Тақырып: Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі

Дәріс сұрақтары

1.Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу және бағалау

2.Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі

І. Тауарлы материалдық босалқылар келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдаланылуға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартлай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі арасында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтар есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауап сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу 1310 «Шикізат пен материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1311 «Шикізат және материалдар», 1312 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», 1313 «Отын», 1314 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1315«Қосалқы бөлшектер», 1316 «Басқа материалдар», 1317 «Қайта өңдеуге берілген материалдар», 1318 «Құрылыс материалдары». Шаруашылық жүргізуші субъектілер әрбір шот бойынша материалдарды есепке алатын қажетті аралық шоттар мен талдамалы шоттар аша алады.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар баланста олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте көрсетіледі; талдамалы есепте – тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алыңған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі, соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі («ЛИФО»).

1310 «Шикізат пен материалдар» бөлімшесінің шоттарында құндылықтардың төмендігідей түрлері есепке алынады:

«Шикізат және материалдар»- өндірілетін өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың компоненттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді жасауға қатысатын және шаруашылық мүдделеріне, техникалық мақсаттарға арналған және өндіріс барысына атсалысатын көмекші материалдар да есепке алынады.

«Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»- өндірістік кооперация тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндіруге немесе жинауға шығындарды талап ететін сатып алынған жартылай шикізаттар мен дайын құрастырушы бұйымдар.

«Отын»- мұнай өнімдерінің, қатты және басқа отын түрлерінің бәрін есепке алады. Мұнай өнімдеріне көлік құралдарын пайдалану үшін, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне, қуат және жылу алу үшін пайдаланылатын жанар-жағар майдың барлық түрлеріне, яғни көмір, шымтезек, ағаш, сексеуіл жатады. Отынның басқа түрлерін газ отыны, жанатын тақта тас құрайды.

«Ыдыс және ыдыстық материалдарға»- жабдық-ыдыс және шаруашылық мүліктері (цистерналар, бөшкелер, флягалар) сияқты пайдаланылатынан басқа ыдыстардың бәрі, соның ішінде ыдысты пайдалану мен жөндеуге арналған(жәшіктерді құрастыратын бөлшектер, бөшкелік жапсырма, дөңгелек темір) материалдар мен бөлшектер де кіреді.

«Қосалқы бөлшектер»- машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдары мен техниканың басқа түрлерінің(детальдар, агрегаттар, аккумуляторлар, автомобиль шиналары) тозған бөліктерін ауыстыру, жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектерді.

«Басқа материалдар»- өндірістің жарамсыз қалдықтары, жөнделмейтін ақау, негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар, тозған шиналар, ескі резиналарды.

«Қайта өңдеуге берілген материалдар» - басқа жаққа қайта өңдеуге берілген және қайта өңдеуден кейін алынған бұйымдардың өздік құнына енгізілетін материалдарды;

«Құрылыс материалдары» (құрылыс салушы кәсіпорындар пайдаланылады) – құрылыс бөлшектерін дайындау үшін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде пайдаланатын құрылыс материалдары. Бұл шоттар құрылыс қажетіне керек басқа да құндылықтар есепке алынады. Мысалы: қопарғыш заттар, қағаз.

1310 «Шикізат пен материалдар» бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді. Материалдық қорларды заттай және ақшалай өлшемдермен есептейді. Материалдық босалқылардың қозғалысына байланысты барлық операциялар бойынша құжаттар дайындалып, шығарылады. Материалдық босалқылардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.

Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.

Сенімхат. Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. Материалдық құндылықтардың алынғандығын, берілген сенімхаттаоды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркейтін субъектілер қолданады.

Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы. Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.

Кіріс ордері жабдықтаушылардын немесе өңделгеннен кейін субъектілерге келіп түсетін босалқыларды есепке алуға қолданылады. Босалқылар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.

Материалдардың қабылданғаны туралы акт. Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықта қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі-жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе бухгалтерияға жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалу, сақталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі акт. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорлардың дайындалу, сақталу немесе өндіру проценсінде жоғалғаны анықталған кезде қолданылады.Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансына шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз болады.

Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісірел қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екінші- бөлімде қалады.

Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы акт. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өнделгеннен кейін оларға табиғишығын нормалары қойылған болса, осы акт жасалады. Қоларды қабыдауды жүргізген кезде жасалынған актіге, кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасын бухгалтерияға өткізеді, себебі акт қорлардың жоғалуына материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың есебінен шығарып тастауға негіз болып табылады, 2-ші дана қоймада қалады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы туралы акт. Кәсіпорында бүлінуідің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандауға және шығарылуға тиіс қорлардың (таурлардың) есебін алу үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады да, қол қойылады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлдардың жоғалуына материалдық жауапты кісілерден шығарып тастауға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

Лимиттік-жинақтама картасы. Өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы бықылау үшін және қоймадағы материалдық қорларды, шығарып тастауға негіз болатын құжат. Лимиттік-жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номанклатуралық нөмірлердің) бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа- қорды пайдаланушыға, 2-шісі- қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорларды қойма, цех өкілі лимиттік- жинақтама картаның өзіне тиесілі данасын көрсетенде ғана босатады. Қоймашы екі данаға да босатылған қоралрдың күні мен мөлшерін жазған соң, лимиттің қалғаның анықтайды.

2. Қоймалардағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды жауапты адамдар немесе олардың келісімімен есепшілер материалдарды есепке алу карточкаларында жүргізіледі. Босалқылардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардыңбелгіленгеннормасынанжоғары немесе кем болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауға тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқұшылығы туралы Дабыл анықтамасы қолданылады.Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдық қорының ауытқұшылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасы деректерінің негізінде жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерия беліленген мерзімдерде қойманың тікелей өзінде жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуын тексереді. Салыстыру туралы бухгалтер карточкасының арнайы бағанына қол қояды.

Материалдық құндылықтардың қозғалысын ресімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймада «Құжаттарды өткізу тізімін» бір данада толтыру арқылы қабылдайды. Жасалынған құжаттар тізімі бухгалтерияға беріледі.

Жетісреушіліктер мен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеу тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметтері бас бухгалтерге хабарлауға тиіс.

Айдың аяғына қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарын есепке алу кітабын береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарды көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарылады. Қоймалардан түскен құжаттар жіг-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Құжаттарды бірінші даналары кейінгі есептік өндеуге пайдаланылады, ал екінші даналары-материалдар сақталатын оырндарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.

Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша (материалдар, метиздер, ағаш материалдары және т.с.с.) материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады, ол тауарлық-материалдық құндылықтарының кірісі мен шығысы бойынша « Материалдар» 20-шы және «Тауарлар» 22-ші бөлімдерінің жинақтаушы шоттары материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеде материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы тізімдемеден келесі айдың басындағы қалдық, ағымдағы құжаттар өткізу тізімдерінен топ бойынша материалдардың кірісі мен шығысы сомалық сипаттама көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтау шоты мен материалдар тобы бойынша қалдықты табады. Жинақтаушы тізімдеме материалдарды есепке алу нәтижесінде және материал қалдықтарының кітабында жүргізілетін бухгалтерлік және қоймалық есептің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады.

Материал қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады дәне онда материалдардың қалдықтары туралы мәліметтер алу үшін пайдаланылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, онда қойма меңгерушісі (қоймашы) есепті жылдың аяғындағы материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материал қалдықтарының кітабы есепті айдан кейінгі айдың 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен тауарлы- материалдық құндылықтарды епспке алу жөніндегі шоттар бойынша («Материал» және «Тауарлар» ішкі бөлімдердің шоттары) жиынтығын есептеуге беріледі.

Айдың аяғында материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша сомалық түрдегі деректер материал қалдықтарының кітабындағы топтар бойынша жиынымен салыстырылады. Бұл деректер сәйкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы (карточкалардағы, сонан соң материал қалдықтарының кітабындағы) және бухгалтериядағы жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады, бұған қоса, тексеру кезінде бірыңғай берік есеп бағалары қолданылады. Нәтижесінде есепті айдан кейінгі айдың алғашқы күндерінде бухгалтерияда қойма деректерімен салыстырылған, материалдық құндылықтардың барлық шоттары мен топтары бойынша материалдық құндылықтар болады.

Құндылықтардың сақталуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру үшін бухгалтерия материалдардың жекелеген түрлерінің қалдықтарына заттық қалпында іріктеме-бақылау жүргізуге тиіс. Материалдардың өндірісте пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру да бухгалтерияның маңызды міндеті болып табылады.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тауарлық –материалдық қорларға анықтама беріңіз?

2.Тауарлы – материалдық қорлар қалай бағаланады?

3.Тауарлы – материалдық қорлар есебінде қандай құжаттар қолданылады?

4.Тауарлы – материалдық қорлардың қоймадағы есебі қалай жүргізіледі?

5.Тауарлы – материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі қалай жүргізіледі?

 








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 8340;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.016 сек.