Тақырып: Дебиторлық қарыздар есебі

Дәріс сұрақтары

1.Дебиторлық борыштардың бағалануы

2. Дебиторлық қарыздар есебі

Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Соңғы жылдары көптеген еншілес кәсіпорындар пайда болды. Кәсіпорындардың мұндай нысандарының пайда болуы Бас кәсіпорындарға капиталды өте икемді пайдалануға, шаруашылық есеп бастамаларын күшейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға, өз мұқтаждықтарын шалафабрикаттармен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз етуге, кәсіпорын ұжымдарын ауыл шаруашылық өнімдерімен және т.б жабдықтауға мүмкіндік береді.

Кеңес үкіметі кезінде Батыста қолданылған ұйымның акционерлік нысан меншігіне (бас-еншілес кәсіпорындар) негізделген қарым-қатынастар мен бақылаудың көп сатылы жүйесі, экономикада қаржы олигархиясының үстемдік етуінің маңызды әдістерінің бірі ретінде қарастырылды.

Еншілес кәсіпорын бас кәсіпорынға қатысты, ал немерелес-еншілес кәсіпорынға қатысты заңды дербестігін сақтайды және еншілес және немерелес кәсіпорындардың банкротқа ұшырағаны, зиян тартқаны үшін бас кәсіпорынның жауап бермейтіні секілді, бас кәсіпорын зиян тартып, банкротқа ұшыраған жағдайда олар да ол үшін жауап бермейді. Өз табыстарының бөлігін олардың пайдасына қайта бөліске салатын еншілес кәсіпорындардың қызметін бас кәсіпорын, ал немерелес кәсіпорынның қызметін еншілес кәсіпорын бақылауға алады

Айдың басындағы және соңындағы қалдықтар карточкада есепке алынған айдың ішіндегі айналым айдың соңында жинағы корреспонденциялаушы шоттар бойынша Баскітапқажазылатын тізімдемеге немесе машинограммаға ауыстырылады.

Тізімдемелерге немесе машинограммаға жазбалар жазу дебет мәлімдемелерімен оларға қоса тіркелген шаруашылық операцияларын растайтын бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Тараптардың (еншілес немесе бас кәсіпорын) мәлімдемені толық көлемде қабылдаулары қажет. Қабылданбаған соманымәлімдемені толық сомаға немесе бір бөлшегін қабылдаудан бас тарту негізделген қосымшамен бірге қарама-қарсы мәлімдеме (анизо) жазылады. Мұндай тәртіп, есеп айырысудың дұрыстығын қамтамасыз етеді және есеп айырысудың осы түрін салыстырып тексерудің процесін жеңілдетеді. Әдетте көшірмелері мәлімдемеге қоса тіркелетін бастапқы құжаттар мәлімдеме (авизо) жазуға негіз болып қызмет етеді.

Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар бухгалтерлің есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2 “Ұзақ мерзімді активтер” бөлімінің келесідей шоттарында жүргізіледі:

2100 “ Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар ”;

2110 “ Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ

мерзімді дебиторлық қарыздары”;

2120 “Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары ”;

2130 “Ассоцияцияланған және бірлескен ұйымдардың ұзақ

мерзімді дебиторлық қарыздары”;

2140 “Филиалдар мен құрылымдық бөлімдердің ұзақ

мерзімді дебиторлық қарыздары”;

2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары ”;

2160 «Жалға беру бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар»;

2170 «Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар»;

2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар»;

2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шотында ұйымның көрсетілген қызметін тұтынушылардың қарыздары есепке алынады.

Өтелу мерзімі өтіп кеткен барлық дебиторлық қарыздар және де сот шешімдері бойынша үмітсіз деп танылған сомасы 7200 «Әкімшілік шығындар» шоттың дебеті бойынша және 2120 “ Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шоттың кредиті бойынша есептен шығарылады. Вексель бойынша өтеу мерзімі өтіп кеткен болып мына деңгейдегілер жатады:

- төлем күнінен бастап санағанда акцептантқа қарсы аудармалы вексельден шығатын талап ету мерзімі үш жылдан асса;

- қарсылық білдіру күнінен бастап санағанда индоссанттарға қарсы вексель ұстаушылардың талап ету мерзімі бір жылдан асса;

- индоссант вексельге төлеген күнінен бастап санағанда индоссанттар бір- біріне қарсы болған жағдайда олардың талап ету мерзімі алты айдан асса.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін, мына 2120 “Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары ” шоты пайдаланылады.

Талдамалық есеп әрбір еншілес (тәуелді) серіктестіктері бойынша жүргізіледі.

Басқадай ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздарды есепке алу 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.

2130 “Ассоцияцияланған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шотында ассоцияцияланған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары қарастырылады.

