Тақырып 9. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1.Тауарлық-материалдық қорлар түсінігі, жіктелуі және бағалау әдістері.
2.Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.
3.Тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы есебі.
4. Тауарлық-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі.
Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер.
№6.Кәсіпорын 2005 жылы келесідей негізде материалдар сатып алды:
Күні Сатылып алынған материалдар құны | 1 данасының бағасы | Жалпы құны | |
1-қаңтар | 7-00 | ||
7-наурыз | 7-50 | ||
23-маусым | 7-25 | ||
15-қыркүйек | 7-40 | ||
Барлығы |
Егер жыл соңында материалдар қалдығы 1000 дананы құрағанда, ФИФО, орташа құн әдістерін пайдаланып бухгалтерлік баланстағы бейнеленуін анықтаңыздар.
Әдебиеттер
1. ҚЕХС №2 «Қорлар»
2.Тасмагамбетов Т.А. жєне басқалар Қаржы есебі Алматы 1998.123-162 бет
3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы. 2000,с.181-225.
4. Баймуханова С.Б.,Балапанова Є.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы. 2000. 137-153 бет
5. Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г., с. 191-231, 246-249
Тақырып 10. Ұзақ мерзімді активтердің есебі.
Тәжірибелік сабақ жоспары :
1. Материалдық емес активтердің есебі.
2. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі, бағалануы және қозғалысының есебі.
3. Негізгі құралдардың тозуының есебі.
Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер
№7.Жабдықтардың алғашқы құны 256300 теңге, жож қүны 26000 теңге, қызмет мерзімі 30 жыл. Құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі бойынша амортизацияны есептеу керек. Ай сайынғы амортизациялық бөлулер сомасын анықтау керек.
№8.Кәсіпорын 1998 жылы 1-шілдеде 32000 теңгеге машина сатып алды. Машинаны жою құны 2000 теңге, пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл. Кәсіпорынның есепті кезеңі календарлық жыл. Түзу сызықты, сандар сомасы бойынша (куммулятивтік),қалдықты азайту (200%) әдістері бойынша 1998 жэне 1999 жылдарғатозу шығындарын, 1999 жыл 31-желтоқсанға баланстық құнды есептеңіздер.
№9.Жабдық техникалық паспортына сәйкес 10500 бөлшек шығаруға қабілетті. Жабдық 186200 теңгеге сатып алынды. Жабдықты жеткізу және монтаждау шығындары 54305 теңгені қүрайды. Жабдықты жою құны 7000 теңге. Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеңіздер.
№10.Кәсіпорынды құруда келесідей шығындар болды: кеңес берушілік қызметі үшін-250000 теңге кәсіпорынды тіркеу бойынша шығындар-86900 теңге кәсіпорынды құрудағы басқа да шығындар-6500 теңге.
Материалдық емес актив түрін анықтаңыздвр, оның құнын жэне амортизациясын есептеңіздер. Шоттар байланысын беріңіздер.
Дебиеттер
1. Бухгалтерлік есеп стандарттары №6
2.Тасмагамбетов Т.А. жєне басқалар Қаржы есебі Алматы 1998. 28-84 бет
3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы. 2000,с.45-112, с.123-146.
4. Баймуханова С.Б.,Балапанова Є.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы. 2000. 79-129 бет
5. Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г., с. 62-93, с.94-117
Тақырып 11. Мерзімді міндеттемелердің есебі
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1. Ағымдағы міндеттемелердің есебі.
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.
Әдістемелік нусқаулар-алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер
№11.Кесімді жүмысшыға еңбек ақы есептеу керек. Өнім бірлігіне кесімді расценка 80 теңге, өндіру нормасы 470 бірлік, іс жүзінде нарядқа сәйкес 520 өнім бірлігі өндірілді. Нормадан тыс өндіруге кесімді расценка 5%-ке жоғарлайды. Шоттар корресподенциясын көрсетіңіздер.
№12.Жұмысшы кәсіпорында 6 жыл жұмыс істейді, 8-разряды бар. Бүдан басқа өндірістің зияндылығына байланысты қосымша 6% төленеді. Жүмысшы желтоқсан айында 22-сінен 29-ына дейін ауырды, жұмысқа уақытша жарамдығы туралы қағазы бар.
Жұмысшының желтоқсан айындағы еңбек ақысын жэне уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қағаз бойынша жэрдем ақысын есептеңіздер.
Дебиеттер
1. Бухгалтерлік есеп стандарттары
2.Тасмагамбетов Т.А. жєне басқалар Қаржы есебі Алматы 1998.237-305 бет
3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы. 2000,с.317-456.
4. Баймуханова С.Б.,Балапанова Є.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы. 2000. 191-211 бет
5. Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г., с. 320-367
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 2418;