Тақырып: Серіктестіктегі капиталдың есебі
Дәріс сұрақтары
1.Жарғылық капиталдың есебі
2.Резервтік капиталдың есебі
1.Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құкьіктарының есебінен күрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар ез қызметін бастау үшін бастапкы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын аиыктайды.
Қүрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық кұрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың акшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кұрьштайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құкы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рүқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Жарғылық капитал — "жарғы" деген сөзден алынған — үғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын қызметінің тәртібі, немесе актив қүндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) қүнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылык. капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғам жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық(атаулы) құнына тең болады.
Барлык кредиторларға кем дегенде 30 күн бүрын хабарланған сон, жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі қүқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- коғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге катыса алатындығын.
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға қүқы бар. Иесі жазулы (атаулы)
акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың колда бары және козғалысы 5010-ші "Жарияланған капитал" шотының кредиті бойынша акционерлік коғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5020-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық қүны төленсе, онда ол: 1010,1020,1040,1050 дебеті бойынша және 5020 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдык, құны негізгі қүралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2410,2710,1310 және 5020 шоты кредиттеледі.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда онын үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді,тек катысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке түлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылык корына қоскан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинакталады.
5020 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың типтік жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол активтік шот болып табылады.
Сондай-ақ 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналмаған жалған капиталдарды тіркейді.
Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық қүны бойынша да, номиналдык құннан жоғары немесе төмен қүны бойынша да сатып алынуы мүмкін.
Негізгі қүралдарды қайта бағалау операциялары . Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі кұралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды коса алғанда кдйта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құкылы.
Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын кешірілуі кажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін есептеулер жасалынады:
2.Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5300-ші "Резервтер" бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші "Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал", 5320 «Қайта бағалауға резерв», 5330 «Шетелдік қызметте валютаны қайта есептеуге резерв» және 5340ші "Басқа да резервтік капитал".
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылык жүргізуші серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарында(жарғысында) белгіленеді,сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мелшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды калыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310ші шоттың дебетінен 3030,5410,5430 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5340-ші "Баска да резервтер" шотында жүргізіледі. Бұл шотга заңтәртібімен көзделген еңтеменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің типтік жоспарындағы 5410 шотында жүргізіледі.
5410-шот "Есепті жылдың табысы (зияны)". 5420-шот "Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (зиянды) корректировка жасау", 5430 – шот «Алдыңғы жылдардың пайдасы (зияны)».
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Кәсіпорынның жеке меншік капиталына қандай капитал түрлері кіреді?
2.Жарғылық капиталға анықтама беріңіз?
3.Резервтік капитал қалай құралады?
4.Бөлінбеген табыстар қандай шоттарда есепке алынады?
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 1933;