2140 “Филиалдар мен құрылымдық бөлімдердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шотында ұйымның филиалдар мен құрылымдық бөлімдердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары қарастырылады.

2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша шығыстар есепке алынады.

Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады.

Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды ұйымның басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға коса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

Есеп беруге тиісті адамдар өздеріне берілген аванстарды толық қайтармаса, омда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.

Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойы түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікге көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда: іс-сапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса бронға кеткен шығыстары да қоса алынады.

Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынаи тыс жерлерге іс-сапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.

Іс-сапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.

Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.

Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп береді.

Аванстық құжатта көрсетілген барлық шығыстардың сомасы 7210 “Әкімшілік шығындар” шотының дебеті және 2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары » шотының кредиті бойынша көрініс табады. Өкілділік шығыстары бойынша шаруашылық операцияларын қарастырған кезде оның нормадан тыс шығыстары жылдық жиынтық табыстан шегерілмейді, яғни оларға табыс ретінде салық салынады.

Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі. 2150 «Жұмысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары » шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы-материалдық құндылықтары т.б.) орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады.

Кем шығудың нәтижесінде кәсіпорын шеккен зияны немесе құндылыктардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.

2160 «Жалға беру бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шотында жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне төлемдер қарастырылады.

2170 «Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар» шотында ұзақ мерзім ішінде алынуға тиісті сыйақылар есепке алынады.

2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шотында бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, материалдардың кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.

Шағым-талап бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп — кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздарды өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын ала тікелей қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек.Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іссапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.

Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.

Қызмет бабымен іссапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады. Толтырылған аванс есебі төменде келтірілген. Кассадан аванс бұрынғы берілген аванс бойынша толық есеп айырысқаннан кейін беріледі. Белгіленген мерзімде есеп берілетін соманың шығындалмаған қалдығын өткізбеген және есеп бермеген түлғалар тәртіп жөніндегі жазаға, ал қажет болған жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Субьект қызметкердің дер кезінде төлемеген аванс қалдығын, егер ол ұстап қалудың негізін және көлемін жоққа шығармаған болса, қызметшінің еңбек ақысына төленетін сомадан ұстап қалуға құқылы.

Ұстап қалу осы қызметкердін еңбек ақысының қандай бөлігінің басқа барлық өндіріп алулардан бос екендігіне тәуелсіз бір мезгілде немесе бөліп-жарып жүзеге асырылуы мүмкін. Ұстап қалу жөніндегі жарлық авансты қайтару үшін белгіленген мерзім біткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей берілуі керек. Әкімшілік бұл мерзімді өткізіп алған жағдайда тиісті соманы даусыз түрде ұстап қалу құқығынан айрылады. Бұл жағдайда, сондай-ақ егер қызметкер ұстап қалудың негізін немесе көлемін жоққа шығарса өндіріп алу сот тәртібінде жүзеге асырылады.

Аванс есебі бойынша артық жұмсалган шығындар қызметшіге кассадан беріледі. Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

Аванс есебіне тіркелген құжаттар мөр таңба арқылы немесе күні (жылы, айы, күні) көрсетіліп, «Төленді» немесе «Өтелді» деген қолдан жазған жазбалар арқылы өшіріледі. Іссапарда болған уақыт үшін, демалыс және мейрам күндерін, сондай-ақ жолда болған күндерін, соның ішінде жолда мәжбүрліктен аялдаған уақытты қоса алғанда іссапарда болған әрбір күн үшін белгіленген көлемде (заңды гүрде белгіленген ең Төменгі есеп айырысу көрсеткішінен 50%) тәуліктік шығын төленеді.

Күдікті қарыздар бойынша резервтер қайтарылуы сенімсіз берешек дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты болуы мүмкін шығындарды жабу үшін жасалады. Қорларды есепке алу 1290 “ Күдікті қарыздар бойынша резервтер” шотында жүргізіледі.

Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген деби-торлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз қарыздар есептеледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеудің деректерінің негізінде жасалады.Кәсіпорын күдікті қарыздар бойынша резервтерді басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалармен есеп айырысу арқылы жасайды.

Қордың көлемі әр күдікті қарыз сомасы бойынша борышкердің қаражаттық жағдайын (төлем жасау қабілеттілігін) есепке ала отырып және олардың қарызды тұтастай немесе бөлшектеп өтеу мүмкіншіліктерін бағалау арқылы анықталады.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Дебиторлық қарыздар деген қандай қарыздар?

2.Дебиторлық қарыздар қандай шоттарда жүргізіледі?

3.Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысу қалай жүргізіледі?

4.Күдікті қарыздар деген қандай қарыздар?

 








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 3677;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.015 сек.