы

Ақша қаражатының қозғалысы, нетто-негізде ашып көрсетіле алатын белгілі бір жағдайлардан басқа кезде, ұйым инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын жалпы ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көресетеді.

Ақша қаражатының қозғалысы үйымның қызметінен гөрі клиенттердің қызметін көрсеткен жағдайда клиенттердің атынан ақша түсімдері мен төлемдері нетто-негізде ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы:

а) инвсетициялық ұйымдар өз клиенттерінің тапсыруы бойынша ұстап отырған қорлар;

б) меншік иегерлері атынан алынып, соларға берілетін жалдауақы төлемдері.

Нетто-негізде сондай-ақ тез қайтып оралатын, ірі сомаларды қамтитын және өтеу мерзімдері қысқа көздер бойынша ақша түсімдері мен төлемдері ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы;

а) инвестицияларды сатып алу және алу;

б) қайтару мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзімді займдар.

3. Қолма -қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың

Сипаттамасы

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектісінің кассасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшалануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдаланылуы керек.Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.

Кассадағы операциялар есебі 1010 - "Кассадағы нақты ақша" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" және 1020 - "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" - шоттарында жүргізіледі. Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері (ү.№КО-1) бойынша жүзеге асырылады.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен (ү.№КО-2) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені-жазумен, тиынды-сандармен көрсетеді.

Касса операцияларының есебі компьютерлендіру жағдайында касса құжаттарын өңдеудің бағдарламалық құралдары жұмысының дұрыстығына да тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтарға кінәлі адамдар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатан түрдегі есеп-беру бланкілерін тексеру нәтижелері нақты ақша қаражаттарын түгелдеу актісімен және құндылықтар мен қатаң түрдегі есеп-қисап құжаттарын түгелдеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық ақша қаражаты кіріске алынады: бұл операция 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" шотының дебеті бойынша және 6280 "Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар" шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Ақша қаражаттары мен құнды қағаздардың жетіспейтіндері кассирден өндіріліп алынады: 1280 "Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебеті, 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" шотының кредиті.

Қатаң түрдегі есеп-беру бланкілерінің жетіспеуінен субъектіге келген зиян олардың номиналды құнын негізге ала отырып есептеледі.

Касса бойынша есеп 1010-шоттың дебеті мен кредиті бойыншажүргізілетін машинограммада немесе басқа да есеп регистрлерінде жүргізіледі. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі.Айдың аяғында есепті айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдың есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Касса кірісіне алынған ақша 1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" шотының дебеті бойынша және келесі шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі;

1040 - "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шоты -кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

1250 - "Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары" қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, таран-таражға түскен сомалар және т.б бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

6010 - "Дайын өнімдерді жұмыстарды, қызметтерді студан түскен табыс" шоты материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін нақты ақшамен есеп айырысқан кезінде.

Кассадан ақша берілген кезде 1010- шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

3350 - "Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шоты кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақы сомасына;

1250 - "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздар" шоты кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

1040 - "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шоты кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімінің сомасына.

"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" Валютамен операциялар жүргізілетін субъектілер 1020 - "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша" шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылып көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жекемашинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 1020 - шот дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

1020 "Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша" шоты валюта шотынан валюта түскен кезде;

1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты кассаға алынған валюта түсімі сомасына;

6250 "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты - тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

1250 "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздар" - шоты-есеп беретін адаамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде - 1020-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі.

1250 -"Қызметкерлермен мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты - есебіне берілген шетел валютасы сомасына;

1020 - "Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша шоты" - валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

7430 - "Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар" шоты - тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

4.Субьект операциялық кассасындағы нақты ақша есебі. Тауар кеңселері, айлақтардағы және пайдалану учаскелеріндегі, аялдама күзеттеріндегі, өзең өткелдеріндегі, кемелер кассаларындағы, кемежайлар, айлақтар, бекеттер, теңдеме жүк кассаларындағы, байланыс бөлімшелері және т.с.с. кассаларындағы ақша қаражаттарының нақты бары мен қозғалысының есебі 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" шотының, "Операциялық кассадағы нақты ақша" аралық шотында жүргізіледі. Операциялық кассадағы операциялар 1010 немесе 1020 -шоттарындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі. Ақша опреациялық кассаға түскен кезде 1010 немесе 1020 -шоттарының, "Операциялық кассадағы нақты ақша" аралық шоты дебеттеледі және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

6010- "Дайын өнімдер жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен кіріс" шоты және басқа да шоттар - кассаға алынған түсімнің сомасына;

1210 - "Алынуға тиісті қарыздар" шоты - сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған сомаға;

Кәсіпорын кассасына түсім қаражатын өткізгенде - 1010 немесе 1020 - шоттар. дебеттеледі, ал 1010, 1020 шоттардың "Операциялық кассадағы нақты ақша" аралық шоты кредиттеледі.

Операциялық касса бойынша жеке касса кітабы жүргізіледі, жеке машинограмма немесе басқа есеп регистрі ашылуы мүмкін.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 3270;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.