Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Тиісті заңдарға сәйкес барлық субьектілер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражатарын сақтауға міндетті. Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады: - шотты ашуға берілетін өтініші.

Чек - шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.

Нақты ақша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу ұшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы.

Төлем тапсырмасы (тт) - онда көрсетілген сомаларды алушының шотына аударуға берілген бұйрық; ол төлеуші тарапынан ықылас білдірген кезде ғана қолданылады.

Есеп айырысу чегі - чек беруші шоттарынан алушы шотына онда көрсетілген соманы аударуға банкке берілген кепілхат (жазбаша тапсырма). Чектермен есеп айырысу, тауарлар мен қызметтер үшін жүзеге асырылады.

Төлем талап-тапсырмасы (ттт) - тауарлар; жұмыстар, қызметтер алушыларының немесе төлеушінің шотынан төлем сомасын өндіріп алатын банкке бұйрық.

Есеп айырысу щоты бойынша операциялардың есебі 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі данада бет есеп ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екінші дана - бет есеп болып қалады.

Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банк қате көшірген сомалар мән-жайды анықтағанға дейін 1040 - "Есеп айырысу шотындаы нақты ақша" шоты кредитінен - "Басқа да дебиторлық қарыздар шотының дебетіне есептен шығарылады", ал есепке алынған сомалар 1040- шоттың дебеті және 3390 - "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады. Жаңылыс жазулар туралы субъект банкке 10 күннен кешіктірмей, ал егер басқа елді мекенде орналасқан болса, көшірмелер тапсырғаннан кейін 20 күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті. Көрсетілген уақытта шоттардағы қаражаттар қалдығы расталған болып есептеледі. Егер шот иесі өзінің шотына қате есепке алынғаны туралы хабарламайтын болса, ол банкке Есеп айырысу операцияларын жүргізу ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар туралы Ережеге сәйкес айыппұл төлейді. Банктың басшысы мен бас бухгалтері қате жазылудың әрбір жағдайы себептерін анықтауға және бұдан былайғы жерде осындай қателердің алдын алуды қамтамасыз ететін шаралар қолданылуға тиіс.

Есеп айырысу шоты оның иесінің өтінішібойынша: есеп айырысу шоттарын ашу үшін тиісті нормативтік актілерде көзделген белгілерінің бірінен айрылуға әкеп соғатын субъекті қызметінің өзгеруі кезінде /дербес шотының болуы және басқалары/; белгілі бір субъектіні құрған органның шешімі бойынша; шотта үш ай бойы жазулардың болмауыкезінде жабылады. Иеленуші шоты жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы немесе шот нөмірі өзгерген кезде лд банкке пайдалынылмай қалған чектермен бірге олардын өтінішке қоса тіркелген нөмірлерің көрсете отырып қайтаруға, есеп айырысу шотындағы қаражатар қалдығын растауға міндетті.

Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" - шотының дебеті, төмендегі шоттардың кредиті:

1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" - шоты. Кассадан келіп түскен түсім және депонеттелген еңбек ақы сомасы;

1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты - сатылған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысы;

3310 "Тауарлы-материалдық босалқылармен жабдықтау үшін алынған аванстар" шоттары - сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар.

1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шотының кредиті, мына шоттардың дебеті:

3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шоты алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысы;

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар машинограммаларда немесе басқа да жинақтау регистрлерінде көрсетіледі, оларға банк көшірмелерінен және көшірмелерге қосымша тіркелген бастапқы құжаттарға сүйене отырып жазу жазылады.








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 4719;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.