Дебиторлық борыштардың есебі.
1210 "Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шотында сатып алушылар мен тапсырысшыларға тиеп жіберілген өнім, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін табыс етілген және банк төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.
1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" бөлімшесінің шоттары "Табыстар" бөлімі тиісті шоттарының кредитімен корреспонденцияда сатып алушыға есеп айырысу құжаты табыс етілген сомаға дебеттеледі. Бұл ретте қосылған құнға салынған салық сомасы 1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шотының дебеті және 3110 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шоты 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары", 1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесі тиісті шоттарымен - алынған төлемдер сомасына, немесе 3510 "Алынған аванстар", 3310 "Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу", 3390 "Басқа кредиторлық қарыз және есептелген сомалар" шотымен - есептемеге жататын сомаға кредиттеледі.
1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" бөлімшесіне 1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шоты кіреді. Бұл шот күмәнді борыштар бойынша резервтердің жағдайы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға арналған.
Жасалған резервтер сомасына 1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шотының кредиті және 7210 "Жалпы және әкімшілік шығыстар" бөлімшесі 7210" Жалпы және әкімшілік шығыстар" шотының дебеті бойынша жазбалар жүргізіледі. Талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарызды баланстан есептен шығарған кезде 1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шотының дебеті бойынша 1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" бөлімшесі тиісті шоттарының кредитімен корреспонденцияда жазба жүргізіледі.
Егер күмәнді борыш бойынша резерв жасалған жылдан кейінгі жылдың аяғына дейін бұл резерв пайдаланылмаған болса, онда жұмсалмаған сома қызыл түспен ерекшелеу әдісімен 7210 " Жалпы және әкімшілік шығыстар" бөлімшесі 7210 Жалпы және әкімшілік шығыстар"шотының дебеті және 1290 "Күмәнді борыштар бойынша резервтер" шотының кредиті бойынша жазбамен қалпына келтіріледі.
1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» бөлімшесіне мына шоттар кіреді: 1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебторлық берешегі», 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебиторлық қарызының барлық түрлері туралы ақпаратты жинақтап қорытуға арналған.
1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» бөлімшесінің шоттары 6 "Табыстар" бөлімі тиісті шоттарының сатып алушыларға есеп айырысу құжаты табыс етілген сомасына, және 3100 "Салықтар бойынша міндеттемелер" бөлімшесінің 3130 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының қосылған құнға салынған салық сомасына кредитімен корреспонденцияда дебеттеледі.
1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1070 "Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаты", 1020 "Валюталық шоттағы қолма-қол ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 1010 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшелері тиісті шоттарымен корреспонденцияда - алынған төлемдер сомасына, немесе 3510"Алынған аванстар", 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 3390 "Басқа кредиторлық қарыз және есептелген сомалар" шоттарының - есептемеге жататын сомасына кредиттеледі.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 2201;